ОСОБЕННОСТИ ФОРМИРОВАНИЯ КУЛЬТУРЫ МЕЖЭТНИЧЕСКИХ ОТНОШЕНИЙ
Аннотация
В данной статье освещены вопросы межэтнических отношений (межнациональных отношений), стратегии сохранения и укрепления межнациональной и межрелигиозной гармонии в Казахстане.
А также проанализирована работа исследователей, которые изучали проблемы межнациональной гармонии, чувства патриотизма и межэтнического общения.
Ключевые слова: этнос, национальность, конфессия, ассамблея, отношения, межэтнические отношения, межнациональные отношения.
A.K.Yegenissova ¹, B.K.Kerimov ²
1,2 Caspian State University of Technologies and Engineering named after Sh. Yessenov
FEATURES OF FORMATION OF CULTURE OF INTER-ETHNIC RELATIONS
Abstract
This article highlights the issues of interethnic relations (national relations), strategies for maintaining and strengthening interethnic and inter-religious harmony in Kazakhstan.
It also analyzes the work of researchers who studied problems of interethnic harmony, feelings of patriotism and interethnic communication.
Key words: ethnicity, nationality, confession, assembly, relations, interethnic relations, national relations.
Этносаралық қатынастар (ұлтаралық қатынастар) сөздің кең мағынасында әр түрлі салаларда – саясатта, мәдениет пен тағы басқа да халықтардың өзара іс-қимылы ретінде түсіндіріледі. Бұл этностар-дың өмір сүруінің материалдық және рухани жағдайлары, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыру жөніндегі қатынастар. Тар мағынада – бұл әртүрлі ұлттардың тұлғааралық қатынастары, олар да түрлі қарым-қатынас салаларында – еңбек, отбасылық-тұрмыстық, сондай-ақ көрші, достық және басқа да бейресми қарым-қатынас түрлерінде болады. Ал конфессияаралық қатынастар – бұл конфессиялар (бағыттар) арасындағы да, негізгі әлемдік діндердің ұстанушылары қоғамдастықтарының арасындағы да қатынастар. Қоғамдағы конфессиялар ұсынылған идеология, дін қызметкерлері, бір топ діндарлар, сондай-ақ оларға түсіністікпен қарайтын адамдар. Өткен уақыттарда адамдардың діни қатыстылығы қоғамдық өмірдің маңызды факторы болды, бұл қазіргі әлемде де солай қалып отыр. Конфессиялар мен этностық топтардың алуан түрлілігіне тән қоғамдастықтардың тұрақтылығы конфессияаралық қатынас-тарға байланысты. Конфессиялар арасындағы келісім – бейбітшілікті сақтау үшін және олардың жайлы өмір сүруіне қажетті шарт.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған. Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауын-да «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген болатын. Бұл қағидат Қазақстанның ел бірлігі доктринасының шеңберінде де жүзеге асырылуда – этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету болып табылады [1].
Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді. Мемлекет бастапқыдан барлық этностар үшін мемлекетті қалыптастыру мүмкіндігін беретін Қазақстанда тұратын халықтардың мүдделерін біріктіру, этностық емес, азаматтық қоғамды қалыптастыру пайдасына таңдау жасады. Кофи Аннан Қазақстан Республикасына сапары кезінде «басқа мемлекеттер үшін ұлтаралық келісімнің, тұрақтылықтың, орнықты дамудың үлгісі» деп атады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI-сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан халқының этностық және мәдени саналуандығы мен төлтумалығын сақтауға байланысты жаңа қадамдар іздеген жөн», - деген ұйғарым жасаған еді [2]. Сол себепті, этносаралық қатынастарды жетілдірудің өзекті мәселелерінің бірі этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және дамыту, оған тәрбиелеу мәселесі болып табылады. Бұл мәселе қазіргі таңда ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелер ішінде басты орындардың біріне ие болуы тегін емес. Этносаралық қатынастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани аспектілерінен бөлек, жалпы қарым-қатынас мәдениетінсіз және, әсіресе, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінсіз этносара-лық қатынастарды салауаттандыру мүмкін емес.
Демек, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан гуманизм мен патриотизм сияқты биік адами қасиеттер, ізгілік пен әдептілік, байсалдылық пен сыпайылық, оң пиғыл мен ақ ниеттілік, шыншылдық пен әділеттілік, қайырымдылық пен адамсүйгіштік және т.б. сияқты қарым-қатынас мәдениеті мен мінез-құлық мәнері көрініс табады.
Яғни, осының барлығы берілген мәселенің таңдап алынуын бірқатар ой-пайымдар шарттастырғанын айғақтайды, олар: біріншіден, көпұлтты қоғамымыздағы этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін тұжырымдаудың маңыздылығы; екіншіден, «этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» сияқты күрделі категорияны саясаттанулық-тұжырымдамалық талдаудың күрделілігі; үшіншіден, әрбір адамның саналы іс-әрекеті ретіндегі этносаралық қарым-қатынас мәдениеті ережелерін бекіту талабы; төртіншіден, қоғамның саяси-рухани өмірінің, оның мәдениетінің, соның ішінде, адами қатынастар мәдениетінің табиғи құрамдас бөлшегі ретіндегі этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және бекіту процесін ашу қажеттігі; бесіншіден, «қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастық», «ұлтшылдық пен шовинизм көріністеріне төзбеушілік», «ұлттық ар-намысты құрмет-теу», «мінез-құлық мәдениеті», «халықтардың өзара түсіністігі», «толеранттық және этносаралық келісім» сияқты ұғымдардың ажырағысыздығын көрсетуге ұмтылыс; алтыншыдан, ұлттық қатынастардағы ұлттық пен жалпыадамзаттықты үйлестіруде этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің қызметі мен орнының маңыздылығын ашу қажеттігі туындайды.
Сондықтан, қазіргі жастардың бойында этносаралық қарым-қатынас мәдениеті этносаралық қатынастарды салауаттандырудың қуатты тетігі қызметін атқару талабынан туындайды. Белгілі ғалым Р.Б.Әбсаттаровтың дұрыс атап көрсеткеніндей, «Бұл мәселені барынша толыққанды зерттеу үшін ұлттық даму және этносаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасын жасаудың зор маңызы бар. Бұндай тұжырымдама Қазақстан халықтарының дамуы мен бірлесуінің жаңа сапаларын ашуға жағдай туғызып, сонымен бірге, олардың сана-сезімінің өсуіне септігін тигізер еді» [3]. Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті көпұлтты қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттықты үйлестірудің маңызды шарты болып табылады. Яғни, этносаралық қарым-қатынас мәдениеті біздің өмір салтымыздың барлық қырларымен тығыз байланысты.
Жастардың этносаралық қарым-қатынас мәдениетін, патриоттық сезімін қалыптастыру жөнінде ғалымдар мен саясаттанушылар Р.Б. Әбсаттаров, Л.Н. Коган, Т.С. Сәрсенбаев, С.М. Борбасов, В.Х. Баймұрзаева, Ғ.Е. Есім, А.М. Жүнісов, А.Н. Нысанбаев, Д.К. Кішібеков және т.б. өздерінің еңбектерінде қарастырған [3,4,5].
Жас ұрпақты толеранттылыққа, этносаралық татулыққа, ұлтаралық қарым-қатынасқа тәрбиелеу мәселелері гуманитарлық ғылымдар жүйесінде жан-жақты зерттелу үстінде. Бұл мәселелер белгілі қоғам қайраткерлері М.Қозыбаев, А.Қалмырзаев, А.Айталы, Ә.Кекілбаев, Г.Нұрымбетова, т.б. зиялылар мен ғалымдар еңбектерінде көрініс тапты [6].
Қазақстанда қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін этностар мен діндер арасында орнықты қарым-қатынас үлгісі қалыптасты. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалық міндетіне кірісуі кезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі – бүкіл әлемдегі түрлі конфессиялар арасындағы қарым-қатынас ісіне Қазақстанның қосқан қомақты үлесі» деген болатын [7].
Демек, Қазақстанда қоғамдағы жасампаздық пен келісім жағдайын және тұрақтылықты қамтамасыз ететін этностар мен діндердің өзара әрекеттесуінің тұрақты моделі қалыптасты. Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, «біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі – ол әр түрлі конфессиялардың өзара әрекеттесуінің бүкіл әлемдік процессіне Қазақстанның қосқан шынайы үлесі». Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі дінаралық қатынас саласында мемлекеттік сарабдал саясат жүргізіліп келеді [7].
Жалпы этнос құрылымының күрделілігі этникалық топтар арасындағы өзара қарым-қатынастың көптүрлілігін анықтайды. Бұл мәселенің бір бөлігі қазіргі әлемдегі ұлтшылдықты түсіну болып табылады. Ғылымда этностар арасындағы өзара қарым-қатынастар «ұлттық қатынастар», «ұлтаралық қатынастар» ұғымдарымен анықталады. Батыс әлеуметтануында «нәсілдік және этникалық қатынастар әлеуметтануы» термині қолданылып жүр.
Этникааралық қатынастарда әртүрлі салаларды қамтитын осы шақ та, өткен уақытта да мүдделер көрініс табады; өзара іс-қимыл тек қана іс-әрекеттерде ғана емес, сонымен қатар көзқарастарда, мақсат-тарда, құндылық бағдарларда да іске асырылады. Этносаралық ұстанымдар өзара іс-қимылдың – оң немесе теріс – бөгде этностармен ортақтастық ұстанымы, олардың өкілдерімен кез келген өмір сүру саласында және кез келген түрде (жеке қарым-қатынас, басқа этностармен байланысты түрлі құбылыс-тарды қабылдау) өзінің және бұрынғы ұрпақтардың тәжірибелерін жинақтайды. Этностардың дәстүрлі мәдениетінде негізделген ұлттық стереотиптер ерекше рөлге ие. Этносаралық қатынастарға көптеген факторлар әсер етеді: тарихи (одақтар, қосылу, жаулап алу, депортациялар); саяси (мемлекеттік құрылым формасы, басқару нысандары, саяси элиталардың өзара қарым-қатынастары); әлеуметтік (қоғамның этникалық және әлеуметтік стратификациясының арақатынасы, әлеуметтік мобильділіктің айырмашы-лықтары); мәдени (мәдениеттердің жақындығы, дәстүрлер, тілдер және т.б.); психологиялық; ахуалдық және т.б. Қоғамның, экономиканың тұрақты жай-күйі, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, халықтар арасындағы тату көршілік немесе достық қарым-қатынастарға бағытталған мемлекеттің ұлттық саясаты олардың жақындасуына, өзара қарым-қатынасына, интеграциялық үдерістерді кеңейтуге, әртүрлі этностар өкілдерінің рухани келбетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
2002 жылғы 26-сәуірдегі бекітілген Қазақстан халықтары Ассамблеясының орта мерзімді кезеңге арналған стратегиясы [2] және Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында этносаралық және патриоттық тәрбие беру жүйесін нысаналы дамыту арқылы азаматтардың бойында жоғары ұлттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен Конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеуді, білім жүйесінің ұлттық үлгісін тиімді дамытуды көздейді.
Сол себепті, этносаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық қоғамдық-саяси өмір сияқты ұдайы қозғалыста болады және қоғамның, халықтың немесе ұлттың дамуына орай, сәйкесінше өзгерістерге ұшырап, адамдар өмірінің жаңа кезеңінде қолайлы жаңа түрге, сипатқа немесе міндеттерге ие бола отырып, ұрпақтан ұрпаққа өтеді. Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байла-нысты мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қатынастар әр алуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті – этносаралық қатынастарды оптимизациялау. Халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру және жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, дүниежүзілік деңгейде де көп этносты және көпконфессиялы елдер қатарына жатады. Зерттеліп отырған мәселені көптеген авторлар кешенді мәселе тұрғысынан да, сондай-ақ, көпжоспарлы мәселе тұрғысынан да қарастырады. В.А. Скуратовскийдің «Культура межнационального общения: проблемы регулирования и саморегулирования» атты монографиясында этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды реттеудің әлеуметтік-философиялық мәселелері, методологиялық аспектілері, қызметтері мен принцип-тері және т.б. тұжырымдалады [8]. Я.Н. Коган өз еңбегінде этносаралық қарым-қатынас мәдениетіне тән сипаттар ретінде әрбір халықтың тілін, демократиялық дәстүрлерін, салт-ғұрыптарын, мәдениетін құрметтеушілікті, адамдарды ұлттық тегінен тыс, істеріне, жеке басының қасиеттеріне қарай бағалай білуді, кез-келген ұлтшылдық пен шовинизм көріністерімен келіспеушілікті атайды. И.Серованың «Культура межнационального общения» деген монографиясы да этносаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселелерін зерттеуге арналған. Бұл ұғымның мазмұнына ол мыналарды жатқызады: «а) әр түрлі ұлттар өкілдерінің өзара қатынастарын реттеп, барлық мүшелердің атқаруы үшін міндетті болып табылатын, заң дәрежесіне көтерілген нормативтік талаптар; ә) жалпыадамзаттық бауырластық мұраттары, өзге халық-тарға деген құрмет мұраттары көрініс тапқан әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы өзара қатынастардың күн-делікті қарым-қатынас процесінде қалыптасқан дәстүрлі нормалары; б) тұлғааралық қатынас жағдайын-дағы тұлғаның интерұлттық негізінде әлеуметтік бағытталған мінез-құлықтық мінездемесі мен осы талаптарға сәйкес мінез-құлық сипаты, стилі және деңгейі» [8]. Басқаша айтқанда, монография авторы этносаралық қарым-қатынас мәдениеті адамның мінез-құлқы мен оның әлеуметтік өмірдің барлық негізгі салалары – өндірістегі, тұрмыстағы, демалыс саласындағы, тікелей тұлғааралық қатынастардағы өзге ұлт адамдарымен өзара қатынастарының әлеуметтік реттеушісі болып қызмет ететіндігін негізге алады.
Біздің пікірімізше, «этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» ұғымы – бұл әрбір халықтың мәдениеті, тілі, әдет-ғұрпы, дәстүрлеріне деген саналы сый-құрметі, интеллектуалды күш-қайратымен өзінің ғана емес, сондай-ақ, басқа да халықтардың мәдени, рухани құндылықтарын тануға ұмтылысы, ұлттық сезімге, ар-намысқа деген сыйластықты қатынасы, өзге ұлт адамдарына деген ізгі ниет, жоғары мәдениет пен сый-құрметі. Осыған орай, зерттеу жұмысындағы ұлттар мен ұлыстар қарым-қатынасы мәдениеті екі деңгейде көрініс табатынын атап өткен жөн. Біріншісі – этносаралық қарым-қатынас мәдениеті, ал екіншісі – ұлтішілік (ұлттық) қарым-қатынас мәдениеті немесе қарым-қатынас мәдениетінің ұлттық формасы. Ұлтішілік қарым-қатынас мәдениетіне әлдебір халықтың ұлттық өзіндігінің ерекшеліктері жатады. Оның мазмұны әрбір халықтың тарихи дамуының қайталанбас еректігімен, оның тіршілік ортасы ерекшелік-терімен айқындалмай қалмайды. Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті қоғамның, халықтың, тұлғаның рухани өмірінің белгілі бір құрылымдық компоненті болып табылады. Ол түрлі ұлт өкілдерінің рухани байланысы деңгейін сипаттайды, бұл ретте ол этносаралық қатынастар нәтижесі ретінде танылады.
Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті дамуының саяси-әлеуметтік негізі Қазақстанның барша халықтары дамуының тұрақтылығының маңызды факторы болып табылатын әлеуметтік әділдіктің іс-тәжірибе жүзінде орнығуымен сипатталады.
Жалпы қарым-қатынас мәдениетінің сыпайылық, әдептілік сияқты кішігірім талаптарын бұзушылық, басқа ұлт адамдарына дөрекілік, немқұрайлылық, рақымсыздық танытушылық этносаралық қарым-қатынасқа ұлтшілік қарым-қатынасқа қарағанда, зор моральдық кесірін тигізеді. Алайда, жоғары этносара-лық қарым-қатынас мәдениеті тек гуманизм, достық және ынтымақтастық принциптеріне негізделеді деп есептеу адасушылық болар еді. Оның іргелі негізі - материалдық және рухани өндіріс нәтижелерімен алмасушылық өндірісіндегі сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігі, өзара мүдделілік, салауаттылық пен жалпыға ортақ ынтымақтастық нормаларына, жалпыадамзаттық құндылықтар мен моральдық ниеттестікке бағдарланушылық болып табылады. Осылайша, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі міндеті – адамды оның шығармашылық күш-қарымын ашатын, ілгері дамуын қамтамасыз етенін гуманистік типті этносаралық қарым-қатынастарды тұтынушы әрі тудырушы ретінде қалыптастыру деп санауға болады. Бұл күрделі мәселені зерттеу барысында Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл өркениетті тұлғаның қоғамдық санасының бөлшегі болып табылып, оның моралі мен психологиясының маңызды жағын құрайтын қасиеті екендігі туралы мәнді тұжырымдар жасалады. Тұлғаның, оның еркіндігінің дамуы, оның ой-өрісінің кеңеюі этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұны көптеген факторлар шарттастырады, бұл жерде тығыз диалектикалық тұтастықта алынған жақсы ойластырылған экономикалық стратегия, күшті әлеуметтік саясат және мақсатқа сай идеялық-тәрбиелік жұмыс зор маңызға ие, бұндай тұтастық-сыз қойылған міндеттердің ешбірі, оның ішінде, этносаралық қатынастарды одан әрі үйлестіру міндеті шешіле алмайды.
Этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы ұлттар мен ұлыстардың эконо-микасы, мәдениеті, тұрмысы, білім-ғылым жүйесінің дамуы негізінде жүреді. Онда халықтардың күллі рухани байлығы шоғырланған. Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнында олардың мүдделері мен мақсаттары, тарихи тағдырларының ортақтығы көрініс тапқан. Этносаралық қарым-қатынас мәде-ниетіндегі жалпыадамзаттық халықтардың экономикадан бастап рухани салаға дейінгі өмірдің барлық салаларындағы тығыз байланыстары мен достық ынтымақтастық қатынастары барлығына сілтейді. «Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» ұғымы мазмұнынан адамдардың өз халқына тиістілігі сезімін, олардың жалпыадамзаттық құндылықтарға тартылушылығын, басқа ұлттардың рухани байлығына деген сый-құрметін, олардың тағдырларына қатынастылығы сезімін, тағы басқаларды алып тастауға болмайды. Этносаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың өзара қатынастары процесі халықтар өмірінің барлық салаларында жүреді. Көпқырлы халық тұрмыс-тіршілігінің көпұлтты қоғам мүдделеріне толық сәйкесетін ортақ қарым-қатынас және мінез-құлық сипат-белгілері дамып, жетіледі.
Ғалым Г.Р. Нұрымбетованың атап өткеніндей: «Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті белгілі бір құрылымдық тұтастықты құрайтын нормалар, ережелер, сондай-ақ, саяси, құқықтық және гуманитарлық құндылықтар жиынтығымен сипатталады. Бұл, өз кезегінде, қарым-қатынас мәдениеті феноменіне этносаралық қарым-қатынасты ұтымды, өнімді түрде реттеуге қабілетті құрал маңызын дарытады» [9].
Осылайша, зерттеу жұмысында жоғарыда айтылғандардан этносаралық қарым-қатынас мәдениетін-дегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігі – күрделі процесс деген тұжырым жасауға болады. Ол мазмұн мен форманың диалектикасы арқылы ашылады. Форма мазмұнды емес, мазмұн форманы айқындайтындықтан, рухани мәдениетте де айрықша-ұлттық формалардың көптүрлілігі жалпыадамзат-тық, гуманистік мазмұнмен айқындалады. Бірлік тұтастай алғандағы әрбір ұлттар мен ұлыстардың мүдделерінің, оның ішінде, рухани да мүдделерінің дұрыс үйлесуін діттейді.
Біздің пікірімізше, көпұлтты қоғамымыздың этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің тарихи дамуы, қалыптасуы және орнығуының әрбір кезеңіне дұрыс, ғылыми негізделген және шынайы баға берудің мемлекеттің ұлттық қатынастар саласындағы саясатын тұжырымдап, жүзеге асырудың зор теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Осыған орай, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясында: «Мен біздің саясат зерттеуші мамандарға, қоғамдық ғылымдар саласының ғалым-дарына сөзімді ерекше арнағым келеді. Меніңше этносаралық қатынастар проблемалары сіздердің бүгінгі таңдағы зерттеулеріңіздің өзегіне айнала алады және айналуға тиіс. Осы салада болып жатқан процес-терге, оның үстіне Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүние жүзінде болып жатқан процестерге айқын сипат-тама беруді, этникааралық қатынастардың қалыптасуының ықтимал келешегі туралы білімді қоғам аса қажет етіп отыр. Сайып келгенде, қоғамдық институттарға, басқару органдарына социологиялық сауал-дарға сүйенетін және ұлттық саясатты жүргізудің аймақтық ерекшеліктерін ескеретін нақты ұсыныстар қажет» - деген еді [2]. Біздің қоғамымыздағы этносаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлт өкілі ретіндегі әр адамның шығармашылық мүмкіндіктерін ашуды, сонымен қатар, ұлттардың өздері мен ұлттық қатынас-тардың жасампаз күш-қарымын анықтауды діттейді. Жоғары деңгейдегі этносаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлттық факторды есепке алу туралы ғана емес, сонымен бірге, оның күш-қорын экономикалық және рухани байлықты жаңғырту мақсатында жүзеге асыру туралы мәселені көтеруге жағдай жасайды.
Міне, сондықтан да, жаңа заман, яғни, жаһандану кезеңіндегі жаңаша саяси ойлау жағдайында этносаралық қарым-қатынас мәдениеті, жалпыадамзаттық және ұлттық мүдделер, нормалар, принциптер, гуманистік құндылықтар өзекті мәселелерге айналады. Демек, этносаралық қарым-қатынас мәдениеті принциптерінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде түрлі ұлттар өкілдерімен қатынастарда әдептілік, сый-құрмет, кішіпейілдік, сыпайылық, тілеулестікті сақтау сияқты өнегелік талаптары көрінеді. Сондықтан оқушы жастарды қандай да бір ұлт өкілдеріне, олардың ұлттық мәдениетіне, тіліне, әдет-ғұрпы мен дәстүрлеріне менсінбеушілікпен қарау, дөрекілік, немқұрайдылық, әдепсіздік таныту ұлттар мен этносаралық қатынастардың дамуына кесірін тигізуі ықтимал.
Біздің пікірімізше, этносаралық қарым-қатынас мәдениеті принциптерін қоғамымызда тұрақталған және жалпыадамзаттық мәнге ие негізге алынатын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде айқындауға болады. Этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің нормативтік жүйесі демократия, этносаралық келісім мен патриотизм принциптерін, жалпыадамзаттық негіздер нормалары мен принциптерін бойында тұтады.
Достарыңызбен бөлісу: |