THEORETICAL BACKGROUND OF STUDYING THE DEVELOPMENT OF SPIRITUAL AND MORAL EDUCATION OF MODERN YOUTH
Abstract This article discusses the problems and the current state of spiritual and moral education of young people, including high school students, problems and theoretical premises that can serve as the basis for the entire development of society as a whole. The theoretical analysis of the works of famous scientists and modern researchers of all time is indicated and given. The effective development of this direction, that is, the development of humanism in the country in general, is greatly facilitated by the time justified and tested at all levels in the education system, which to this day is bearing fruit - the “Self-knowledge” program, the author of which is the first lady of Kazakhstan S.A. Nazarbayev. Nowadays, when all nations and ethnic groups, together and in harmony, developing trilingualism while living in multi-ethnic conditions, need to develop and instill spiritual and moral education, this need has been and remains relevant at all times. Prerequisites and additional means of developing this type of education include reading books, exposure to characters and images of fiction, the use of various game methods, and the effective use of new innovative methods also find their place in this article. The main factor in the implementation of these ideas is the creation of feedback and active interactive communication between the subjects of the educational process.
Keywords: spiritual and moral education, national self-awareness, self-knowledge, tolerance, moral, sensual-material
«Оқу процесін басқару оқушының ішкі күштері мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жүргізуді қажет етеді», - деген Л.М. Фридманның пікірі де жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуды педагогика мен психология ғылымдарының заңдылықтарына сай негіздеуді талап етеді, өйткені оқушы-лардың білімге деген ынта-ықыласын, зейінін жетілдіріп тәрбиелеу үшін әрбір оқушының жоғарыда айтылғандай, психологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Соңғы кезеңдері біздер өте жиі жағдайда ұлттық сана-сезімді арттыру және нағыз азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі жайлы көп естиміз. Бұл пікірдің негізі және итермелеуші күші ең бірінші кезекте рухани-адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеуге арналған мемлекеттік бағдарламасында аталған бағдарламаны ендіру қоғамдағы рухани хал-ахуалды артыру қажеттігімен тығыз байланысты.
Аталмыш бағдарлама мазмұны позитивті, бейбітшіл көзқарастағы қасиеттерді тәрбиелеуді білдіреді, әрі ол қасиеттер жауапкершілікті болу, саналы таңдау жасау және Отанымыздың, қоғамның, өз отбасы мен өзінің мүддесі үщін дербес түрде шешімдер қабылдай білу, үнемі өзін жетілдіріп отыру сонымен қатар өзгермелі жағдайларға икемделіп өзгеріп отыратын және жаңа идеяларды қабылдауға жақын келумен пара-пар болмақ. [1].
Мектеп әуел бастан-ақ баланың рухани әлемі жайлы оймен мазаланып оны басты мәселе санауы тиіс. Оның ішінде жастар - ұлт болашағы, қозғаушы күші бола отырып, қоғам дамуы мен мүддесін өз пайда-сына орай емес, жоғары адамгершілікті, эстетикалық талғамы жоғары деңгейде қарайтын буын болуы абзал. Жастардың мәдени дамуға көзқарастарына қарай қоғамның рухани жаңаруы мен болашаққа деген құнды бағдарлары дамуы жағымды орын алады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларының бірінде былай деген: «Алда – үлкен әрі қиын жұмыстар күтіп тұр. Пісіп жетіліп кемелдену үшін біздер ақымды жаһандық емтихан тапсыру қажетпіз. Біздер қазақстан-дықтар арасында өзара кәміл сенімділікті күшейтуіміз қажет! Бір-бірімізге толерантты бола білуіміз керек! Бұлар болашақ Қазақстанға кілттер. Ұлтаралық келісім – бұл аса қажетті маңызды нәрсе. Туылған-нан бастап біздер осы асыл қасиеттерді, адамгершілік ізгі мұраттарды адам бойында қалыптастырып, дамыта білуіміз қажет!» [2].
Балалардың адамгершілік қадір-қасиеттерінің дамуында халықтық педагогикалық бай тәжірибені қолданудың аса қажеттілігін әлемдік педагогикалық ой-пікірдің қайнар көздері, келесі аталатын атақты ойшылдар айтып кетті, олар - Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, және кеңестік педагогтар А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, М.Ф. Шабаева және т.б. [3; 4].
