Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет20/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

ресми іс 
жүргізуді
мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты 
негізін жасау. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік 
тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Тіл білімінде ақпаратты дәл, анық, тура жеткізу қызметін 
атқаратын, өткен дәуірде солғын тартып, қажеттілігі айқын 
сезілмей, көмескіленіп келген тіл стилі – ресми-іскери стиль. 
Ресми-іскери стильдің негізгі мақсаты – іскери ақпаратты дәл 
беру. Ресми стиль функционалды стильдің бірі болып табылады. 
Ол ресми және бейресми сипатта қолданыс табады.
Тәжірибеде «ресми стиль», «іс қағаздар стилі» деген атау 
қолданылады, ол әлі тұрақтала қоймаған. Мысалы: М.Н.Кожина 
«ресми-іскери стиль» десе [12, 69].
 
В.В.Виноградов «ресми-
іскери 
стиль», 
«ресми-кеңсе 
стилі» 
дегендерді 
қатар 
пайдаланып, «ресми құжат стилі» деген атауды ұсынады [8, 45].
 
«Қазақ тілінің стилистикасында» «іс қағаздары мен ресми 
стиль» деген атау берілген. Ал әдеби тілдің тарихы бойынша 
еңбектерде «ресми-іс қағаздарының тілі», «ресми-іс қағаздары 
не документтер тілі», «ресми стиль», «ресми-іскери» тіл деген 
атауларды пайдаланады.
«Тіл білімі сөздігінде»: «Ресми іс-қағаздар стилі – 
құқықтық қатынастар –заң шығару және іс жүргізу жұмыстары 
саласында қолданылады. Құрамынан мынандай стильдік топтар 
бөлінеді: а) тікелей заң стилі (заң, жарлық, азаматтық және 
қылмыстық кесімдер, жарғылар); б) әкімшілік-кеңселік (кесім, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


53 
бұйрық, іс қағаздары, арыз, мінездеме, өмірбаян, сенімхат, 
қолхат) в) дипломатиялық (нота, меморандум, келісім, 
конвенция). Ресми іс қағаздар стилі тек жазбаша таратылады, ал 
ауызша түрге жиналыста айтылатын сөз, арнайы жиындардағы 
баяндама, қызмет диалогы жатады делінген. 
Ресми-іскери стиль – құқықтық, саяси, өндірістік, 
әкімшілік, қоғамдық қызметтерде және халықаралық қарым-
қатынастарда 
қолданылатын, 
қоғамда 
қалыптасқан 
экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен қазіргі кезде 
ішкі тармақтарының тарамдалуы, стильдік белгілерінің айқын 
көрініс табуы жағынан күрделі тармаққа айналып отырған 
функционалды стильдің бірі.
Ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми 
іс қағаздарының түрлері өте мол. Мысалы: А.Алдашева, 
З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Л.Сүлейменовалар өздерінің 
«Ресми іс қағаздары» атты еңбегінде: «Мекемені, ұйымды басқару, 
яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың (өтініш, 
бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар жөніндегі іс парағы 
және т.б.), басқару функциясы жөніндегі нормативтік, бұйрықшы-
жарлықшы құжаттардың (жарлық, қаулы, ереже, заң және т.б.), 
сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым-
қатынастарды 
реттейтін 
құжаттардың 
(қолхат, 
кепілхат, 
мәмілешарт, келісім және т.б.) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар 
мен фирмалардың, мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер 
мен 
ведомстволардың 
сыртқы 
қарым-қатынастарын 
ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың (өтінішхат, 
ілеспехат, ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хат, 
халықаралық хат) түрлері бар. Олар шартты түрде «Басқару 
органдарының басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар», 
«Азаматтық қарым-қатынастарды реттеу құжаттары» және 
«Басқару органдарының ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне 
қатысты құжаттар» деген топтарға бөлініп беріліп отыр», - деп 
көрсетеді [26, 89].
 
Р.Сыздықова ХVІІІ ғ. мен ХІХ ғ. І жартысында әкімшілік, 
билікбасындағы, лауазымды адамдардың өзара жарысқан «әр қилы 
сипаттағы қағаздары мен хаттары болғандығын көрсетіп, ХІХ ғ. ІІ 
жартысында ресми тілдің бұйрық-жарлық, циркуляр, жарғы, үндеу 
тәріздес үлгілерінің көбейгені туралы түйіндейді [20, 9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет