Abstract In this article the aspects of management of pedagogical collective are considered. Specific features of modern management of education are defined, various ways of administrative activity in the field of education are described. Favorable conditions for the educational process, the appropriate psychological climate, rational management models, the role of managers are determined. Due to the characteristics of the teaching staff, its peculiarities and difference from other labor groups. The main concepts of general management were analyzed and summarized the works of philosophers of the ancient and medieval centuries, concerning the problem of management. In the works of turkic thinkers Zhusup Balasaguni, Khoja Ahmed Yassawi, Ahmed Iugineki, Mahmoud Kashgari, special attention was paid to the issues of governance, that the ruler of the state should be a mature, skillful person, and also reflected such moral qualities as integrity, diligence, tolerance, honesty, justice.
Key words:management, manager, management style, teaching staff, psychological influence.
Тәрбие мен оқыту әрдайым педагогикалық процестің субъектісі ретінде танылады, сәйкесінше оларды басқару мақсатты түрде жүзеге асырылады. Сондықтан білім беру жүйесіндегі менеджменттің маңызды қағидасы жоспарлау және ұйымдастыру негізіндегі мақсат қоюдың нақты принципінен тұрады. Білім берудегі менеджмент теориясы мен практикасының маңызды концепциясы - басқару қызметінің мазмұны туралы мәлімет беретін функциялар. Қазіргі уақытта педагогикалық тәжірибеде білім алушы-ларды ғылыми басқару тарапынан оқыту және тәрбиелеу үрдісінің мағынасына анық тенденция пайда болды. Басқару жүйесін оқыту мен тәрбиелеуді оңтайландыратын, адам тұлғасын және оның басқа да қасиеттерін қалыптастырушы ретінде сапаттауға болады. Басқару үрдісіне педагогикалық шарттар жиын-тығы ұсынылса, жалпы білім беретін оқу орнының педагогикалық құрамын ұйымдастыру тиімді болады. Қызметтің бұл саласы әр түрлі мектеп қызметтері мен мамандары арасындағы тиімді ынтымақтастық моделін құруды қамтамасыз етеді. Модель - жүйелік, оңтайландыру, коммуникациялық-диалогтық, тұлғаға бағытталған тәсілдерге негізделген. Жалпы басқару процесі белгілі бір нәтижеге жету үшін адамдардың жалпы әрекеті жүзеге асырыла-тын қызметте көрініс табады. Басқару жүйесінің жалпы заңдылықтары стихиялы түрде бағытталған. Ғылыми білімнің қазіргі деңгейі педагогикалық процесті ұйымдастыруда басқарудың жалпы теориясын қолданудың мүмкіндігін көрсетеді. Басқару тұрғысынан сипаттайтын болсақ, педагогикалық үрдіс келесі үлгімен құрылуы мүмкін: басқарудың объектісі және субъектісі, интеграцияланған іс-әрекет пәні, педа-гогикалық қарым-қатынастың басты құралы және оқыту мақсаты. Олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және оның өмірлік қызметіне әсер етпес үшін жүйеден бірде-бір элементті алып тастауға болмайды. Басқарудың субъектісі мен объектісі педагогикалық жүйенің негізі ретінде шартты белгіні қолдайды, басқару деңгейінде оның иерархиялық орны жоғары немесе төмен тұрғанына байланысты педагогикалық жүйенің әрбір қатысушысы субъектінің де объектінің де орнында бола алады. Мұғалім мен білім алушының белсенді іс-әрекеттері олардың әрқайсысының өзінің қызметтерінде және іс-әрекет-терінде, сондай-ақ басқа да қызметкерлердің іс-әрекетін басқарудың субъектісі ретінде көрініс табатын-дығынан айқындалады. Ал педагогикалық ұжым дегеніміз – бірлескен қызмет процесінде ұйымдастырушылық және психо-логиялық дамудың жоғары деңгейіне жеткен, ортақ мақсаттар мен міндеттермен біріктірілген мұғалімдер тобы. Mұғалімдер ұжымының педагогикалық және басқарушылық іс-әрекеті оқушылар ұжымымен өзара тығыз әрекеттестiк процесінде қалыптасады. Педагогикалық қызмет барысында мақсаттар мен міндет-терді айқындау үрдісі оқушылар ұжымының жалпы мүмкіндігі қандай деңгейде іске асырылатындығына тікелей тәуелді болып келеді. Басқару саласының категориясының негізінде педагогикалық ұжым басқарушы, ал білім алушылар ұжымы басқарылушы болады. Мұғалімдер ұжымы өзінің қызметi бойынша балалар ұжымына ғана емес, педагогикалық ұжымға тиістілігіне байланысты тәрбие субъектісі ретінде қызмет жасайды. Ал қазіргі әрекет пен қатынастың субъектісі ретінде әрбір жеке тұлғаға басты назар аударылған жағдайда профессор-оқытушылар құрамы мен оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі қалыптастырудың да cубъектісі ретінде көрініс тауып отыр. Педагогикалық құрамдағы қатынастардың сипаттамалары: ұйымшылдық, ұжымдық өзін-өзі анықтау және сәйкестендіру, топ мүшелерінің жоғары сенімі, бірлескен оқытушылық іс-әрекеттегі жауапкершілікті қабылдауда объективтіліктен тұрады.
Педагогикалық ұжымның басты ерекшелігінің бірі – оның жоғары деңгейде өзін-өзі басқара алуында. Ұйымдағы мектеп кеңесi, әдiстемелік комиссиялар мен қоғамдық ұйымдар мұғалiмдердiң сайлану арқы-лы өкiлеттiк алуы ұжымда қоғамдық дұрыс пікір қалыптастырып дербестік пен белсенділікті дамытуға үлес қосады. Педагогикалық ұжым мүшелерінiң, оның басшыларының өзіндiк қызметтік міндеттерi, нұсқаулары арқылы дәл анықталуы да ұжымның ұйымдастырушылық сипатын дұрыс қалыптасуына септігiн тигізедi. Көптеген оқытушылар құрамының ерекшелiгі ретінде қызметтерінiң ұжымдық сипаты мен нәтиже алу мақсатындағы ұжымдық жауапкершілігін айтуға болады. Егеp жекелеген мұғалімдердің, әсіресе орта жөне жоғары сынып мұғалімдерінің іс-әрекетін өзге мұғалімдердің қызметтерімен сараланба-са, білім алушылардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай ұйымдастырылған талаптар болмаса, табысқа жету көрінісі бәсеңдейді. Педaгогикалық ұжымның біpтұтастығы олаpдың құндылық бағдаpлары, көзқарастаpы мен сенімдеpінен көpініс табады, дегенмен бұл жағдай педагогика-лық технологияның бірсаpындылығын білдіpмейді. Қазіpгі уақытта педагогикалық ұжым құрамының дамуы білім беру мекемелерінің стратегиялық мақсаттарының бірі. Жаңартуға байланысты білім беруді басқаруда педагогикалық және басқарушылық қызметтегі қызметкерлердің іс-әрекет моделін өзгертуге деген талаптар артып келеді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде реформа жүріп жатыр, оқу орындарын біріктіру белсенділігінің артуына байланысты басқару қызметінің өзектілігі артып отыр.
Осы тұста аталмыш ұғымға қысқаша тоқталып өтуді жөн санадық. Жалпы басқару ұғымының негізі ежелгі философтар: Конфуций, Платон, Аристотель, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінен бастау алады. Мәселен, Конфуций (551-478 жж. б.д.д.) – «ізгілікті басқаруға» мән берген. Ол басқаруды - үнемі адам-дарға қамқорлық жасау, сонымен қатар қоғам мүшелері арасында міндеттерді бөлуде қатаң әлеуметтік дифференциация иерархиясы деп түсіндіреді [1]. Ал Платон (427-343 жж. б.д.д.) – басқаруды – мемлекет-те әрбір қоғам мүшесі өз ісімен шұғылдану қажет, өзге адамдар ісіне кірігуге болмайды, бұл талап тұтас құрылымға бағынуды және соған еңбек етуді нұсқайды. Оның пайымдауынша, «заң күші жүрмейтін, өзгеге бағынушы мемлекет құрдымға кететіндігін», адамды басқара білу «өте күрделі және еңбекпен қолжеткізуші білік» екендігін айтты [1, б. 25]. Аристотель (384-322 жж. б.д.д.) «әрбір мемлекет белгілі бір қоғамдық тұрғылықты орын» екендігін дәлелдесе, Платонның идеалды мемлекетіне сын айтып, жеке мүлік және қоғамдағы отбасын сақтау қажеттілігін қорғау керектігіне жете көңіл бөлді [2]. Екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.). –басқару рөліне, оның адамгершілік құндылықтарына басты назар аударған [3]. Ал түркі ғұлама ойшылдары Жүсіп Баласағұнидан бастап, Қожа Ахмет Иассауи, Ахмед Иүгінеки, Махмуд Қашқари өздерінің еңбектерінде ел басқару мәселесіне, мемлекет басқарушысының кемелденген, парасатты адам болу керектігіне мән беріп, олардың бойында болуға қажетті ізгілік, парасаттылық, еңбексүйгіштік, алғырлық, әділеттілік сынды адамгершілік сапаларды: көрсеткендігі мәлім [4]. Сонымен ежелгі және орта ғасыр философтарының еңбектерінде басқару ұғымын кім басқару керек және қалай басқару керек делінген екі бағытты анықтадық.
Дейтұрғанмен кез келген қоғамда, әр уақытта басқарушылар қатарына 1-ден, білімі бар, 2-ден, тәрбиелі, 3-ден, лауазымды отбасы ұрпақтары кіргендігін білеміз. Себебі бұл кезеңде басқаруға арнайы оқытпаған. Ал басқарудың ғылыми мектебін негізін салушыларға келер болсақ, олардың алғашқылары: Ф.Тэйлор, Ф.Гилбрет, Л.Гилбрет, Г.Эмерсон, Генри, Канттың есімдерімен тығыз байланысты. Олардың пікірінше, басқару – бұл ерекше мамандық, ал ол туралы ілім дербес пән. Олар логикалық талдау мен бақылауды қолдана отырып, жұмысты тиімді орындау үшін жекелеген операцияларды ғылыми жетілдіруді ұсынады, ғылыми басқаруды ұстанады [5].
Сол себепті де әр түрлі адами қатынастарды қамту арқылы, сонымен қатар көптеген жауапкершілігі жоғары түрлі жағдайлар мен басқару нәтижесіне байланысты - басқару қызметі басқа еңбек түрлерінен түбегейлі ерекшеленеді. Оған А.Л. Егоршиннің көзқарасы бойынша басқару қызметінің келесідей маңызды белгілерін атап өтуге болады:
- іс-әрекеттің әртүрлі деңгейлеріндегі басқарудың иерархиялары;
- алгоритмдік емес, қызметтің шығармашылық сипатта болуы, ақпараттың жетіспеуі және жиі өзгеретін, жиі қайшылықты жағдайлар;
- шешілетін басқару міндеттерінің болжалды сипаты;
- коммуникативті функцияның маңызды рөлі;
- шешім қабылдау барысындағы үлкен жауапкершілікке байланысты жоғары психикалық шиеленіс [6].
Білім беру ұйым басшыларының басқаруға байланысты қызметтері бүгінгі күні көптеген пікірталас-тардың түрткісі болып отыр. Бұл тақырыпты зерттеу психологиялық қолдау тұрғысынан салыстырмалы түрде жүргізіледі.
Оқытушылар құрамын басқару білім сапасын көтеру мақсатына жетуді қамтамасыз етеді және оған мыналар кіреді:
- мұғалімдер мен олардың өзін-өзі тануына жағдай жасау және өз жұмысына қанағаттануын қамтама-сыз ету;
- мұғалімдердің кәсіби шеберліктері пен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
- қолайлы моральдық-психологиялық климат құру;
- мұғалімдердің кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Білім беру саласында мұғалім - қайталанбас ерекше тұлға, сондықтан білім беру мекемесіндегі басқарушының әр қызметкерге бірдей басқару әрекеттері мен әдістерін қолдануы тиімді бола бермейді. Қызметкерлер белгілі бір жұмысқа сай немесе мүлдем сай келмейтін болмайды, тек қана белгілі бір нақты тапсырмаға сәйкес болуы мүмкін. Мәселен, тәжірибе, ынталандыру түрлері жеткіліксіз болуы мүмкін. Көптеген ғалымдар (Бабанский Ю.К., Архангельский С.И., Талызина Н.Ф., Хмель Н.Д., т.б.) әлеуметтік құбылыстарда оқыту мен тәрбиелеу қалай қажет болса, басқару да дәл солай қажет және де осы орайда, басқару стилін дұрыс таңдау аса маңызды қызметтің бірі деп атап көрсетті. Ескере кететін жайт, психо-логтардың көзқарасы бойынша қызметкердің мінез-құлқында рационалды ғана емес, сонымен бірге интуитивті эмоционалды қасиеттері көрініс табады. Осылайша, оның шешімдері мен әрекеттеріне рационалды ғана емес,эмоционалды факторлар да әсер етеді. Адам бір жағынан ішкі бейімділіктеріне және өзіндік шешімдеріне, екінші жағынан сыртқы орта жағдайларына сәйкес әрекет етеді.