Қазақстанның аты әлемге әйгілі ағартушы-ғалымдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Х.Досмухамедов, М.Жұмабаевтар да өз заманында қазақ халқының өмірінде ұлттық салт-дәстүрлердің алатын рөлі жоғары екенін, болашақ өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі жайлы, ұлттық тәрбиенің тәрбиелік және білімдік құндылықтары жөнінде айрықша басымдылықпен атап кеткен болатын [4]. Қазақстанда жастардың, оның ішінде жоғары сынып, яғни жасөспірімдердің адамгершілік тәрбиесінің әлеуметтік маңыздылығы жайлы Г.А. Уманов, А.П. Сейтешев, Г.Т. Хайруллин, К.Б. Жарыкбаев, Э.А. Уринбасарова, Ж.А. Мақатова сынды ғалымдар зерттеген болса; ал мұғалімдердің кәсіби-адамгершілік тұрғыдан дайындығы жайлы мәселелерді Н.Д. Хмель, А.А. Калюжный, Ж.И. Намазбаева, А.А. Сотникова, М.Н. Сарыбековтер өз еңбектерінде қарастырды; ал оқушылардың әлеуметтік-адамгершілік мазмұндағы белсенділіктері мәселелерімен К.К. Жампеисова, Б.И. Мұканова, З.У. Кенесарина, С.Калиев, Б. Айтмамбетова, А.А. Бейсенбаева, Л.К. Керимов, В.А. Ким және т.б. секілді ғалымдар зерттеп қарастырды. [5]. Қазақ халқының педагогикалық ой тұжырымдарының жалпы мәселелері Т.Т. Тәжібаев, К.Б. Жарықбаев, С.К. Қалиев, К.Ж. Қожахметова еңбектерінде орын алып, мектеп оқушы-ларын тәрбиелеуде қазақ халқының бай этнографиялық және фольклорлық материалдары негізінде халықтық бай салт-дәстүрді жүйелі түрде тиімді қолдануды ұсынады. [6].
«Рухани-адамгершілік тәрбиесі жеке адамның жан-жақты дамуының жетекші компоненті болады. Қазіргі заманауи таңда болашақ жас ұрпақ бойында жалпы адамзаттық және ұлттық мәдени құндылық-тарды игеруге деген сұраныс-қажеттілікті тәрбиелеу жағы аса маңызды және қажетті болып отыр, олар жалпы адами гуманизм нормаларын саналы түрде сезінулері тиіс. Біздер, жастарды өзара келісім, ұлттық татулық пен бірегейлік рухында және өз ұлты мен өзге халықтардың мәдениеті, салт-дәстүрлері мен тілі, дінін сыйлауға тәрбиелеуіміз қажет» - деп үн тастады Н.Ә. Назарбаев [7].
Рухани-адамгершілік тәрбиесі жеке адамның өзіндік санасының дамуына жағдайлар жасауды және олардың моральдық қадір-қасиеттері мен бағдарларын қоғамның дәстүрлері мен нормаларына сай да-мытуды білдіреді, Эстетикалық тәрбие әдемілік, сұлулыққа тарту арқылы адамгершілікті-рухани құнды-лықтарды қалыптастыруды білдіреді, әрі көркем мәдениет пен әлемдік ұлттар мен ұлыстардың бай ұлт-тық құндылықтарына тартуды да қамтиды. Өнер шаралары арқылы адамды жаңа, сананың өте жоғары деңгейіне, тұжырымды ойлауға қабілетті ете отырып, әлемді тұтастай көріп қабылдауға және ұжымда дұрыс өмір сүре алуға, әрі адамдармен және тұтас әлеммен қарым-қатынаста көрсете алуға үйрету қазіргі даму сатысында тұрған маңызды міндет болып отыр [8].
Руханилық пен адамгершіліктілік- мәңгілік құнды бағдарлар болып қала бермек. Біздің өмірімізге ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен жаңа ақпараттық технологиялар құралдары, бейне, аудио-техника және т.б. озық технологиялар қарқынды түрде мықтап ене отырып, қазіргі таңдағы балалардың өмірінен кітапты ысырып тастады. Бұл жағдай балалардың танымдық процестерінің тиімді қызметі мен олардың ішкі әлемдерінің жалпы дамуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Негізі кітап қана баланың ішкі жан дүниесіне, оның моральдық-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына жағымды ықпалды әсер ететін адамзат ой-пікір, сезімдерінің тірі қайнар күші, көзі болып табылады [9].
Адамның адамгершілік тұрғыдан дамуы, адамгершілік тәрбиесі, адамның жетілуі қоғамды үнемі және барлық кезеңде толғандырып келген. Біздердің зерттеу жұмысымыздың да осы тақырып, яғни адамгершілік тәрбиесін дамыту арқылы жастардың өзін-өзі бағалауларына ықпалын зерттеу қазіргі таңда замана ағымына қарай өте қажетті, ауқымы маңызды дүние болып отыр. Қандай қиындық немесе жаңа-рып өзгерулер болмасын адамзат өзінің жоғары да құнды міндеті адами қадір-қасиеттерін биік ұстауды ұмытпаулары тиіс. Бұл міндеттің шешілуіне авторы Сара Алпысқызы Назарбаева Қазақстан Республи-касының бірінші ханымының «Өзін-өзі тану» авторлық жобасының жүзеге асуы да бірқатар себепші болды. Өзін-өзі танудың басты идеясы: «Әлемге ашылсаңыз, әлем де сізге құшағын айқара ашады». Өзін-өзі тану сабақтарының міндетті бөлшектерінің бірі - оқушылардың жеке өздерінің тәжірибиелеріне және талқыланатын тақырыптар бойынша өмірлік ситуацияларды модельдеу арқылы солардың ой-пікірлеріне сүйену болады. Осылай түрлі ойындық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалар түрлі өмірлік ситуация-ларды көрсетіп, өзгертіп өмірлік шындық жағдайларға үйрене алады. Осылайша әдебиет пен өзін-өзі тану екі сабақты кейбір шығармаларды қолдану арқылы біріктіруге болады. Рухани-адамгершілік тәрбие-сін іс-шарадан іс-шараға дейін деп қана аракідік жүргізбей, жүйелі және үздіксіз түрде сабақта және сабақтан тыс уақытта тығыз бірлікте жүргізген дұрыс. Рухани тәрбие әлемнің әрбір құбылысынан күш алып қуаттануы мүмкін. Сондықтан да, кез-келген оқу пәні адамгершіліктіктің қалыптасу шарасына айналуы мүмкін, әрбір оқу сабақтары балалар бойында қайырымдылық тәрбиелей алуы мүмкін. Шындап келгенде, кез-келген өмірлік құбылыстар жалпы адами құндылықтар ұғымына кіре отырып, кез-келген сабақта демонстрацияланып көрсетуге болады [10]. Жеке адамның рухани-адамгершілік қасиеттері – бұл адамның мінезі мен қылықтарының тұрақты жеке-дара сипаттары болады да, олар өзге адамдар мен қоршаған әлемге қатысты қатынастарында көрініс табады [11]. Адамгершілік тәрбиенің мазмұны оқу-шылардың ең алдымен практикалық іс-әрекеттерінде оқуда, еңбекте, қоғамдық жұмыстарда, олардың сипаты мен өзара әрекет тәсілдерінде және меңгерілген мінез-құлық нормаларында көрініс тауып байқа-лады. Адамгершілік-рухани құндылықтар мәдениеттің маңызды құрамдас бөлшегі болады, онсыз заманауи қоғамның дамуын елестету мүмкін емес. Баланың рухани-адамгершілік дамуына бағытталған жолдар өте көп. Соның бірі көркем әдебиет құралдары болады. Көркем шығармалар – автордың рухани-мазмұндық ой-пікірі, айтатын ішкі тұжырымы сезімдік-материалдық формада көрініп, эстетикалық құн-дылықтар критерийлеріне жауап беретін көркем шығарма өнімі болады. Көркем шығармалар өскелең ұрпаққа түрліше ықпал етеді, себебі көркем бейне кейіпкерлері бір-біріне ұқсамайтын қайталанбас, тұ-рақты болып келеді. Нақ осы көркем бейне кейіпкерлері арқылы адам қайырымдылық, қастық, әдемілік пен сұрықсыздық, адамгершілік пен адамгершіліксіздік қасиеттер жайлы біліп, ол ұғымдармен танысады. Кітапты оқу процесі кезінде көркем шығармалардың мазмұнында берілетін жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтармен бетпе-бет кездесу ұйымдастырылады. Адамның өзіне және өзгелерге деген қарым-қатынасы тарихи тәжірибе ықпалынан қалыптасады да, қайырымдылық, кішіпейілділік, жақындар жайлы қамқорлық, шыншылдық сияқты кең түрдегі ұғымдар контексіне адамды жақын алып келеді.
Сондықтан да, бұл сабақтардың соңғы мақсаты – осы аталған қадір-қасиеттерді мектеп оқушылары-ның бойында қалыптастыру болып табылады. Ойындық тәсілдер, жұппен жұмыс, шағын топтарда жұмыс, ситуацияларды талдау әдістері арқылы өзін-өзі тану сабақтарының басты міндеттерінің бірі көр-кем әдебиет шараларын қолдана отырып, осы міндеттер шешіледі: кейіпкерлер әрекеттеріне өз қатына-сын білдіре алу шеберліктері, ол әрекеттерге мінездеме бере алу, сол ситуацияны өз әрекеттерімен және жеке тұлғалық өзіндік қасиеттерімен салыстыра білу және т.б. Өзін-өзі тану сабақтарында көркем әдебиет шығармаларын қолдану балаларға еркін сөйлей білуге, көрермендерден қорықпау, ұялмауға үйретіп, біршама жақсы қасиеттерге баулиды. Бұл шығармалар кішіпейілділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, қол ұшын бергіштік сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуға себепші болады.
Жалпы, рухани-адамгершілік тәрбиесі қай заманда, қай қоғамда болмасын маңыздылығы мен адам өмірінде құндылығын жоймайтын аса құнды категориялардың бірі, әрі бірегейі.