Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешені
Аудандық әдістемелік Мектеп -балабақша
кабинет меңгерушісі: кешені директоры
Купешова Ж.Т. қызметін уақытша
атқарушы:Кулмуханова Н.Ж.
___________________ _________________
Таңдау курсы
«Ежелгі Қазақстан»
Пән мұғалімі: Төрешова
Жансулу Жангелдіқызы
2012-2013 оқу жылы
І. Тақырыбы: «Ежелгі Қазақстан» (Таңдау курсы 10 сынып)
Бағыты: Жаратылыстану – математика
ІІ. Бағдары: Тарих - қоғамтану
Түсінік хат
Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.(хаттама№2 05.06.2015ж.) факультатив курстар бағдарламасының жиынтығы.
«Ежелгі Қазақстан» курсы 10 сынып оқушыларына аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат жүктемемен жыл бойына жүреді. Оқушыларға қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалар туралы жан-жақты игерту, қазақ жерінің ежелгі тарихымен, мәдениетімен, халықтарымен таныстыру. Бүгінгі күні тарихи сананың қалыптасуы кезінде Отан тарихы талап етіледі.
Осы курс тарих, саясаттану, әлеуметтану, география, этнография, археология және басқа да ғылымдармен өзара қарым-қатынасын зерттейді.
Саясаттанумен – тарихтың барлық кезеңіндегі саяси процестеріне, басқару нысандарына назар аударылады. Әлеуметтанумен - әртүрлі дәуірлердің және адамдардың қоғамдық қатынастары қарастырылады. Сонымен бірге мәдениеттанумен байланысты, өйткені онсыз қазақ халқының этникалық рухын толық сезіну мүмкін емес.
Оқушыларға тарихқа қатысты күрделі ұғымдарды оқу барысында тудыратын қазақ тарихына қатысты деректерді жүйелеуге осы курстың септігі тиеді деп есептеймін.
Бұл курстың оқушылар үшін маңызы зор. Алған білімдері қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін толықтырып, болшақта ҰБТ –ге дайындық барысында көмегі болады. Ел тарихын тереңнен танып, пәнге деген қызығушылығы артады.
Тарих пәнінің мұғалімі: Муганова А.М.
Міндеттері:
Тарихи тәжірбиені ой елегінен өткізе білуге үйрету;
Демократиялық құндылық идеасына тәрбиелеу;
Оқушыларды Ұлттық Бірыңғай тестілеуге даярлау.
Мақсаты: Біздің заманымызға дейінгі Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері, этногенездің орын басушылығы мен үздіксіздігі туралы білім беру.
Достарыңызбен бөлісу: |