Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Выготский Л.С. Шығармалар жинағы: В 6 т. – М., 1984. – Т. 5.
Лубовский В.И Общие и специфические закономерности развития аномальных детей //Дефектология. – 1991. – № 6.
Лубовский В.И. Психологические проблемы диагностики аномального развития детей. – М., 1989.
Стребелев. Психолого-педагогическая диагностика развития детей дошкольного возраста / ред.Е. А. – М., 1998.
Бурменская Г.В., Карабанова О.Л., Лидере Л.Г. Возрастные и психологические подходы в консультировании детей и подростков. – М., 2002
Уленкова У.В., Лебедева О.С. Выготский Л.С. И современная деятельность практической психологии. – Нижний Новгород, 2000. – Нижний Новгород, 2000.
МРНТИ 15.01.11
А.С. Оспанова ¹
¹ Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Алматы қ., Қазақстан
ҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОМОТОРЛЫ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация
Бұл ғылыми мақалада қалыпты және патологиялық жағдайда ерте жастағы балалардың психо-моторлы дамуының ерекшеліктері қарастырылған. Балада даму ауытқуларын ерте анықтау үшін олардың себептері мен қатар қалыпты психомоторлық дамудың негізгі заңдылықтарын білу де маңызды.
Психикалық даму биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерінен олардың ажырамас бөлігін-де жүзеге асырылады. Тыныс алуды, жүрек-қантамыр қызметін, ас қорытуды реттеу сияқты өмірлік маңызды функциялардың қалыптасуы негізінен биологиялық факторлармен (генетикалық даму бағдарламасымен) анықталады. Жоғары жүйке қызметімен қатар функционалдық жүйелердің қалып-тасуы едәуір дәрежеде әлеуметтік ортаның, оқыту және тәрбиелеудің ерекшеліктеріне байланысты.
Қалыпты және патологиядағы психикалық даму ерекшеліктері мидың жетілу заңдылықтарымен байланысты, ол сондай-ақ генетикалық және орта факторлардың өзара әрекеттесуімен байланысты.
Мидың даму заңдылықтары мен функционалдық жүйелердің жетілуі баланың жүйке-психикалық даму кезеңдерінің сабақтастығын анықтайды. Жетілудің біркелкі болмауы дамудың парциалды (ішінара) кідірістерінде байқалады. Баланың жас ерекшелігінің әр түрлі кезеңдерінде әрбір функционалдық жүйе-нің жетілу қарқынына қарамастан, оның миы өмірдің барлық кезеңдерінде біртұтас ретінде жұмыс істейді, бұл жүйеаралық байланыстарды қалыптастыруды көздейді.
Түйінді сөздер: психомоторлы даму, психикалық даму, онтогенез, қозғалу-кинестетикалық анализаторы, қалыпты психомоторлық дамуы, афиксия, жүйеаралық байланыстар
Оспанова А.С.¹
¹ Казахский национальный женский педагогический университет
г. Алматы, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: |