Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары



бет34/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

Негізгі бөлім
Тарихқа көз жіберетін болсақ, жасөспірімдерді әлеуметтендіру мәселесі ғұлама ойшылдардың еңбектеріне арқау болып келгені мәлім. Мәселен, шығыстың ойшылдары (әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, т.б.) өз еңбектерінде әлеуметтік бейімделудің түйінді ойларын тұжырымдағаны белгілі [2].
Ағылшын тілінен аударғанда, «буллинг» түсінігі қорқытушы, басынушы деген мағынаны білдірсе, қазақ тілінде «әлімжеттік» ұғымымен астарласып жатыр. Ал, «буллинг» термині, әдетте, кейбір адамдарға өздерінің жеке басына бағыну үшін қорқыту немесе физикалық және психологиялық террорға ұшыратып, өздерінің құрбандарын қудалаушылардың қасақана туындаған қорқынышына негізделеді [3].
Ғаламторда буллинг мәселесі кеңінен талқыланып, буллингтің алдын-алу және зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету жайлы жүйелі кеңес беріп қана қоймай, сонымен бірге қоғамға зиян келтіру-шілер туралы да талдап отырады [4].
Буллинг мәселесін жүйелі зерттеу келесі ғалымдарға тиесілі: Д.Олвеус, П.П. Хейнеман, А.Пикас, Е.Роланд, В.Т. Ортона, Д.А. Лэйн, Д.П. Таттума, Э.Мунте [5].
Bullying – бұл ұйымдарды қоса алғанда, ұйымдық топтар үшін әлеуметтік құбылыс. Көптеген зерттеушілер бұл мектеп балаларының эмоциялық жарылыстарына қолайлы әмбебап арена екендігі туралы түсіндіреді.
Мектептегі зорлық-зомбылық туралы алғашқы жарияланымдар біраз жылдар бұрын пайда болды, 1905 жылы К.Дюкс өзінің зерттеуін жариялады.
1910 жылы Венада Зигмунд Фрейд, Альфред Адлер және Уильям Стеккель «Орта мектеп оқушы-лары арасында өзін-өзі өлтіру туралы» тақырыбындағы конгресске қатысып, өз зерттеулері бойынша баяндама жасаған болатын.
Буллинг мәселесі туралы жүйелі түрдегі зерттеулер скандинавтық ғалымдарға жатады, олардың ішінде: D.Alveus, P.P. Хейнеман, А.Пикас, Э.Роланд. Осы зерттеушілердің бірі болып табылатын D.Olveus қазіргі уақытта буллинг мәселесінің ең беделді зерттеушісі болып қала береді.
Британдық зерттеушілер арасындағы буллингті зерттеуші ғалымдар В.Т. Ортона, Д.А. Лэйн, Д.П. Таттума, Э.Мунте.
Буллинг (қорқыту, қорлау, қорлаушы) - бір немесе бірнеше баланың басқа балаға саналы түрде қатыгездік жасауы.
Буллинг – ұйымдастырылған балалар ұжымдарына, соның ішінде мектептерге тән әлеуметтік құбы-лыс. Көптеген зерттеушілер бұл жайтты мектептің балалардың бойынша үйінде отбасында жинақталып қалған теріс эмоцияларын сыртқа шығаруға қолайлы әмбебап арена екендігімен түсіндіреді. Ресей психо-логия ғылымында бұл тақырып В.В. Денисовтің, Г.Н. Киреевтің, А.Б. Кирюхинаның, В.А. Ситаровтың және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде кеңінен қозғалған. Білім беру ортасындағы зорлық- зомбылық аспектілерін зерттеумен C.Алексеева, И.А. Баева, Е.В. Бурмистрова, Е.Ф. Быковская, Е.Н. Волкова, Т.Г. Волкова, Е.В. Гребенкин, Н.О. Зиновьева, Н.Ф. Михайлова, Д.Пстрог сияқты ғалымдар көп айналысқан [6,7].
Қазақстан Республикасында бұл мәселені балалардың девиантты мінез-құлқы мен соңынан орын алатын салдары, сондай-ақ балаларға психологиялық көмек ұйымдастыру тұрғысынан Т.А. Акажанова, Г.А. Дусманбетов, Ж.И. Намазбаева, Н.С. Лавриненко, А.Б. Садыкова, С.Шалгимбаев, Х.Т. Шерьязданова және осы сияқты ғалым психологтар қарастырған.
Зерттеуші психологтардың қазіргі таңда буллинг мәселесіне аса ден қоюы өміршеңдік, өмірге бейім-ділік феноменін туғызуда (И.A. Александрова, Т.О. Арчакова, И.А. Баева, С.А. Богомаз, Е.В. Бородкина, И.B. Дробинина, И.А. Кузьмин, O.A. Кузнецова, Д.А. Леонтьев, С.Р. Мадди, Т.В. Наливайко, Е.И. Рассказова, И.A. Регуш, Р.И. Стецишин және басқалары) [6].
Алайда қазіргі кезеңде бұл құбылыс туралы пікірлердің бір арнаға тоғыспайтынын айта кету керек. Әртүрлі авторлар бұл ұғымды тұлғалық бейімделушілік әлеуетімен (А.Г. Маклаков), тұлға әлеуетімен (Д.А. Леонтьев) және басқа да ұғымдармен байланыстырады [8, 28-33 б.].
Скандинавиялық және ағылшын тілді елдерде бұл құбылыстың анықтамасы ретінде келесі терминдер қолданылады: шетке қағу, кемсіту, моббинг (баланы қорлаудың, қудалаудың топтық түрлері), буллинг [9,10].
Д.Лейн мен Э.Миллер буллингті бір бала немесе балалар тобы тарапынан басқа балаға (басқа балаларға) қатысты қасақана түрде қатыгездік танытуы, физикалық және (немесе) психикалық тұрғыдан қорлауы деп біледі [5, 240-276 б.].
«Буллинг» немесе «әлімжеттікке» ұшыраған жасөспірім әлеуметтік, психологиялық күйзеліске ұшырап, өзіндік бағалауы күрт төмендейді. Психотерапевт И.С.Бердышев келесідей анықтаманы қолдай-ды: «буллинг – бір немесе бірнеше адамның тарапынан саналы түрде, ұзақ уақыт бойы жүзеге асыры-латын зорлық, қорлық, ол өзін қорғаудан туындамайды» [11, 5 б.].
Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон «буллинг – бұл өзгелердің үрейін туғызуға және оларды өзіне бағындыруға бағытталған физикалық немесе психологиялық сипаттағы қорқытып үркіту, террор» - [12, 15-18 б.] пайымдайды.
Ресей ғалымы Е.В. Гребенкин зерттеулерінде буллинг тек балалар арасында ғана емес, сонымен қатар, «мұғалім мен оқушы» қатынасында да болатынын айтады [13].
Демек, жалпы орта мектептің әлеуметтену үрдісінде «буллинг» немесе «әлімжеттік» құбылысын әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық талдауды қажет етеді.
Д.Лэйн зорлық-зомбылықтың физикалық және психикалық түрлерін бөліп көрсетеді [5]. И.С. Бердышев сөз, әрекет және агрессияға негізделген буллинг түрлерінің бар екендігін айтады [11].
Қоғамдағы әлeумeттік саланы баpынша дамыту жағдайында әлeумeттік пeдагогтаpға жоғаpы талап-таp қойылуда. Шeтeл зepттeушілepінeн әлeумeттік пeдагогтаpдың кәсіби қалыптасуы мәсeлeсі төңіpeгіндe М.А. Галагузова , А.В. Мудрик, Л.В. Мардахаев, Ф.А. Мустаeва, жасөспірімдік девианттық мінез-құлықты қарастырған Ш.Жаманбалаеваның, З.М. Садвакасова, А.Т. Ақажанованың; әлеуметтік қорғау саласындағы Л.Қожамқұлованың, К.Биекенов пен З.Жаназарованың [14] еңбектерінде түрлі аспектіде кеңінен талданған.
Бұл мәселе, бірақ кеңінен зерттеліп жатса да, оны болдырмау үшін нақты шаралар аз мөлшерде жасалынуда. Оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық қатынастар, ғалым Е.Н. Пронинаның айтуы бойынша балалар арасындағы буллинг әдеттегі жағдайға айналған. Еліміздегі әрбір мектепте сіз оны көре алатын кем дегенде бір сынып бар [15].
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы мұғалімдердің, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетінің жетіспеушілігі, оқушылармен алдын-алу жұмыстарына дайын еместігімен байланысты.
Ғалымдар буллингті агрессияның бір бөлігі ретінде қарастырады, кейде бұл ұғымдар ғалымдардың еңбектерінде синонимдер ретінде көрінеді. Л.С. Алексеева осындай буллингті – бұл өзі немесе басқаларға бағытталған күш пен билікті мақсатты түрде қолдану, бұл істің нәтижесі физикалық немесе психо-логиялық залал деп анықтайды [2, 74].
Кейбір зерттеушілер «агрессия» және «буллинг» түсініктерін салыстырады. Мысалы, А.Гуггенбул зорлық-зомбылықты екі тараптың агрессивті қарым-қатынастарында түсіндіру формасы ретінде қарастырады [16].
Кейде зорлық-зомбылық қатыгездікке байланысты. Г.Н. Арпентьева буллингті іс-қимылдың өзі үшін немесе басқа әрекеттер немесе қауіп-қатер үшін басқа адамдарға қасірет пен зорлық-зомбылық көрсету ретінде айқындайды [17].
Көптеген зерттеушілер агрессия мен буллингті синонимдер деп санайды. Р.Май зерттеулерінде «буллинг пен агрессияның қоғамдық санада өзара байланысты екенін, [18] яғни, буллинг - агрессиялық әрекеттердің салдарынан, агрессиялық мінез-құлықтың әсеріне туындайтын іс-әрекет» - деп тұжырым жасайды.
Д.Н. Гриненко әлеуметтік жағдайға байланысты, мысалы, буллингке жауап ретінде жазаның болуы немесе болмауы, сондай-ақ бұл фактордың жеке тұлғаның қалыптасуына қалай әсер ететінін (агрессор-дың) агрессивті мінез-құлқын қалыптастыру факторларын қарастырды [17].
К.Бутнер агрессиялық әрекеттердің көрінісін үш топқа бөледі: тыйым салынған, рұқсат етілген және шартты түрде рұқсат етілген агрессия [11].
Г.Н. Арпентьеваның пікірінше: «Ең бастысы – әділдік пен жауапкершілік емес, кек алу және құрбандық жасау барысында, зорлық-зомбылық әрдайым танылмай қалады» [4] – деп көрсетеді.
И.А. Ильин буллингті еріксіз, негізсіз, кері қайталанбайтын агрессивті әрекет ретінде анықтайды, себебі ол зорлық-зомбылыққа теріс әсер етеді [19].
C. Salmivalli зорлық-зомбылықтың тағы бір ерекшелігі – оның әлеуметтік ықпалдасуы кезінде бір субъектінің іс-әрекеті өзгенің ұмтылысына қайшы келетін және мәжбүрлі өзара әрекеттесу кезінде орын алған «мәжбүрлеу» критерийі болып табылады деп тұжырымдайды [19, 5].
Г.М. Андрееваның айтуынша, қоршаған орта адамның дамуына және қалыптасуына әсер етеді. Баланың көп уақыты мектепкте өтеді, сондықтан жеке қасиеттердің қалыптасуына құрбылармен қарым-қатынас, әсіресе мектептегі қорлаушылық әсер етеді [20].
Мектепте жиі кездесетін «буллинг» түрлері: вербальды буллинг (ауызша қорлау, қатал сөздермен қорқыту, қорқыту пікірлер), жеке қорлау (төбелес, агрессивті физикалық қорқыту, соққы), әлуеметтік қорлау (оқшаулау тактикасы), кибербуллинг (біреуді электрондық пошта немесе әлеуметтік медиа хабарламаларын пайдаланып қорлайтын сөздер). Міне, осында буллинг түрлері мектептің педагогикалық үрдісінде күнде кездеседі.
Жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін эмоционалды буллинг турлері, яғни келемеждеу, бір адамға үнемі жіберілетін жасырын хаттарды тағайындау, осылайша оған қорлау және әлімжеттік, шексіз ескертулер, қасақана келемеж, және т.б. жатады. Қорқытудың бұл түрі мектептерде кең етек алуда.
Анонимді телефон шалу құрбаны болып оқушылар ғана емес, мектеп мұғалімдері де кездеседі.
Бас тарту, оқшаулау, жәбірленушімен қарым-қатынаста болмау. Бұл әдісті пайдаланудың бастама-шысы әдетте буллер болып табылады. Жәбірленуші сыныптан немесе сыныптан бөлек оқшауланған, шығарылған немесе елемейтін оқушы. Бұның таралуы, жәбірленушінің естуіне қорқу немесе тақтада немесе қоғамдық жерлерде (олармен ойнауға бас тартады, сол үстелде онымен бірге отыруға келмейді, туған күндерге шақырмайды және т.б.) шағылыстырады).
Физикалық зорлық-зомбылық - дене жарақатын тудыруы мүмкін құрдастарына қарсы физикалық күш қолдану. Физикалық зорлық-зомбылықты ұрып-соғу, зиян келтіру, соның салдарынан жәбірленуші-нің киім-кешек, оқулықтар немесе басқа да жеке заттары, ұрланған немесе жасырылған болуы мүмкін.
Малкин-Пых атап өткендей, мұндай мінез-құлық қыздарға қарағанда ер балалар арасында жиі кездеседі [27, 332]. Әдетте, физикалық және эмоционалды теріс қылықтар бір-бірімен байланыста жүреді. Жәбірлеу және қорқыту ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін, бұл жәбірленушінің дене немесе психо-логиялық жарақаттарына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет