Сөйлеу актілеріне қатысушылар өзара рөл алмасып
отырады. Ол рөлдердің басым бөлігі сөйлеуші мен адресат
еншісінде болады. Коммуникативтік тұрғыдан алғанда
жағдаят астарында тұлғааралық және әлеуметтік қарым-
қатынастарда коммуниканттардың мінез-құлқын көрсететін
күрделі жүйе жатады. Мұнда алуан түрлі рөлді атқарушы ең
маңызды фактор ретінде зерттеушілер адресатты бөліп
көрсетеді.
К.Долинин адресант пен адресатты коммуникативтік
жағдаяттың аса маңызды параметрлері ретінде бөліп
көрсетеді, яғни кез келген формада жеткізілетін қандай да бір
сөз адресаттың болуын қажет етеді. Адресант пен адресатты
кеңістік пен уақыт бөліп тұруы мүмкін. Адресат белгісіз,
жинақталған, топ түрінде болуы мүмкін [24, 4].
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
48
«Сөйлеу тілі стилінде сөйлеу субъектісі – адресант және
қабылдаушы, адресат. Адресант пен адресат прагматикалық
факторға жатады, ерекше стиль түзу тәсілі болғандықтан,
прагматиканың орталық категориясына кіреді. Сөйлеу тілі
стилінде прагматикалық бағдар ерекше рөл атқарады. Сөйлеу
тілі стилінде адресант стилистикалық мүмкіндіктерді
адресатқа ықпал етіп жеткізу үшін жаңа білім қорын игеруге
қажет, ол стильдік фон деп аталады» дейді зерттеуші
Д.Әлкебаева [15, 109].
Сөйлеу тілі стилінің фонетикалық-
интонациялық ерекшеліктері адресат пен адресанттың
арасында
үлкен
коммуникативтік-эстетикалық
қызмет
атқаратын эмоционалды-экспрессивті тәсіл болып саналады.
О.Б.Сиротинина «Разговорная речь» атты еңбегінде:
«Сөйлеу тілі стилі – ресми қарым-қатынасты тікелей
қажетсінбейтін тұрмыстық диалогтың ауызша түрінде
біршама анық көрінетін түрі. Сөйлеудің бұл түрі сөйлеушілер
алдын ала дайындықсыз, уақытсыз сөйлейтіндіктен, ойды
жарыққа шығару құралдарын жіті меңгеруді қажетсінеді.
Жинақылық, нақытылық сөйлеу тілі стилінде міндетті емес,
кейде тіпті артық та, интонация, қарым-қатынастың тікелей
жүруі, бет-әлпеттің қимыл-қозғалысы барлығын айтуды артық
етеді», – дейді [25, 9].
Сөйлеу тілі стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-
қатынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің
айрықша формасын құрайды. Сөйлеу тілі стилінде тілдік
белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды.
Олардың бастылары мыналар:
-
бейресмилік;
-
сөйлеудің еркінділігі;
-
сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
-
тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
-
сөйлеудің автоматтығы;
-
сөйлеудің
мазмұны:
диалогтық
форма
мен
қарапайымдылық.
Сөйлеу тілі стиліне ереше ықпал ететін реалды ситуация,
сөйлеудің заттық-психологиялық жағдайы. Жағдаят сөйлеудің
шегін қысқартып отырады. Сөйлемнің кейбір компоненттері
қатыса алмайды, бірақ сөйлеушілердің коммуникативтік
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
49
жағдайындағы сөйлеу фразасын дұрыс қабылдауға еш кедергі
жасамайды. Сөйлеу тілі стиліне тән стильдік белгілер оның
композициялық жанрының түрлерімен қатар стилистикалық
мүмкіндіктер мына мәселелерге тікелей қатысты болып
келеді: сөйлеудің еркіндігі, бейресмилік, сенімділік, дауыс
тоны, оның астарындағы ашық және жасырын прагматикалық
бағдар
кітаби
стильге
қарағанда,
стилистикалық
мүмкіндіктердің ерекше тобын құрайды. Сөйлеу тілі стилінде
ерекше реңк атқаратын сөйлеудің дыбыстық жағы. Сөйлеу тілі
стилінде фоникалық рөлі ерекше болады: дағды әрекеті,
орфоэпиялық норманы бұзу, керісінше, орфоэпиялық
норманы сақтау, орфоэпиялық норманы безендіру немесе
әсем дыбыстау т.б.
Сөйлеу тілі стилі функционалдық стильдердің ішінде
өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі
әмбебап стиль түрі болып саналады. Сөйлеу тілі стилінде
сөздік
қордың
барлық
саласы
түгел
қатысады,
фразеологизмдер де, метафоралар да ұшырасады. Сөйлеу тілі
стилінде сөздердің қолданылу ерекшелігі жағымды, жағымсыз
эмоцияға тікелей байланысты. Сөйлеуші әр уақытта өзі
баяндаған құбылыс пен затқа өзінің әртүрлі көзқарасын, ниет-
пиғылын, ойын, көңіл-күй сезімдерін айтатындықтан, қарама-
қарсы көңіл күй сөздері қолданылып, олардың қолданылу
үлес салмағы молынан ұшырасып отырады. Сөйлеу тілі
стилінің өзіне тән сөйлеу мәдениеті болады. Сөйлеу мәдениеті
деп жалпы сөйлеушінің адами мәдениеттілік және тіл
мәдениетін жетік меңгеруде қол жеткен табыстарын айтуға
болады. Адамның жалпы кісілік мәдениеті, ой-өрісі,
эрудициясы, ақыл-парасаты, киімі, жан-дүниесімен сөзді,
сөйлемді мәдениетті түрде, яғни мәдениетті тілмен жеткізу
болып табылады. Тіл мәдениетінің өзі ойлау мен сөйлеудегі
сауаттылық болып табылады.
Амандасудың
сәлемтсіз бе
деп айтылу мәнерінде дауыс
тонына қарай әртүрлі мағыналық мән аңғарылады.
Сәлеметсіз
бе?
Дауыс тонының айтылу мәнеріне қарай әр түрлі көңілді,
сезім-күйді аңғартады, бірде асқақ көңілдің шабытымен
айтылады, бірде менменсіген көкіректі, сынау мәнде, бірде
қуанышты үнмен, жарқын, шұрайлы көңілмен айтылуы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
50
аңғарылса, бірде салқын көңілдің ажары, бірде ілтипатты
көңілдің шынайы ниетін танытатын стильдік мәнерде де
айтылады.
Сөйлеу тілі стиліндегі сөйлемдерде дауыс тоны, дауыс
күші, дауыс жылдамдығының әртүрлі қызметінің арасында
стильдік ерекшелігі айқындалып тұрады. Сөйлеу тілі стилінің
басты құралы – дыбыс. Онда түрлі ырғақтық құрылым,
тонның өзгеріске түсуі, қарқынның жылдамдығы, баяу,
орташа сипатталуы, кідірістің орын алуы, логикалық және
фразалық екпіндер көрініс табады. Сөйлеу тілі стилінде әңгіме
диалог түрінде ғана емес, монолог түрінде де жүруі мүмкін.
Диалогта бұйрықты және сұрақ-жауапты репликалар, ал
монологта
хабарлы-ақпараттық,
экспрессивті-эмоциялық
реплика қолданылатынын айтуға болады. Диалогқа қысқалық,
монологқа ойдың ұзақтығы тән.
Сөйлеу
тілі
стилінде
эмоционалды-экспрессивті
білдірудің ең көркем амалының бірі – интонация.
Эмоционалды сипаттың ең озық үлгілері интонация арқылы
жеткізілетіні еш даусыз. Сөйлеу тілі стилінде дауыс ырғағы,
дауыс тонының айтылу мәнерінен бір ғана сөздің өзінің
астарында алуан түрлі стилистикалық мағына жатқандығын
көруге болады.
Стильдің өзгешелігіне себеп болатын нәрсе – оның
коммуникативтік сипаты. Пікір алысудың ретіне қарай
(диалог, монолог, ауызша, жазбаша түрде пікірлесу),
мазмұнына қарай (ғылыми еңбек, көркем шығарма, газет
очеркі т.т.) сөйлеуші тілдік амалдарды талғап жұмсайды.
Және коммуникативтік жағдай, мазмұн тұрақты фактор
болғандықтан, стиль де тұрақты, жүйе ретінде қалыптасады
дейді, – ғалым Р.Әміров [5, 19].
Ал белгілі ғалым Р.Сыздық: «Сөйлеу тілі – күнделікті
қарым-қатынас барысында ауызша қолданылатын тіл үлгісі,
бұл әдеби тілдің қарама-қарсысында танылатын құбылыс», –
дейді [20, 56].
Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге
құрылған сөйлеу тілі стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің
жіктелуінде айрықша орын алады. Тұрмыстық қарым-
қатынаста сөйлеу тілі стилі қолданылады. Оның өзіне тән
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
51
фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік
ерекшеліктері бар. Ол тұрмыстың, күнделікті қарым-
қатынастың тілі болса да, функционалдық стильдердің негізгі
жүйесін құрайды. Сөйлеу тілі стилінің өзіне тән ерекшелігі
алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін
қолданысқа түседі, сондықтан сөйлеу тілімен тығыз
байланыста жұмсалады.
Қарым-қатынастың бейресми аясы, яғни тұрмыста,
отбасында, таныстар мен достар арасында түрлі тақырыпта сөз
қозғалатын орта болып табылады. Мұндай жағдайда еркінділік
басым болады, дегенмен, адамзаттың өркениетке, мәдениетке
ұмтылу үдерісіне сай сөйлеу тілі де «мәдениеттене» беруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |