Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет30/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

 
Қазақ 
лингвистикасында 
бүгінгі 
таңда 
газеттік 
публицистикалық стильдің және оның жанрларының жүйелі 
тілдік құрылымын (лексикасы мен синтаксистік құрылымды) 
қазіргі заманғы қоғамдық саяси өзгерістерге, тілге ықпал етіп 
отырған экстралингвистикалық факторларға сәйкес тыңнан 
зерттеу қажет. Өйткені қазіргі кезеңде қазақ тіліндегі газеттердің 
мақсаттары мен міндеттері өзгерді, оқырман ақпарат алудан гөрі 
(өйткені ол ақпаратты бұрыннан біледі) осы ақпарат туралы 
газеттің пікірін, дәлелдемелерін білгісі келеді. Осы талапқа 
сәйкес, қазіргі кездегі қазақ газеттерінің тілінде жағымды 
бағалауыш 
лексика, 
жағымсыз 
бағалауыш 
лексика 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


74 
(Г.Солганиктің терминдерімен айтқанда), ауызекі сөйлеу тілі, 
көркем әдебиет тілі элементтері қиюластыра қолданылады.
Қазіргі қазақ газеттерінің тілінде ойды қарқынды жеткізу
ойды ықшам жеткізу, ақпараттың ақиқат екендігін дәлелдеу, 
сипаттама беру сияқты белгілер бар. Кейбір газет-журнал 
үлгілерінде ауызекі сөйлеу тіліне қарай бет бұру (стилизация 
под разговорную речь) бағыты да байқалады.
Осы тұрғыдан қарағанда, қазіргі қазақ газеттерінің тілі 
ғылыми-көпшілік стильдің тілімен ұштасады. Сондықтан 
ғылыми-көпшілік мазмұндағы мәтіндерде ақпаратты дәлелдеу, 
оқырманға қарқынды түрде жеткізу үшін публицистикалық 
стильдің элементтері де кеңінен қолданылады.
Ғылыми-көпшілік стильде публицистикалық стильге тән 
тілдік құралдар мен композициялық құрылымдар белгілі бір 
жиілікте жұмсалады. Осындай құралдардың қолданылуы 
жағынан ғылыми-көпшілік стиль публицистикалық стильге 
жақын, тіпті кей жағдайда ол публицистикалық стильдің бір 
тармағы ретінде қабылдануы да мүмкін, бірақ, шын мәнінде, 
публицистикалық стиль мен ғылыми-көпшілік стиль өз алдына 
жеке дербес стильдік тармақтар. Оған дәлел: публицистикалық 
стильдің тілі арқылы белгілі бір ғылыми фактіні ақиқатқа 
негізделген теорияларды дәлелдеу талап етілмейді; ал керісінше, 
ғылыми-көпшілік стильде қолданылатын тілдік құралдар 
ғылыми-техникалық 
прогреске 
қатысты 
фактілер 
мен 
материалдарды дәлелдеуге бағындырылады. Публицистикалық 
стиль материалдары оқырманды сендіруге тырысады, ал 
ғылыми-көпшілік стильдің тілдік құралдары белгілі бір 
құбылыс, ұғым, туралы ғылыми түсінікті (ол анықталған немесе 
алдағы уақытта анықталатын болуы мүмкін) таратып беруді 
мақсат етеді.
Зерттеушілер публицистикалық стильді бірнеше шағын 
стильдерге (подстиль) бөледі: 1) үгіттік публицистикалық шағын 
стиль; 2) саяси-идеологиялық публицистикалық шағын стиль;
3) саяси-бұқаралық публицистикалық шағын стиль. 
Публицистикалық шығармалар сол тілде сөйлейтін 
адамдардың жас ерекшеліктеріне, білім дәрежесіне, наным-
сенімдеріне қарамастан, сол қоғам мүшелерінің барлығына 
ортақ болып келеді. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


75 
Публицистикалық 
стильдің 
жанрларға 
бөлінуіне 
байланысты 
лексика-грамматикалық 
құрылымында 
айырмашылықтар болады. Деректеме, хабарлама жанрында 
жазылған деректемелер, интервью, рецензиялар, аналитикалық 
жанрларға мақала, көркем-публицистикалық жанрға очерк, 
фелетон, репортаж, эссе жатады.
Публицистикалық стильде қазақтың ұлттық әдеби тілінің 
өзіндік орны бар деп саналады. Стилистикалық құрылысында 
ұлттық әдеби тілдің дамуына, баю, толығу үрдісінде ол кейде 
көркем әдебиет стилінен де озық тұрады. Көптеген жаңа сөз, сөз 
тіркестерінің қолданысқа түсіп, әдеби тілден берік орын алуы, 
публицистикалық стильдің ұлттық әдеби тілдің дамуына кері 
ықпал ететін тілдік элементтер бар екені де зерттеушілер 
тарапынан айтылып жүр. Бұл публицистикалық стильдің 
стильдік нормасына кері әсерін тигізеді. 
Стильдің бұл түрі қоғамдық саясат негізінде жазылған 
шығармаларға байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, қоғам өмірі 
үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. 
Үшінші түрі – саяси үгіт, партиялық документтер, меншікті 
публицистика, яғни памфлеттер немесе біреуге қарсы жазылған 
өткір мақала, очерктер. Онда қоғамдық-саяси мәселе ауызша, 
жазбаша түрде қарастырылады. Сонда жоғарыда аталған очерк, 
газет, 
журналдардан 
басқа 
радио, 
телехабарлар 
да 
публицистикалық стильге жатады.
Публицистикалық стильді арнайы зерттеген О.Бүркітовтің 
көрсетуінше, публицистикалық шығармалар тілінің мынандай 
негізгі ерекшеліктері болады: 1) берілген материалдың 
деректілігі мен ресми деректермен сәйкестігі; 2) берілген 
материалдың қалың көпшілікке түсініктілігі; 3) берілген 
материалдың оқырманға әсерлілігі. Публицистикалық стильдің 
хабарлау және ықпал ету қызметтері басқа функционалдық 
стиль түрлерінде де кездесіп отырады. Мысалы, ықпал ету 
функциясы публицистикалық стильге де, көркем әдебиет стиліне 
де тән. Бұл тұрғыдан мұндай белгілер оларды әрі біріктіреді, әрі 
оқшаулайды. Біріктіретін белгі жазушы да, журналист те өзінің 
шығармалары арқылы оқырман санасына әсер етуге ұмтылады. 
Ал оқшаулайтын белгі – туындыгердің оқиғаға өз көзқарасы. 
Туындыгер публицистің көзқарасы ашық, бірден беріледі де, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


76 
жазушы көзқарасы көркем шығарманың композициялық 
құрылысынан кейін пайда болады. Яғни публицистикалық 
стильде ашық субъективтілік басым келеді. Мұның өзі 
журналист пен оқырман арасында үнемі байланыс орнауына 
негіз жасайды. Бұл байланыс әсер етудің негізгі жолы болып 
саналады [38, 15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет