Үй жануарлары және оның пайдасы №4



Дата08.09.2017
өлшемі65,01 Kb.
#30118
Үй жануарлары және оның пайдасы
4 «Ертөстік» ортаңғы тобында ұйымдастырылған
қалалық оқу қызметінің технологиялық картасы


Тәрбиеші: Ниязбаева Алима Мұстафақызы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту

Тақырыбы: ______«Үй жануарлары және оның пайдасы»

Мақсаты:

Білімділігі:Балаларды үй жануарларымен таныстырып, дұрыс атай білуге және қалай

дыбыстайтынын, қай жануардың дыбысы екенін танып білуге үйрету.

Дамытушылығы: Үй жануарларына байланысты тақпақ, сұрақ – жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту. Өз ойларын толық айтуға, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге, олардың бізге тигізер пайдасын айту, күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, дидактикалық ойындар, слайдпен жұмыс.

Керекті құралдар: Слайд, үй жануарларының және төлдерінің суреттері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қорғаушы

-Балалар бүгінгі біздің оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр екен. Олай болса алдымен қонақтармен амандасып алайық.

-Балалар бізге Әли мен Айя теледидар арқылы көңілді әуен жіберіпті.

-Назар аударайып, тыңдайық.

-Шаттық шеңберінде тұрып, көңілді әуенмен қонақтармен үш тілде амандасады амандасады.

-Балалар теледидардағы видеоға назар аударады.



Іздену- ұйымдастырушы

-Ән не туралы екен?

-Бұларды орыс және ағылшын тілінде қалай айтамыз.

-Иә, дұрыс айтасыңдар.

Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?

-Үй жануарларының төлдері туралы бізге Әли мен Айя айтып берді.

-Ал енді, осы үй жануарларының төлдерін бәріміз бірге айтайықшы.

-Түйенің төлін қалай атаймыз?

-Ал сиырдың төлін қалай айтамыз?

-Қойдың төлін қалай айтамыз?

-Ешкінің төлін қалай атаймыз?

-Жылқының төлін қалай айтамыз?

-Жарайсыңдар өте жақсы.





-Слайдтан көрсетілген суреттерге назар аударады.

-Түйе – верблюд – сamal

-Cиыр – корова – cow

-Жылқы –лошадь – horse

-Қой –баран – sheep

-Ешкі – коза - goft

-Үй жануарлары деп айтамыз.

-Бота.


-Бұзау.

-Қозы.


-Лақ.

-Құлын.






-Ал, енді үй жануарлары туралы білетін тақпақтарымызды айтайық.

-Ендеше төлдер туралы білетін тақпақтарымызды айтайықшы.

-Жарайсыңдар өте жақсы, төлдер туралы жақсы тақпақтар білесіңдер екен.

-Балалар бізге қонақтар келе жатырған сияқты, бұлар кімдер болды екен?

-Әли, Айя: Саламатсыңдар ма, балалар!

-Айя: Балалар сендерге біздің жіберген көңілді әуеніміз ұнады ма?

-Онда не туралы айтылған екен?

-Әли: Олай болса, мен сендерге осы жануарлар туралы жұмбақтар жасырамын.

-Әрине Әли мен Айя біздің балалар жұмбақты жақсы шешеді.




-Иә, білеміз.

-Экраннан естілген үй жануарларының дауыстарын ажыратып айтады.

-Маң, маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Екі өркешін сом басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

-Ешкі қойды бастаған,

Қойды артына тастаған.

Ешкі деген жануар,

Сауса сүті бұлақтай.

-Түйе маған шұбат береді,

Шұбат маған қуат береді.

-Қорасында маңыраған,

Қозымен жамыраған.

Қозысынан айырылса,

Қоймай ұзақ маңыраған.

-Кіп - кішкене момақан,

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзім деп.

-Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

-Шөре - шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

-Айналайын ботам,

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ,

Теріп жейсің жантақ.

-Әли мен Айя.

-Балалар амандасады.

-Иә,ұнады.

-Үй жануарлары мен төлдері туралы айтылған.

-Жұмбақтарды шешеді.






-Айя: Жануарлардың дыбысталғанын қалай атайды білесіңдер ме?

-Әли: Ал, сендер үй жануарлар туралы тиым сөздер білесіңдерме?

-Балалар шаршаған шығарсыңдар бәріміз бірге сергіп алайық. Әли мен Айя сендерде бізбен бірге сергіп алыңдар.

-Балалар біздерге тағыда қонақтар келе жатырған сияқты?

-Олар кімдер болды екен?



-Әли: Олар біздің ата мен әже ғой.

(Ата мен әже амандасады)



-Ата: Балалар сендер не туралы айтып жатырсыңдар?

-Ата: Сендер үй жануарларының пайдасын білесіңдер ме?

-Енді сендер үй жануарлары туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

-Әже: Міне балалар мен сендерге арнайы сол үй жануарларынан алынатын табиғи сүт, сүттен жасалатын айран, құрт, ірімшік алып келдім. Табиғи заттарда көптеген дәрумендер болады. Сондықтан, табиғи заттарды көп жеуіміз керек.

-Рахмет әже. Қазір балалар топқа барғасын бәріміз әже алып келген табиғи дәмдерден ауыз тиеміз.

-Жылқы – кісінейді.

Сиыр – мөңірейді.

Қой мен ешкі – маңырайды.

Түйе – боздайды.

-Тиым сөздер айтады.

-Көңілді әуенмен теледидар арқылы Әли мен Айяға қосылып видео арқылы сергіту жаттығуын орындайды.

-Балалар қонақтармен амандасады.

-Үй жануарлары туралы айтып жатырмыз.

-Иә, білеміз.



-Қой – төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, еденге төселетін киіздер бәрі де осы қойдың жүнінен жасалады. Және де қойдың етін тағам ретінде пайдаланамыз.

-Ешкі - түбіті, терісі өте мықты болады. Ертеректе ешкінің терісінен сусын құятын мес жасаған, сүті мен еті өте пайдалы.

-Сиыр – сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар құрт, ірімшік, май, айран, қаймақ, сүзбе, сиырдың еті өте дәмді болады.

-Жылқы – жылқы мінсе көлік сойса ет. Оның еті өте дәмді, ал сүтінен жасалған қымызы адамға пайдалы емдік қасиеті бар.

-Түйе – түйені ертеректе көшіп-қонған кезде үстіне жүк артып көлік ретінде пайдаланған. Түйе сүтінен адамға пайдалы, емдік қасиеті бар шұбат жасалынады.

Мақал-мәтелдер айтады.






-Балалар сендер үйде күнде сүт, айран ішесіңдер ма?

-Дұрыс күнде сүт, айран ішсеңдер әже айтқандай денсаулыққа пайдасы көп.



Әли: Айя екеумізге әжеміз күнде сүт береді сондықтан біз ешқашан ауырмаймыз.

-Бұлар үй жануарлары болғандықтан, біз оларға қамқор болуымыз керек. Жем, шөп, су беріп, жылы қорада бағамыз

-Балалар осы сүттер зауыттарда өңделіп, әртүрлі ыдыстарға құйлып, дүкендерде сатылады. Біздің күнделікті ішіп жүрген айранымыз, ірімшік, құртымыз, иогуртымыз әртүрлі дәмдеуіштер мен бояулар қосылып осы сүттен жасалған.

-Енді тақтаға назар аударайық.

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Ал, енді осыларды орыс және ағылшын тілінде айтып беріңдер.

(Ата, әже, Әли мен Айя қощтасып кетеді).


-Иә ішеміз.

-Балалар да күнде таңертеңгілік сүт ішетіндерін айтады.

Балалар дүкеннен сатып алынған сүт, айран иогурт т.б. сүт өнімдерімен танысады.

Сүт – молоко – milk

-Қаймақ – сметана – sour cream

-Май – мало – butter

-Балалар қонақтармен қоштасады.





-Ал енді балалар, қорытындылай келе мен сендердің әрқайсыңызға жеке тапсырма беремін.

-Алдарыңдағы ақ қағазда үй жануарлары берілген. Солардың жанындағы бос тұрған тор көздерге, алдарыңда тұрған суреттердің арасынан төлдерін тауып, енелерінің жанына жапсырамыз.

-Балалар біз не туралы айттық?

-Сендерге оқу қызметі ұнадыма?

-Бізге қонаққа кімдер келді?

-Мадақтау.

-Ендеше келіп отырған қонақтармен қоштасайық.

-Қонақтармен үш тілде қоштасады.



-Экранға назар аударады.

-Балалар берілген тапсырманы орындайды.

-Үй жануарлары мен пайдасы туралы.

-Иә ұнады.

-Әли мен Айя келді.

-Ата мен әже келді.

-Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыз! - деп айтамыз.



Күтілетін нәтиже:

Білді : Үй жануарлары мен төлдерін, олардың тіршілік ету ерекшеліктерін.

Игерді: Үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрлері екенін. Олардың пайдасын.

Меңгеру: Үй жануарларын күтіп-баптауды, оларға қамқорлық жасай білуді.

Ниязбаева Алима Мустафаевна
. №16 "Ертегі" балабақшасы
тәрбиеші
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет