Дәріс-9.
Тақырыбы: Мәтін лингвистикасы
1)тәрбиелік мақсатта. Ол үшін, а) тілдік фактілерге мысал ретінде әдебиет сабақтарында өтілген көркем шығарма мәтіндерін пайдалану, ә) жеке сөздердің, грамматикалық формалардың, синтаксистік құрылымдардың, сөйлемдегі байланыс тәсілдері мен мәтіннің бөліктеріне байқау жүргізу.
2) тіл ұстарту екі пәнге де ортақ ( мазмұндама, шығарма жазуға, оқығанын өз сөзімен айтып беруге үйрету).
Дәріс-10.
Тақырыбы: Мәтіннің лексикалық құрамына талдау жасау
Орта мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасы – оқушылардың мектепте оқу мерзімі ішінде қазақ тілінен алатын білімдерінің мазмұны мен көлемін, дағдыларын белгілейтін мемлекеттік негізгі құжат.
Бағдарламаны орындау - әрбір мұғалімнің міндеті.Осы мақсатқа оның бүкіл оқу бойындағы жұмысы, барлық күш- жүгері бағындырылуы тиіс.Бағдарламаға сүйене отырып, мұғалім өзінің жұмысын жоспарлайды, өзі қалаған ең тиімдіідістемелік тәсілдерді сұрыптайды, класта және үйде орындалатын жаттығулар жүйесін жасайды, оларға материал сайлап алады.Сондықтан бағдарламаны танысып, білмейінше мұғалім қазақ тілінен жұмыс жүргізе алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |