Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет23/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

Бақылау сұрақтары: 
1. Ресми стильді анықтайтын лингвистикалық және 
экстралингвистикалық белгілерге не жатады? 
2. Ресми стильдің шағын түрлерін атаңыз. 
3. Ресми стиль мәдениеті дегенді түсіндіріңіз. 
4. Ресми стильдің ауызша және жазбаша түрлерінің 
айырмашылығынеде? 
5. Ресми стильдің негізгі қызметтеріне не жатады? 
 
 
ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ 
 
1. Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері, 
түрлері (ғылыми, оқу және ғылыми-көпшілік), жанрлары 
(монография, оқулық, ғылыми мақала, лекция, баяндама т.б.)
2. Қазіргі қазақ әдеби тілінде өндірістік-техникалық 
стильдің қалыптасуындағы қиындықтар 
3. Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері 
Тіл ғылым жетістіктерімен сусындай отырып, жетіле түседі, 
сөйтіп халықтың ғылым-білімге деген мұқтаждықтарын өтеудің 
жаңа мүмкіндіктеріне ие болады. “Ғылым тілі” деген ұғымды 
зерттеушілер жалпы әдеби тілдің атқаратын әлеуметтік-
қоғамдық қызметінің үлкен бір саласы деп түсінеді. Бұл сала 
ғылыми-техникалық прогрестің шарықтап дамуына байланысты 
қанатын жайып, тамырын тереңдете түседі, өзі де дамиды
жалпы әдеби тілімізді де кемелдендіре түседі. Басқаша айтқанда, 
қоғам өміріне ғылыми-техникалық прогресс қаншалықты қажет 
болса, сол қоғам мүшелеріне қызмет етіп отырған ғылым тілі де 
соншалық қажет деп есептейді академик Ә.Қайдари. Яғни 
ғылым тілі әдеби тілдің жеке бір тармағы ретінде қалыптасады, 
оның қолданыс аясын кеңейте түседі. 
Ғылым тіліне профессор Ө.Айтбайұлы ғылыми негізде 
жасалатын, өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі 
ерекше әдеби тілдің бір түрі, әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін 
бір тармағы деген анықтама беріп, оны адам, қоғам, табиғат 
жөнінде ақпарат беретін, шындықты баяндайтын ғылыми мәтін 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


61 
(текст) деп түсіндіреді [27, 88].
 
Демек, ғылым тілі – болмысты 
танудың, оны зерттеудің нәтижесі туралы, табиғат пен қоғамның 
даму заңдары туралы мағлұмат берудің құралы. Ғылым тілінің 
қалыптасуы ғылымның дамуымен және әдеби тілдің 
жасалуымен тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет