Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары



бет139/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

Ключевые слова: антикоррупционная культура, добропорядочность, личность, государственный служащий, личностное развитие, человеческий ресурс, ответственность, дилемма, теория Колберга, кейс.


М.P. Ospanbayevа ¹, A.М. Kenzhan²
¹ Zhambyl branch of the Academy of Public Administration
under the President of the Republic of Kazakhstan, Taraz, Kazakhstan
² Kazakh national Women's Pedagogical University, Almaty, Kazakhstan


PSYCHOLOGICAL ASPECTS OF THE FORMATION OF ANTI-CORRUPTION CULTURE
BY DEVELOPMENT OF DECORITY


Abstract
The article examined the problem of the formation of an anti-corruption culture of Kazakhstani society, through the development of responsibility, integrity of the individual and the formation of civil society. It is based on the use of the “3A - aғartu, aldyn-alu, aқparattandyr” model, i.e. continuity of preventive, educational work and sufficient informatization. It was proposed to revive the teachings of Islamic culture, such as Al-Farabi, K. Yassaui, I. Kunanbaev, S. Kudaiberdiuly and others. The necessity of introducing such categories as “reasonable” and “respectable” into everyday life, instead of using the frightening words “corruption”, was analyzed. "," Bribery ", with the aim of positive thinking and universal education on anti-corruption culture.
The study was conducted at the Taraz branch of the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan. The experiment involved government officials of the Zhambyl region. The experiment demonstrated that the formation of an anti-corruption culture is determined by the level of moral education of the individual.
Keywords: anti-corruption culture, integrity, personality, civil servant, personal development, human resource, responsibility, dilemma, Kolberg theory, case.


ХХ ғасырдың соңы сыбайлас жемқорлық (СЖ) мәселесіне деген төзгісіз қөзқарасты арттырып қана қоймай, осы салада ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің жаңа толқынының пайда болуымен ерекшеленді. Алғашқылардың бірі болып, америкалық криминолог Э.Сатерленд мәселенің теориялық негізінқалады. Олғылыми айналымға «ақжағалыларқылмысы» терминіненгізді [1].
Қазіргі Қазақстан жағдайында СЖ еліміздің өркендеуі жолындағы келеңсіз факторлардың бірі. Ол халықтың билік институттарына деген сеніміне нұқсан келтіреді, сондықтан бұл – елдің даму жолындағы тежегіш болып табылады. Сондай-ақ, СЖ Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатысты ең басты қауіп-тердің бірі: экономикалық қарым-қатынастар аясында тіршілік ете отырып, ол уақыт өте келе жаппай парақорлықты тудырып, тазалықтың аяқасты болуына негізделген қатынастарға ұшыратады. Нәтижесін-де, қалыпты әрекеттер өзгеріске ұшырап, инвестициялар мәнін жойып, іскерлік беделдің деңгейі төмен-дейді. СЖ-қа қарсы мемлекеттік саясатты реттілікпен жүзеге асыру тиісті заңнамалық алғышарттарды жасауға алып келді. Құқықтық саясаттың тартымдылығы қоғамдық өмірді демократияландыру және елдегі тұрақтылық пен тәртіпті қаматамасыз етуден көрінеді. Парақорлық пен СЖ-ты жою және барынша болдырмау мақсатында Үкімет Қылмыстық кодекске СЖ әрекеттері үшін заңды тұлғаларды жауапкер-шілікке тарту қарастырылған өзгерістер енгізді. Дегенмен, СЖ жойылған жоқ; оның өміршеңдігі адамдар-дың санасында нығыз орныққандығымен және адамгершіліктің төмендігімен айқындалады. Сондықтан, СЖ-қа қарсы мәдениет – бұл оның қандай да бір көрінісін қабылдамау және оған қарсы тұру негізіндегі құндылықтар жүйесін құрайды. Азаматтық қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі СЖ-қа қарсы сана-сезімді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін адамдардың өмір сүру үрдісінің құқықтық нормаларға сай болуы, кәсіптік және іскерлік әдеп қағидаттарын сақтау, экологиялық нормаларды ұстану,қоғам мен мемлекет алдында өз міндеттерін орындауға барынша және түбегейлі ден қою қажет [2].
Жаһандық сипат алып отырған осы мәселені шешу үшін мемлекеттің берік саяси жігерімен қатар, азаматтық қоғамның белсенділігі қажет. СЖ-қа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана СЖ-қа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Оған төзбеушілік әр қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы керек. Азаматтарда СЖ-қа қарсы мәдениет, яғни оған деген берік иммунитет, әрі жұртшылықтың оны барынша сынап-мінеуі орнықпайынша,күткендегідей нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Қалыптасқан ахуалды түзеу үшін халық арасында олардың жасын, кәсіби және өзге де ерек-шеліктерін ескере отырып, құқықтық мәдениетті арттыру бойынша, кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі қажет.Әр азаматты жастайынан «Мәңгілік Ел» идеологиясы шеңберінде тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмды қалыптастыру және СЖ-ты қабылдамау рухында дамытуаса маңызды [3].
Бұл тұрғыдан алғанда,СЖ көріністерін қабылдамайтын, моральдық деңгейі жоғары, адамгершілігі мүлтіксіз азаматтар қызмет ететінпарасатты қоғамдық орта құру - өзекті стратегиялық міндет. Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақстандықтардың әлеуметтік әлеуетін арттыруға байланысты ауқымды міндеттерді белгілей отырып, “халықтың ой-санасын бір мезгілде өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді” деген-ді. Расында да, мемлекет демократиялық даму үрдісі мен құқықтық қауіпсіздікті қамта-масыз ете отырып, парасатты қоғамдық құрылыстың қалыптасуына ықпал етуші, яғни катализатор болып табылады. «Адалдық жүрген жердеадамдық жүреді» демекші, халықтың бейбіт өмір сүруі және жайлы тыныс-тіршілігіне деген жауапкершілік, СЖ деректерімен халыққа келеңсіз ақпарат ұсынуға қарағанда, парасаттылықты ту еткен азаматтық қоғам орнатуға талпынысты ақтайды. Сондықтан, СЖ-пен күресте 3А моделін қолдану, яғни алдын-алу, ағарту және ақпараттандыруға ден қойған дұрыс; ал парақорлық мысалдары арқылы тәрбиелеу - орын алған жағымсыз оқиғаның салдары болғандықтан, ойдағыдай нәтиже бермейтіні анық. Қазақстандықтарды құлаққа түрпідей тиіп, селт еткізетін “жемқорлық”, “пара-қорлық” деген сөздермен үрейге батырмай, оның орнына “парасаттылық”, “адалдық” сынды категория-ларды қолдану арқылы, жағымды оймен, көтеріңкі рухта тәрбиелеу қажет. Осы ретте мемлекет аумағын-да (өңірлерді қоса алғанда) құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тұрмыстық жемқорлықты жою және қазақстандықтардың жайлы тыныс-тіршілігіне қолайлы орта құру; СЖ-қа қарсы мәдениетті қалып-тастыру; қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды мақсат етеді. Ал оны жүзеге асыру білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салалары, мемлекеттік кіріс органдары, сот және құқық қорғау органдарыбағыттары бойынша және бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі арқылы жүргізілетін болады [4].
Парасатты қоғам құруеркін ойлап, дербес шешім қабылдай алатын, өзіндік пікірі бар, тәуелсіз, көкірек көзі ояу адамдарды қалыптастыруды қарастырады. Ол үшінұлы ақиқат жолындағы адалдық, шынайылықпен астаса отырып, рухани құндылықтарға негізделген дүниетанымды дамыту қажет. Бұл ретте әл-Фарабидан бастау алған Қ.Иасауи, И.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, т.б. ислам мәдениетіндегі кемел тұлғалардың ілімдерін қайта жаңғырту аса өзекті болып табылады. Мәселен, әл-Фараби парасат-тылықты бақыттың мәні деп түсіндіре келе, оның құрамдаушыларын “әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуі”, “адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруы” деп белгілейді. Парасаттылық – адам бойындағы кісілік қасиет. Дәстүрлі қазақ қоғамында парасат тұлға бойында кездесетін асыл қасиеттердің бірінен саналып, адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланған.Парасатты жанғаадамгершілік, инабаттылық, салиқалылық, мейірімділік, ізгілік, әдептілік, ұстамдылық, талғампаздық қасиеттері тән [5].
Г.Фетхуллах парасаттылықты танымның өте маңызды бастау бұлағы деп атай отырып, оны қандай да бір құбылысты сол күйінде немесе барынша жақыннан түсінуге мүмкіндік беретін қасиет ретінде анықтайды: “Парасат патшалығынан жанға жайлы жарасымдылық, тәуекел мен сенімділік есіп тұрады”. Парасат – рух танымының алғашқы баспалдағы. Парасаттың шыңы – даналық. Құранда «кімге даналық берілсе, ол шындығында көптеген жақсылыққа қол жеткізген болып саналады» деп, осы ақиқатқа ерекше назар аударылған. Парасатақыл да емес, ой немесе ойлау жүйесі деемес. Ойлау қабілетінің ақыл мен оныңжемістеріненбиіктұратыныіспетті, парасат та ойлаудан тұғыры биік, тәңірлік рухани қабілет. Жаратылысқа тек көзімен көргені бойынша баға беретіндер болмыстың астарын түсініп жарытпайды. Ал болмыс атаулыға парасат назарымен үңілгендер кез-келген құбылыстың астарынан мағына табады; сонымен қатар адамның парасат-пайымын, рухани деңгейін және тағы басқа сол секілді асыл қасиеттерін танып-біле алады. Демек, көз заттар мен құбылыстардың сыртқы көріністері мен материялық жағын көрсе, парасат оның ішкі мазмұнын, пайдасын, мақсаты мен хикметін және сол секілді басқа да құндылықтарды ішкі мәнімен қоса көріп, тануға жол ашады [6].
Ақпараттық заманда туындап, қазіргі уақытта кеңінен қолданыста жүрген жаңа дәуір ілімдерінің копцептуалдық негіздері де, құралдары да осы тұжырыммен өзара сәйкес. Олай болса, ұлттың ұлы ойшылдарының еңбектеріне жүгіну қазіргі өзекті мәселе - СЖ-ты өзінің азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды қорғауға дайын адамдардан құралған парасатты қоғамды қалыптастырумен қатар, мемлекеттік тілдің өркендеуі, ұлттық кодтың мызғымастығы, имандылықтың бекуі, дін мен діл секілді әлеуметтік саланың рухани жаңғыруына ықпал етер еді.
СЖ-қа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы түпкі мақсат парасатты қоғам құру болатын болса, оған қол жеткізудің стратегиялық жолы құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті білімдерге ие және оны күнделікті өмірде қолдануға қабілетті азаматтарды тәрбиелейтін жүйе орнату. Бұл – қазіргі қазақстанның барлық білім беру мекемелерінің шын мәніндегі қажеттілігі әрі өзекті міндетіне айналған жағдайда мүмкін болатын шарт. Ол үшін, ең алдымен әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастарға СЖ-қа қарсы білім беру мен тәрбие әдістері мен құралдарының мақсатын, олардың мазмұнының, нысандарының ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық тұрғы-дан қайта салмақтау қажет. Парасаттылық мәні интериоразация құбылысына тән, яғни қоғамның СЖ-қа қарсы талаптарын оның әрбір мүшесінің ішкі құндылық ұстанымдарына айналдыру дегенге саяды. Бұл құбылыс іске асқан жағдайда, парасаттылықтұлғаның кейінгі тіршілігіндегі бет түзер бағыты және бүкіл өміріне арқау болатын қасиетіне айналары анық. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылық-тарды сіңіру; тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру;қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар СЖ-қа қарсы тәрбие міндеттерін білдіреді[7].
СЖ-қа қарсы мәдениетті қалыптастыруды парасаттылықты дамыту арқылы жүзеге асыру тұжы-рымын зерттеу үшін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында эксперимент жұмыстары жүргізілді. Зерттеуге әр түрлі санаттағы 120 мемлекеттік қызметкер қатысты. Зерттеу құралдары моральдық даму теориясының авторы Лоуренс Колбергтің “Колберг дилеммаларының” негізінде жасалды [8].
Сыналушыларға 3 түрлі кейс ұсынылды “Дилемма”, “СЖ-қа жол бермеу презумпциясы”, “Парақорға хат”. “Дилемма” әдісі негізінде олардың парақорлыққа қарсы тұру қабілетін (иммунитетін) тексеру үшін 1-кейс мазмұны бойынша берілген 6 түрлі сауалға “иә” немесе “жоқ” деп жауап беру ұсынылды. Кейс мазмұны бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасының (МКБ) Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орта-лығында салық есебін өткізуге арналған терминал жанында МКБ қызметкері тұрады. Ол лауазымдық міндетіне сәйкес, салық есебін терминал арқылы тапсыру үшін, азаматтарға жүйеге және «Салық төлеуші кабинетіне» қалай кіруді көрсетеді. Азаматтардың бірі қызметкерге ілтипат білдірген болып, оның келі-сімінсіз, қалтасына 500 теңге салады. Осы жағдайдағы қызметкердің іс-әрекетін бағалауы үшін сыналу-шылардың ұстанымдары сынға түсті: “Ештеме болмағандай, қызметін жалғастыра беруі керек” тұжы-рымына 97% қарсы болса, 3% қолдау білдірген; “Азаматқа дұрыс әрекет жасамағанын айту қажет” деп санайтындар мөлшері 97%, “жоқ” дейтіндер - 3%; “Ештеме болмағандай кейіп танытып, онымен сөйлес-пей, бірақ басшыға жағдайды баяндау керек” деп есептейтіндер - 27%, “жоқ” дейтіндер - 73%; “Егер ол азамат қызметкердің танысы болса, осы оқиға туралы баяндаудың қажеті бар ма еді?” сауалына сыналу-шылардың 73% “иә” деп, 27% “жоқ” деп жауап берген; “Пара – заңға қайшы әрекет. Моральдық тұрғыдан алғанда бұл жаман ба? Әңгімеге арқау болған “күлкілі” мөлшер ғой?” тұжырымын 90% қолдаса, 10% қарсылық танытқан; “Заңға бағыну үшін адамдар қолынан келгеннің барлығын жасауға тиіс пе?” сауалына 85% “иә” десе, 15% “жоқ” деген.
Сыналушылардың жауабын 2 түрлі өлшемде талдаудың орташа статистикалық нәтижесі олардың 85 пайызының парақорлыққа қарсы тұру қабілетінің күштілігін көрсетті. Жалпы, “Орын алған жағдайды қайта таразылай отырып, не айтар едіңіз? Қызметкер орындауы тиіс ең жауапты әрекет қандай?” деген қорытынды сауалға келесі форматтағы жауаптар алынды: “Заңға қайшы”, “Дұрыс емес әрекет”, “Қызметін адал атқару керек”, “Көрсеткен қызметі үшін оған жалақы төленеді”, “Парақорлық осындай ұсақ-түйектен басталады”, “Бұл – оның міндеті”, “Бұл – қылмыс”, “Ақшасын қайтарып беру керек”. Бұл Кольберг бойынша, белгілі бір сыртқы күштерге, яғни біздің эксперимент жағдайында Заң талаптарына сәйкес пайым; сыналушылардың 90 пайызынан астамының жауаптары. Ал, ішкі этика кодексіне негіздел-ген “Мен үшін бұл – намысқа тиер әрекет” сынды жауаптар сыналушылардың 10 пайызынан көрінді. Кольбергтің пікірінше, бұл – басқа адамдардың ықпалына немесе қоғамдық үміттерге жол бермейтін, ішкі адамгершілік дамудың жоғары сатысы.
2-кейс “СЖ-қа жол бермеу презумпциясы” деп аталып, ҚР Әділет министрлігінің қолданыстағы Заңнамаға өзгеріс ендіру туралы бастамасына сыналушының көзқарасын анықтауды мақсат етті. «СЖ-қа қарсы күрес мақсатында бекітілген талаптар мен тиымдарды, ырық бермейтін күш әсері нәтижесінде бұзу - құқық бұзушылық болып табылмайды» деген конструкт енгізуді Әділет министрлігі келесі формада жариялады: «СЖ құқық бұзушылығы деп, тиісті тексеру барысында анықталатын қасақана жасалған әрекет танылады. Осыған орай, тексеріс барысында қасақана жасалған әрекет анықталмаса, оның жаса-ғаны СЖ-пен жанасатын іс-әрекет ретінде танылмайды». Мысалы: шенеуніктің банк шотына белгісіз біреу ақша аударып жіберді, ал ол бұл туралы білмейді; немесе шенеуніктің әйелі кездейсоқ өзінің жұбайы басқаратын салада мемлекеттік сатып алу тендерін ұтып алды; я болмаса шенеуніктің баласының да әкесі жұмыс жасайтын салада қызмет етуі... Әділет министрлігі осындай жағдайлар орын алғанда, тараптар қақтығысының алдын алу нақты себептерге байланысты мүмкін емес, сондықтан жауапқа тарту да туындамау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда қолданыстағы Заң «СЖ-қа жол бермеу презуми-циясы бар іс-шаралар» деп аталатын қосымша құқықтық конструкциямен толықтырылуы керек деген ұсыныс жасайды. Осы ойдан шығарылған мақалаға сыналушылардың пікірлері келесі қатынасты көрсетті: Заңды толықтыруды жақтағандар - 22%; 72% бейтарап бағытты ұстанды, бұл шешім емес деген-дер - 06%. Қорытынды жасау үшін тағы да Колберг теориясы негізге алынды: сыналушылардың 22% - төменгі саты, 72% - екінші саты, 06% - жоғары сатыны көрсетті.
3-кейс “Парақорға хат” деп аталып, орталық мемлекеттік органдардың бірінде ұзақ уақыт басшы лауазымын атқарған азаматтың пара алу күдігімен ұсталғаны және Сот оның кінәсін дәлелдегені туралы айтылады. Кейсте сондай-ақ, бұл азаматтың танымал тұлға екендігі, түрлі аймақтарға игі істерді көптеп жасаған іскер басшы болғаны да атап өтіледі. Сыналушыларға осы кісіге хат жазу тапсырылды. Тап-сырманы сараптау барысында жалпы пікірдің ішінде жанашырлық таныту, кінәлау, жазалауды ұсыну, шарасыздық сынды эмоциялық қатынастың басымдығы байқалды. Нәтиженің өңделуі төмендегі кестеде бейнеленді (1-кесте).



  1. кесте: “Парақорға хат” деп аталатын 3-әдістеме нәтижесінің өңделуі




Кейс-жағдаят мазмұны

Сыналушылардың жағдайға көзқарасы (%)

айыптау

бейтарап

құптау

1

Пара алу күдігімен ұсталу

18%

82%

-

2

Мансаптық өсуіне досының ықпал еткендігі

26%

70%

04%;

3

Кінәсі дәлелденгені

66%

32%

02%;

4

Оның танымал тұлға екендігі

32%

66%

02%;

Орташа мәні

35%

62%

03%


3-әдістеме бойынша алынған нәтижелерді Колберг теориясы бойынша талдау сыналушылардың 35%-ның төменгі сатысын, 62%-ның екінші сатысын және 03%-ның жоғары сатысын көрсетті. Эксперимент нәтижелерін біріктіріп, кейстер (3) бойынша зерттеулердің өзара сәйкестігі (корреляция) тексерілді. Қорытындылау барысында келесі мәлімет алынды: СЖ-қа бейімділік деңгейі 19%; ал қоғамда қабылданған ережелерге сәйкес әрекет ете отырып, оларды өзі еркін таңдау жасау барысында дамытпай-тын, бірақ сыртқы шектеулер ретінде қабылдайтын бейтарап (шартты) сыналушылар мөлшері 75%; сондай-ақ, кемел адамгершілік көріністері олардың 06%-ында анықталды. Эксперимент СЖ-қа қарсы мәдениеттің қалыптасуы тұлға парасаттылығының деңгейімен шарттас екендігін растады және алдағы уақытта оны дамытудың психологиялық аспектілерін белгіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет