70
әлемдегі,
қоғамдағы
жаңалықтар
мен
өзгерістер
(публицистиканы “қазіргі кезең жылнамалары” деп бекер
айтпайды).
Публицистикалық стильдің негізгі мақсаты –
өмірдегі
оқиғалар мен фактілерді бағалау, философиялы-дүниетанымды
көзқарас тұрғысынан пайымдау мен түйін жасау болып
табылады.
Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады, бірі –
хабар беру, екіншісі – ықпал ету. Публицистика латын тілінен
аударғанда "көпшілік, әлеумет" деген мағына береді.
Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық
әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын
әдеби
тілдің
функционалдық
стильдерінің
бірі.
Публицистикалық стиль дегеніміз – көпшілікке арналған
қоғамдық-саяси,
әлеуметтік, экономикалық тақырыптарға
арналған газет-журнал беттеріндегі журналистика жанрларында
(очерк, бас мақала, мақала, ақпарат хабар, халықаралық шолу,
деректі
әңгіме
және
т.б.)
жазылған
жарияланымдар.
Публицистикалық стильдегі жарияланымдардың мазмұны
қоғам, адам өмірінің түрлі жағдайларын үгіттеу-насихаттау
сипатында болып, тілдегі әсерлі, сезімдік және бейнелі сөздерді
қолдану басым болады да, баяндалған мәселелер нақты фактілер
мен құжаттарға негізделеді. Публицистикалық стильдің
алғашқы
белгілері оны ресми стильге жақындатса, соңғы белгісі оның
ғылыми стильге жақын екенін көрсетеді.
Публицистикалық стильге қойылатын талап – қандай
тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге
қонымды болу. Ол – тілдік
құралдарды қолдана білуден
байқалады. Публицистика өзінің тақырыбына сай сөздер мен сөз
тіркестерін
сұрыптап
қолданады,
қажетті
синтаксистік
құрылысты пайдалану арқылы мәтін жасалады.
Публицистикалық стиль басқа стильдерден бейнелілігімен,
баяндаудың
шешендігімен,
жағымды
және
жағымсыз
мағынадағы мәнерлілігімен ерекшелінеді. Публицистикалық
стильде көркем сөз тәсілдерінің барлығы, сондай-ақ тұрақты сөз
тіркестері, мақал мен мәтелдер, афоризмдер және тілдің
көркемдегіш
тәсілдері,
әсіресе
риторикалық
сұраулар,
стилистикалық сөз қайталаулар да мол қолданылады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
71
Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз
өнері. "Өнер алды – қызыл тіл" деп білген қазақ халқының би-
шешендер мен ақындарының
шығармашылығында шешендік
өнердің үлгілері жетерлік.
Қазақ әдеби тілінде қоғамдық-публицистикалық стильдің
тууы мерзімді баспасөздің пайда болуымен тікелей байланысты.
Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары – "Түркістан
уәләятының газеті" /1870-1888/ мен «Дала уәләятының газетің
/1888-1902/. Бұларға қоса "Торғай газеті", "Ауыл шаруашылық
листогі" және облыстық ведомостылар /мысалы, "Торғай
облыстық ведомостылары"/ сияқты патша үкіметінің жергілікті
әкімшіліктерінің ресми органдарында да қазақша материалдар
/көпшілігі ресми құжаттардың аудармалары/ басылып тұрған.
Қазақ публицистикасы араб графикасымен жарық көрді.
Публицистикалық стиль – қазақ әдеби тіліндегі проза жанрының
алғашқы үлгілерінің бірі.
Публицистикалық стиль – қазақ әдеби тілі функционалдық
стильдерінің қатарында тереңірек зерттелген салаларының бірі.
Бұл саланың тарихы,
қалыптасуы, жалпы алғанда, диахронды
жай-күйі
туралы
еңбектер
(Қ.Жұбанов,
М.Балақаев,
Б.Әбілқасымов,
С.Исаев,
І.Кеңесбаев,
Е.Жанпейісов,
Х.Бекхожин, Н.Қарашева, Ш.Мажитаева, Б.Момынова), әдеби
нормалар мен тіл мәдениетіне қатысы, әдеби тілдің лексикалық
құрамының толығуына ықпалы, тілдік құрамы (Р.Сыздық,
Ә.Қайдаров, Р.Барлыбаев, Ө.Айтбаев, Б.Шалабай, А.Алдашева,
С.Әлісжанов)
туралы,
сондай-ақ
жаңа
кезеңдегі
публицистикалық стиль жанрларын прагматика, экспрессивті
синтаксис, функционалдық стилистика, салыстырмалы тіл білімі
(З.Ахметжанова, Ф.Жақсыбаева, Д.Әлкебаева және т.б.)
аспектілерінде қарастырған еңбектер бар.
Академик
Р.Сыздықтың
пікірі
бойынша,
қазақ
публицистикалық стилі (газет-журналдар тілі) 1960
жылдардың
орта тұсының өзінде-ақ қазақ әдеби тілінің лексикалық,
грамматикалық құрамының өзгеруі мен толығуына елеулі әсер
еткен және осы факторларды танытатын, сонымен қатар басқа
стильдік тармақтардың тіліне де елеулі әсер ететін, жалпы
алғанда, қалың жұрттың сөйлеуі
мен жазуына ықпал жасайтын
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
72
айрықша беделді доминант стильдік тармақ ретінде қалыптасты
[19, 9].
Достарыңызбен бөлісу: