Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы


Ғылым тілі  көптеген  зерттеулерде ғылыми



Pdf көрінісі
бет24/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

Ғылым тілі 
көптеген 
зерттеулерде
ғылыми
стильмен
теңестіріледі, себебі ғылыми 
стиль жазу арқылы көрінеді. 
“Стиль” терминінің көп мағыналылығы, көбінесе, “тіл” 
терминінің 
көп 
мағыналылығымен 
анықталады. 
Кей 
жағдайларда “стиль” және “тіл” терминдерінің мағыналары 
сәйкес келіп жатады. Сондықтан лингвистикада “көркем стиль” 
және “ғылыми стиль” деген терминдермен қатар “көркем тіл”, 
“көркем әдебиет тілі”, “ғылыми тіл”, “ғылыми әдебиет тілі” 
деген терминдер қолданылады. Зерттеушілердің бір тобы 
стильдердің қызмет атқару салаларының ауқымын өте кең 
мағынада түсінеді, енді біреулері оны шектеуге бейім. Сөйте 
тұра, стильдер классификациясының барлығында да ғ ы л ы м 
и с т и л ь аталады. Демек, ғылыми стильдің өзіндік болмысын, 
оның ерекшеліктерін зерттеушілердің барлығы мойындайды. 
Сонымен қатар бұл стильді түрлі классификацияда
ғ ы л ы м и с т и л ь, ғ ы л ы м и - к ө п ш і л і к
с т и л ь, ғ ы л ы м и - т е х н и к а л ы қ с т и л ь
деп әр қилы атайды. 
Ғылыми стильдің қолданылу аясы өте кең. Ғылым өндіріс 
пен техниканың дамуымен, жоғары және орта білім берумен 
тығыз байланысты болғандықтан, ғылыми стиль таза ғылыми 
еңбектермен 
қатар 
ғылыми-техникалық 
жұмыстар 
мен 
құжаттарда, оқулықтар мен ғылыми-көпшілік басылымдарда 
қолданылады. Сондықтан тілшілер ғылыми стильдің өзін 
бірнеше тармақтарға бөледі. Мәселен, О.Д.Митрофанова нақты 
ғылыми стиль (собственно-научный, т.е. академический), 
ғылыми-көпшілік (научно-популярный), ғылыми-ақпараттық 
(научно-информативный) және ғылыми-іс (научно-деловой) 
стильдері деп саралайды [28, 12].
 
Ал Л.Г.Барлас ғылыми стильді 
арнайы ғылыми стиль (специальный), ғылыми-оқу стилі 
(научно-учебный) және ғылыми-көпшілік стиль (научно-
популярный) деп жіктейді [29, 255].
 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


62 
Ал, негізінде, тілімізде бір-бірінен аз да болса өзіндік 
айырым белгілерімен ажыратылатын әдебиет жанрлары көп. 
Жаңа жанрлар да пайда болып жатады. Ғылыми әдебиеттегі 
жанрлар көркем әдебиеттегіден кем деуге болмайды. Дегенмен 
олардың әрқайсысының тілі жеке стильдік тармақ бола 
бермейді. Бұл жөнінде Р.А.Будагов: “…тіл білдіретін өзіндік 
ұғымдар мен қатынас шеңбері жағынан ұсақтау принципі 
(принцип дробления по сферам общения и специфики понятий, 
выражаемых языком) тұрғысынан келсек,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет