Дәріс – 8. Тақырыбы: Қазақ тілінің сабақ түрлері Қазақ тілі басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шет тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнкмі түзетіп отыруға жол ашады.