Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары


MOTIVATION TO ACHIEVE SUCCESS AND AVOID FAILURE AS THE DRIVING FORCES OF THE DEVELOPMENT OF LEADERSHIP POTENTIAL OF STUDENTS



бет102/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

MOTIVATION TO ACHIEVE SUCCESS AND AVOID FAILURE AS THE DRIVING FORCES OF THE DEVELOPMENT OF LEADERSHIP POTENTIAL OF STUDENTS


Abstract
In the article the authors tried to reveal the problem of motivation to achieve success or avoid failures. In the study, motivation is considered as an internal core of behavior and activity.
Based on the study of the works of psychologists such as A.Leontiev, B.Teplov and others, the authors determine that in a new situation, a person motivated for success will persevere and look for ways to solve the problem, and the dominance of motivation to avoid failures often leads to the formation of a conformal type of behavior. In this case, the person is not able to master the skills of independent work, can only act with the support of others.
It should be noted that it is possible to overcome the features of conformism by training the will. Volitional regulation of behavior is characterized by the state of optimal mobilization of the individual, the required mode of activity, the concentration of this activity in the necessary direction.
Keywords: success, achieving success, avoiding failure, motivation, leadership potential, student, development.


Біздің қоғамда демократиялық бастамалардың дамуы тұлғаға дербес өзіндік орнын табу стратегия-сын құруға, дербес даму нұсқаларын іздестіруге, азаматтық құрылуына еркін таңдау үшін шынайы жағ-дайлар құрды. Бұл жаңа педагогикалық ойлауды қалыптастыруды, педагогикалық өзара әрекеттестікті құрудың жаңа амалын, тұлға әлеуметтенуінің түрлі формасында шығармашылықты ұйымдастыруды меңзейді. Еліміздің нағыз патриотын, өз еліне деген сүйіспеншілігі зор, еліне және өзіне деген өнімді, гармониялық еңбекке ұмтылушы тұлға тәрбиелеу ұйымдастырушылық қасиеттерді, лидерлік мүмкіндік-терді дамытусыз, әлеуметтік бастамашылдыққа ұмтылыссыз жүрмейді.
Өз іс-әрекетіне маңыздылық дарыту үшін белгілі бір қабілеттерге ие болу жеткіліксіз, оларды дұрыс көрсете білу қажет, жағдайды сезініп керексіз шарттарды өзгерту, объективті факторларға сүйену керек. Студент лидерлік әлеуетін ашуға түрлі жағдайларды тиімді көрсету мәселесі аса маңыздылыққа ие. Сол себепті лидерлік мүмкіндіктер және ұйымдастырушылық біліктіліктер – бұл азаматтық – патриоттық маңыздылық позициясынан, дербес жеке қабілеттерін көрсету позициясынан адам белсенділігінің құрылу іргетасы болып табылады.
Осы тұста жетістіктер уәждемесі адам мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл ойнайтынын ашып айтып кетуге болады. Оның мәселелерін зерттеу психологиядағы өзекті бағыт болып табылады, бұл заманауи қоғамның дамуының белгілі бір беталыстарымен байланысты. Ғылыми-техникалық прогресс, кәсіпкерлік саласының кеңеюі, білімнің беделдігінің артуы адамды сайыс, объективті бағалау, конкурстық іріктеумен байланысты жағдайларда белгілі бір табыстылыққа қол жеткізу қажеттілігіне әкеледі. Оның мұндай жағдайлардағы мінез-құлқы көбіне жетістік уәждемесінің күші мен бағытталуына байланысты болады.
Адамның уәжін психикалық феномен ретінде анықтау мәселесімен көптеген психологтар тығыз айналысты. Әдетте, уәжді уәждеме жүйесінің немесе адамның уәждемелік саласының компоненті ретінде қарастырады. Біз өз жұмысымызда бұл түсініктерді синонимдік ретінде пайдаланатын боламыз.
Уәждеме мәселесіне үлкен мән берген психологтардың бірі іс-әрекетік тәсіл өкілі А.Н. Леонтьев болатын. Ол адамның уәжін оның қажеттіліктерімен байланыстырды [1].
Қажеттіліктің белсенділік көзі ретінде бар болуы адамның кез-келген қызметіне алғышарт болады. Қажеттілікті шынайы өмір заттарына белсенді және таңдамалы қатынастағы біріншілікті бастапқы нысан-ды білдіретін тірі ағзалардың қасиеті ретінде анықтауға болады. Басқаша айтқанда, шынайы әлемнің заттарына деген объективті қажеттіліктің субъективті жағдайы.
Осылайша, психологиялық деңгейде қажеттілік психикалық кескінмен екі түрлі жанамаланған: субъективті (субъективті күй), бұл қажеттілік пен шиеленіс болуында көрініс табады, бұл ретте тұтыну пәні ашылмаған, сондықтан, оның өзі маңызды; объективті (объективті қажеттілік), бұл жағдайда тұтыну-шылықтың өзі емес, сыртық әлемде орналасқан оның пәні маңызды.
Уәждеме – мінез-құлық пен іс-әрекеттің ішкі анықтаушысы. Ол адами мінез-құлықтың қозғалтқыш күші ретінде сөзсіз, тұлғаның құрылымында жетекші орынды алады және оның негізгі құрылымдық түзілістерін: мінез, тұлғаның бағыттылығы, эмоция, қызмет етушілік және психикалық үдерістерді қамтып өтеді.
Мінез – тұлғаның тұрақты сипаты. Б.Г. Ананьевтің пікірі бойынша ол «негізгі өмірлік бағыттылықты көрсетеді және осы тұлғаға тән өзіндік әрекеттер кейпінде көрініс табады». Басқаша айтқанда, мінезге анықтама бере отырып, тұлғаның өмірлік жағдайларға жауап қайтарудың үлгілік тәсілдерін анықтайтын қасиеттерінің жиынтығы [2]. Мінездің көрініс табулары бұл танылулар нақты жағдайда қандай уәждер мен мақсаттарға қызмет ететініне байланысты болады. Әрине, өзекті уәждер мен мақсаттар мінезге қалай ықпал ететіндігі туралы сұрақ туады. Бізді де көбінесе уәждеменің мінез ерекшелігіне ықпалы қызық-тырады.
Б.М. Теплов бөліп көрсеткен мінездер қырларының топтарына (екеуі уәждемемен тікелей байла-нысты) сүйене отырып, қандай да бір заңдылықтарды анықтауға тырысамыз [3]. Еңбек пен өз ісіне қаты-насты көрсететін сипаттар тобынан бастау қажет. Бұған белсенділік, адалдық, жауапкершілік кіреді. Бұл табысқа жетуге ынталанған адамдарда көрініс табатын сипаттардың дәл өзі. Бұл екі аспектілер арасын-дағы тура пропорционалдық тәуелділікті байқауға болады: адамда жетістік уәжі неғұрлым күшті болған сайын, адамның еңбекке деген қатынасының оң қырлары соғұрлым айқын көрінеді. Жетістік уәжінің күшеюі (тек орта деңгейге дейін немесе ортадан сәл жоғары) бастамашылық, еңбексүйгіштік, қиындық-тарды жеңуге және табысқа қайткенде де жетуге ұмтылушылықтың дамуына әкеледі. Әрі бұл қызметтің қандай да бір саласы үшін емес, жалпы қызметке тән сипатқа ие болады. Яғни, жаңа жағдайда табысқа ынталанған адам табандылық танытады және мәселені шешу жолдарын іздейді.
Әрине, бұл тек тұлғалық ерекшеліктердің дамуына ғана әсер етіп қоймайды, жоғары психикалық функциялардың дамуыга әкеледі, мысалы, ойлау, мұның дамуының жоғары деңгейі стандартты емес тапсырмаларды шешудің қажетті шарты болып табылады; мұндай тапсырмаларға деген қызығушылық жағдайға әдеттен тыс көзқарасты іздеуге себепші болады, ал бұл барлық уақытта қиялдың дамуына әкеледі. Қиялы жақсы дамыған адам мәселелерді жан-жақты қарастыру қабілетіне ие болады, тиісінше, дұрыс шешімді таңдау ықтималдығы артады. Стандартты емес тапсырма бар уақытта қиындықтың бір-шама жоғары деңгейін білдіреді және шешім субъектінің тапсырмаға жинақталуын талап етеді, осылайша зейін және оны жинақтау мен рационалды үлестіріп бөлу мүмкіндіктері дамиды. Осының арқасында табысқа ынталанған адам күтілмеген жағдайларда абыржымауға қабілетті. Бір тұйық шеңбер құрылады: жетістік уәждемесі субъектінің қабілеттерінің дамуына әкеледі, ал дамыған қабілеттер табыс ықтималды-ғын арттырады.
Сәтсіздіктен қашу уәждемесінің жағдайы мүлдем басқа. Уәждеменің бұл түрі жағымды немесе тиімді қозғалтқыш күш болып табылмайды. Сәтсіздіктен қорқу жауапкершіліктен қашуға, көбіне тіпті қызмет-тен жалтаруға әкеледі. Белсенділіктің жоқтығы барлық дерлік психикалық үдерістердің тежелуіне әкеле-ді, тиісінше, прогрестің болмауы, мінездің теріс қырларының дамуы да мүмкін, мысалы, қиындықтардың, кедергілердің алдында тізе бүгу, жинақылықтың жоқтығы, ебедейсіздік. Сәтсіздіктерден қашу уәжде-месінің үстемдік етуі көбіне мінез-құлықтың конформдық типінің қалыптасуына әкеледі. Бұл жағдайда адам дербес жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге қабілеті төмен, тек қоршағандардың қолдауымен ғана әрекет ете алады. Мұндай адамдардың сыннан қорқатыны салдарынан олар өз ойларын айтпайды, қоршаған ортаның пікіріне көз жұмып ереді, тиісінше, әрдайым «жетектегі» болып табылады, уағызлық әсер етуге төтеп бере алмайды. Конформдық мінезді адамдардың ерекшелігі – өз ортасымен қарама-қайшылықтың болмауында. Осының салдарынан дамудың болмауы, А.Н. Леонтьев айтқандай, қызмет үдерісінде туындайтын қайшылықтардың нақ өзі тұлға дамуының қозғалтқыш күші болып табылады.
Конформизм сипаттарын ерік-жігерді жаттықтыра отырып, еңсеруге болады. Мінез-құлықтың ерік-жігерлік реттелуі тұлғаның оңтайлы жұмылдырылу күйімен, белсенділіктің қажетті режимімен, бұл белсенділіктің қажетті бағыттағы жинақталуымен сипатталады. Бұл жағдайда табысқа жету уәждемесі тұлғаның ерік-жігерлік қасиеттерін дамытуға көмектеседі, оларға ерік-жігер, яғни, мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті ерік-жігерлік күштің дәрежесі; табандылық адамның өзінің мүмкіндіктерін қиындықтарды ұзақ уақыттық еңсеру үшін жұмылдыру қабілеті ретінде; төзімділік (қабылданған шешімді жүзеге асыру-ға кедергі келтіретін әрекет, сезім, ойларды тежеу қабілеті), қайраттылық. Бұл көптеген мінез-құлықтық әрекеттерін анықтайтын базалық ерік-жігерлік қасиеттер. Неғұрлым жоғары деңгейде табысқа жету уәжі табандылық (жылдам, негізделген және қатаң шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру), батылдық (жеке бастың аман-есендігіне төнетін қауіпке қарамастан мақсатқа қол жеткізу үшін қорқынышты жеңіп, ақтал-ған тәуекелге бара білу қабілеті), ұстамдылық (өз психикасының сезімдік қырларын бақылау және өз мінез-құлқын саналы түде қойылған міндеттерді шешу үшін бағындыру қабілеті), өзіне сенімділік сияқты ерік-жігерлік қасиеттерді дамытуда біршама маңызды. Сәтсіздіктен қашу уәжінің жетекшілігінде аталып өткен қасиеттер өте әлсіз дамыған, бұл субъектінің енжарлығын, жиі күдіктену, айтуға қорқу, жасқаншақ-тықтың себебін түсіндіреді. Бұлар төмендетілген өзін-өзі бағалаудың жарқын көріністері – өз әрекеттері-не, олардың табыстылығына сенімсіздік, өзіне деген сенімсіздік .
Өзін-өзі бағалау деңгейі елеулі дәрежеде табысқа жету немесе сәтсіздікке ұшырау нәтижесінде пайда болатын адамның өзіне, өзінің қызметіне қанағаттануы немесе қанағаттанбауымен байланысты болады. Өмірлік табыстар мен сәтсіздіктердің қабысуы, біреуінің екіншіден басым түсуі біртіндеп тұлғаның өзін-өзі бағалауын қалыптастырады. Табысқа жетуге ұмтылысы қатты көрнекті болатын адамдар өмірде мұндай уәждемесі әлсіз немесе болмайтындарға қарағанда әлдеқайда көп нәрсеге қол жеткізетіні байқа-лады. Нәтижесінде мұндай адамдар жеңімпаз емес, жеңілген, жалпы өмірлік сәтсіздікке ұшырағандар болатыны жиі. Дәл осының нәтижесінде сәтсіздіктен қашуға ынталанған адамдарда әдетте, өзін-өзі баға-лауы төмен болады. Бұл адамда оны әлсіз, қандай да бір нәрсені еңсеруге қабілетсіз ретінде сипаттайтын қасиеттердің дамуына әкеледі. Бірақ, сәтсіздіктен қашу уәжінің үстемдігінде де өзін-өзі бағалауы аса көтеріңкі болатын жағдайлар да кездеседі. Бұл менменшілдік, асылық, кейде бетпақтыққа өтіп кететін өзін-өзі дәріптеушілік, өкпешілдік, жасқаншақтық, эгоцентризм (өзінің әсерлерімен әрдайым назардың ортасында болуға бейімділік), менмендік (басым жағдайда өзінің жеке игілігін ойлауы) сияқты қасиет-тердің дамуына алғышарт болады. Ал табысқа жету уәждемесі дұрыс өзін-өзі бағалаулы қалыптастыруға көмектесуші ретінде абсолютті қарама-қарсы қасиеттерді дамытады: қарапайымдылық, дұрыс түсінілетін абырой және мұнымен байланысты өзін-өзі сынаушылық, өз қадірін сезу.
Өзін-өзі бағалауы төмендетілген тұлғалар өздеріне сенімсіз болғандықтан, ал асыра бағалағандар сыннан қорқып, оны қабылдамайтындықтан, өзін-өзі бағалауы дұрыс емес адамдардың ерекшелігі үрей-ленудің жоғары деңгейі болып табылады. Д.Аткинсонға сәйкес, «…қашу үрдісі негізінде алдағы қызметте мүмкін сәтсіздіктен сезінетін қорқыныш жатыр, әрі бұл уайымдау қашу уәжі күшімен тікелей байла-нысты үрейдің белгілі бір деңгейін тудырады» [4].
Үрейлілігі жоғары адамдарда жетекші болып сәтсіздіктен қашу уәжі табылады, бұл күйзелісті жағ-дайларда және тапсырманы шешуге берілген уақыттың тапшылығы жағдайында төмен жұмыс қабілет-тілікті, әрекетке ұмтылуды төмендететін сәтсіздік туралы хабарламаға эмоционалды өткір реакцияны, көптеген объективті түрде қауіпсіз жағдайларды қауіп төндіретін ретінде қабылдау мен бағалауды анық-тайды. Жеке тәжірибедегі жиі болатын сәтсіздіктер тіпті мінездің акцентуациясына әкелуі мүмкін.
Айқын көрнекті тұлғалық үрейлі адамдарда дәрменсіздік сезімі пайда болуы мүмкін. Ол көбіне өткен шақтағы көптеген сәтсіздіктер индивидтің санасында өзінде табысты және тиімді қызмет етуге қажетті қабілеттердің жоқтығымен ассоциацияланғанда пайда болады, бұл ары қарай талпыныстар жасау мен қызметті орындауға күш жұмсау ниетінің жоғалуына алып келеді. Бұны бірінші болып америкалық ғалым, Пенсильвания университетінің психология профессоры М.Селигман айтты. Бұл құбылыс «үйренілген шарасыздық» деп аталды. Өте көп дүние адам осы міндетті мүлдем шешілмейтін деп есеп-теуі немесе оған өзінің ғана қабілеті жетпейді деп санайтындығымен анықталады [5]. Үйренілген шара-сыздық әдетте тек соңғы жағдайда ғана дамиды. Оған қоса, адам тапсырманың шешімі бар, бірақ, ол өзі таласпайтын тек арнайы дайындығы бар тұлғаларға қолжетімді деп те мойындауы мүмкін. Жалпы, сәтсіздіктің ары қарайғы барлық мінез-құлықтарға әсер етпеуіне осындай ішкі нұсқама жеткілікті. Сәтсіздіктердің себептерін ішке жатқызу үйренілген шарасыздықтың айқындаушы көрінісі. Бұл ретте адам сәтсіздікті осы жерде және осы шақта өткерудемін деп есептей алады. Бірақ, ол сәтсіздіктерге ары қарай да ұшыраймын, әрі тек осы нақты қызметте ғана емес, басқа кез-келгенде де ұшыраймын леп бол-жауы мүмкін. Бұл жағдайда мәселе жаһандыққа айналады және шешілуі өте қиынға соғады.
Осылайша, ғалымдардың адамдарда когнитивті шарасыздық сезімінің пайда болуына мүмкін беретін және кедергі келтіретін ерекшеліктерді зерттеуі барысында табысқа жетудің қатты көрнекті уәждемесінде және көп нәрсе әрекет етуші тұлғаның өзіне байланысты болатындығына сенімділік барысында шарасыз-дық сезімі, оның теріс салдарлары сәтсіздіктен қашу уәждемесі мен сенімсіздіктің болуындағымен салыс-тырғанда сирек пайда болатыны анықталды. Мұндай сезімге бәрінен де бұрын берілетіндер өздерінің сәтсіздіктерін өте асығыстықпен және жөнсіз жиі түрде қажетті қабілеттердің болмауымен түсіндіретін, төмендетілген өзін-өзі бағалауға ие адамдар болып табылады. Сондықтан, адамның тиімділігі өмір тіршілігінің барлық саласында дерлік табысқа жету уәжін жандандыру деңгейіне байланысты болады.
Жоғарыда айтылғандарды жалпылай келе тұлғаның уәждемесі мен қасиеттері арасында өзіміз көз жеткізгендей, шынында да өзара байланыс бар: тұлғаның қасиеттері уәждеменің ерекшеліктеріне әсер етеді, ал уәждеменің ерекшеліктері бекіп, тұлғаның қасиеттеріне айналып кетеді деуге болады. Бұл ретте уәждеме тұрақты, бірақ, қарқынды құбылыс ретінде өзгеріс барысында адамның мінез-құлықтық әрекет-терінде де өзгерістерге әкеледі. Тиісінше, уәждің күшеюі не табысқа жету немесе сәтсіздіктен қашу тұлға-ның тиісті қасиеттерінің қалыптасуына себеп болады. Егер сәтсіздіктен қашу уәждерінің үстемдік етуінде адамды әлсіз ретінде сипаттайтын қасиеттер қалыптасса, табысқа жету уәжінің жетекшілік етуінде қарама-қарсы қасиеттер қалыптасады, жетістік уәждемесінің үстемдік етуіне жағдай жасай отырып, адам-ның оң, мықты қырларының дамуын қамтамасыз етуге және оның дамыған тұлға ретінде қалыптасуына алғышарт жасауға болады.
Жалпылай келе, біз табыс пен сәттілікке ынталанған адамдардың мінез-құлқындағы айырмашылық-тар айқын, өздеріне, еңбекке және өз ісіне қатынасы арқылы көрінеді деп айтуға болады; тұлғаның ерекшеліктері ретінде бекітілген, тиісінше, қызметтің барлығына өзіндік белгісін таңады және оларды өзгерту өте қиын деп болжамдауға болады. Табысқа жетудің үстемдікті уәжі сәтсіздіктен қашуға ұмтыла-тын, барлық әрекеттері қиындықты жеңуге емес, қашуға бағытталған адамдармен салыстырғанда өзінің иесін мықты, қоршаған ортаны өзгерте алатын адам ретінде сипаттайды.
Табысқа жету уәжі өзін-өзі дұрыс бағалауды қалыптастыруға, ерік-жігерлік қасиеттерді, зейін, ойлау, қиялдау сияқты психикалық үдерістерді дамытуға көмектеседі. Сәтсіздіктерден қашу уәжі мүлдем басқа ерекшеліктермен сүйемелденеді, олар тұлғаның дамуына көрнекті оң ықпалға ие емес – жасқаншақтық немесе керісінше, асқақтық, өзіне сенімсіздік және осының салдары ретінде белсенді әрекеттерді жасау-дан қорқу, өз ойын айтудан қорқу, тиісінше конформдық. Сәтсіздіктен қашуға ұмтылу өз иесін үрейлен-гіш етеді және оны қиындық жағдайында тоқтатады, ал табысқа ұмтылу болса, адамды кедергілерге қара-мастан алға қарай қимылдауға, кедергілермен күресуге үйретеді. Дәл осы тұлғаның дамуына қажетті жағ-дай болып табылады. Сондықтан, сәтсіздіктен қашудың үстемдік уәжі барысында дамудың тежелуі тура-лы және табысқа жетудің үстем уәжі жағдайында жетілуге белсенді түрде ұмтылу туралы айтуға болады.
Зерттеулер барысында табысқа жету уәжі индивидуумда соңы жетістікке алып келетін әрекеттерінің қозғаушы күші ретінде түсіндірілетіні анықталған. Бұл тенденция іс-әрекеттің бағытталғандығынан, интенсивтігінен және табандылығынан байқалады. Сәтсіздіктен қашу уәжі қателіктерден, сәтсіздіктерден қашудың психикада жасалған механизмі ретінде анықтаған; сәтсіздікке ынталанған тұлға үшін ең бас-тысы - қате жібермеу, тіпті мақсатының бастапқы маңыздылығын өзгертсе де, немесе толық, не белгілі бір мөлшерде қол жеткізе алмай қалса да.
Табысқа жетудің және сәтсіздікті болдырмаудың басты уәжі индивид жұмысының қандай да бір аспектісінде ғана емес, оның барлық іс-әрекетінде байқалады. Бұл уәждің қалыптасқандығын және оның индивидтің бір қасиеті ретінде бекігенін білдіреді. Сәтсіздіктен қашу уәжінің басым болуы индивидтің әлсіз, аз белсенді екенін сипаттайтыны анықталған. Олай болса табысқа жетуге ұмтылу адамда ерік-жігер, төзімділік пен қайраттылық сияқты күшті қасиеттер бар екеніне куә болады. Бұл табысқа жетудің және сәтсіздікті болдырмаудың уәжі түрлі жеке бас қасиеттерін дамытуға әсерін тигізетінін білдіреді. Табысқа жету уәжі адамның бойында кедергілерді жеңіп, қиындықтарға қарсы тұруға ұмтылу қасиеттерін дамыту-ға жол ашады. Бұл нағыз индивидті жеке тұлға қылатын нәрсе. Осылайша табысқа жету уәжі әрқашан оң әсерін береді, және сәтсіздікті болдырмау уәжіне қарағанда жеке тұлғаның дамуына көп ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет