Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет27/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

 
Ғылыми стиль – жазба стильдің бір түрі. Ғылыми стильге 
белгілі бір ғылым саласына арналған ғылыми мақала, ғылыми 
очерк, жазба, оқу құралы, оқулықтар, ғылыми баяндама, 
диссертациялар мен оның авторефераты, монография және т.б. 
ғылыми еңбектер жатады. Ғылыми стиль жанрларындағы 
еңбектерде сөздер негізгі, тура мағынасында жұмсалады, 
мазмұны, ғылыми объекті мен тақырып белгілі бір ғылым 
саласына тиесілі терминдер арқылы баяндалып түсіндіріледі. 
Ғылыми еңбектердегі ой-түйіндер анықтама, дәлелдеме, формулаларға 
негізделеді. Ол үшін дұрыс ойлау, логика заңына сүйенеді. Оқушы мен 
тыңдаушыға түсінікті, дәлелді, тұжырымды болу мақсат етіледі. Тілдік 
тәсілдер ғылым мәселелеріне бағындырыла отырып пайдаланылады.
Ғылыми стильде экспрессивтік, эмоционалдылық және образдылық
болмайды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


67 
Әлемдік лингвистикада, орыс тіл білімінде ғалымдардың 
көпшілігі өз еңбектерінде ғылыми-көпшілік стильді ғылыми 
стильдің подстилі (ішкі шағын стилі, ғылыми стильден 
тарамдалатын тармақ) ретінде қарауы классикалық дәстүрге 
айналған. Қазақ ғалымдары да осы дәстүрден айнымай, аталған 
бағытты ұстанып келе жатыр. Бұл бағыттың қалыптасуы 
экстралингвистикалық, объективті факторларға негізделген 
деуге болады. Бірақ қазіргі кезде жаңаша талдау бағыттары да 
бар. Ғалым Р.Сыздық бұл жөнінде былай деп жазады: «Стиль 
түрлеріне ажыратуда да қазақ мамандары осы жолмен кеткен: 
функционалдық 
стильдердің 
қалыптасуы 
мен 
даму 
заңдылықтарын зерттеудің негізгі көзі тілдің қолданысы 
(речевые контексты) болып табылады, бұл қолданыстар белгілі 
бір жанрға тән болып келеді деген сияқты немесе «жанрға 
қатысты бөлінген стильдер айқынырақ танылады» деген орыс 
тілі зерттеушілерінің тұжырымдарын басшылыққа алып, қазақ 
тілінің де мақсаттық стильдерін жанрлық негізде тармақтайды: 
публицистикалық әдебиет жанры публицистикалық стильді, 
көркем әдебиет үлгілері көркем әдебиет стилін, сол сияқты 
ресми іс-қағаздары мен кеңсе тілінің стилі, ғылыми-техникалық 
әдебиет стилі деп ажыратады» [13, 56].
 
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына, Қазақстан 
Республикасындағы тіл саясатына байланысты бүгінгі таңда 
ғылыми-көпшілік стильде жазылған мәтіндер көбейді. Алайда 
осы мәтіндер қай стильге жатады, ғылыми стиль ме, 
публицистикалық стиль ме, әлде жаңаша стиль түрі ме деген 
заңды сұрақ туады.
Ғылымның көпшілікке таралуынсыз оның алға басуы, не 
өндіріс күшіне айналуы мүмкін емес. Ғылыми білімнің халық 
арасында таралуында ғылыми-көпшілік әдебиеттің алатын орны 
ерекше. Әдетте ғылыми-көпшілік жарияланымға ғалымдардың 
қалың оқырманға арналған ғылыми жетістіктері жөніндегі 
хабарламалары жатқызылады. Бүгінгі күнге дейін баяндаудың 
ғылыми-көпшілік түрі жөнінде ғалымдардың көзқарасында 
бірізділік байқалмай келген. 
Ғылыми әрекет барысында адам екі үлкен мақсат қояды: 
1)
жаңа білімге ие болып, жаңалық ашу; 
2)
осы білімді қоғамға жария ету. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


68 
Ғылыми стильдің жазба стильге жататыны белгілі. 
Біріншіден, жазба нұсқа ақпаратты ұзақ мерзім сақтайды, бұл 
ғылым үшін маңызды фактор болып табылады және ғылым 
осыны талап етеді. Екіншіден, жазба нұсқа ақпараттағы 
дәлсіздік пен логикалық ауытқуларды бірден анықтауға 
мүмкіндік береді (ауызекі сөйлеу тілінде бұл өзекті болмаса, 
ғылым тілінде мұндай ауытқулар үлкен қателіктерге әкеліп 
соғуы мүмкін). Үшіншіден, ғылыми ақпараттың жазба түрі 
үнемді, адресатқа қабылдаудың өзіндік темпін орнатуға 
мүмкіндік туғызады (ғылыми баяндама ауызша кемінде 40 
минутта жеткізілсе, осы салада маманданған адресат жазбаша 
үлгісін 5-10 минутта оқып шыға алады). Төртіншіден, жазбаша 
үлгідегі ақпаратты бірнеше рет оқып шығуға болады.
Қазақ әдеби тілі функционалдық стильдерінің қатарында, өз 
алдына сараланған, нақты стильдік белгілері бар, беделді 
стильдік 
тармақ 
ретінде 
аталып 
жүргенімен, 
қазақ 
лингвистикасында ғылыми стиль терең зерттелмеген деп айтуға 
болады. Бұл жағдайдың ең басты экстралингвистикалық 
объективті себебі – ғылым тілінің ұзақ уақыт бойында орыс 
тілінің негізінде жасалып қалыптасқандығына байланысты. 
Нақтырақ айтқанда, ғылыми еңбектердің көпшілігі, біріншіден, 
аударма ретінде жасалды. Екіншіден, қазақ тілінде жасалған 
ғылыми еңбектердің өзінде интернационалдық терминдердің 
сандық және сапалық құрамы өте жоғары болды. Аударма 
арқылы жасалған ғылыми еңбектерде сөзбе-сөз аударылған, 
таптаурын 
түріндегі 
лексикалық 
және 
синтаксистік 
құрылымдардың дәрежесі жоғары болды. 
Функционалдық стильдердің тармақтарын зерттеушілер 
көрсетілген өзге тілдің ықпалынан болған үдерістің қазақ әдеби 
тілі үшін жағымды (пайдалы) және жағымсыз (тиімсіз) жақтары 
болғанын ішінара атап өтеді. Сондықтан ғылым тілінің 
аударылуынан болған осындай тілдік құбылыстар өз алдына 
жеке зерттеуді қажет етеді.
Сонымен,
 
қазақ әдеби тілі фукционалдық стильдерінің 
қатарында бар ғылыми стиль өзіне тән стильдік белгілерге ие.
Қазіргі кезеңде қазақ әдеби тілінің функционалдық 
стильдер құрамындағы ғылыми стильге жататын мәтін үлгілері 
сандық және сапалық жағынан өте күрделі. Бірақ еңбектерде, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


69 
зерттеулерде олардың кейбірі ғана аталып өтеді, нақты түрде 
жинақталып, жанрлық ерекшеліктеріне қарай топтастырылып 
көрсетілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет