Сабақ: Математика Күні: 18.01.2017 ж
Сынып: 1 «Б»
|
Қатысқандар: 26
Қатыспағандар:--
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
1.1.3.1 **шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу.
1.1.3.2 **өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Уақыт аралықтары (минут,сағат) туралы түсінеді;
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Тапсырмаларды орындау арқылы минут, сағат, уақыт ұзақтығы туралы түсінеді;
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Тиісті уақыт өлшемдерін пайдалану және өзара байланысын біледі;
|
Тілдік мақсаты
|
Оқушылар орындай алады:
|
Математикалық тілде сауатты сөйлеуі мен өзін-өзі бағалау дағдысын дамыту үшін жауаптарды толық жауап беруге, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
|
Таң күн,кеш, түн, минут, сағат.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
-сендер туғаннан бері қаншама уақыт өтті? (Оқушылар өздерінің неше жаста екенін айтады)
-сағат дегеніміз не?
-сағат не үшін қажет?
-1 сағатта не істеуге болады?
-1 сағатта неше минут бар?
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Не себепті ... деп ойлайыз?
Не себепті уақыт бізге қажет?
|
Не себепті ... деп ойлайсыз?
Қалай ойлайсыңдар, 1 сағат ішінде не істеп үлгеруге болады?
|
Ишара:
|
Эмоциялық жай-күйі, белсенділік танытуы.
|
Алдыңғы оқу:
|
Оқиғаларды уақыт бойынша орналастыру арқылы таңертең, күндіз,кешке,түнде сөздерін қолдану.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Жосапарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбалары сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)
|
Ресурстар
|
Басы
|
Ұйымдастыру.
Ширату жаттығуы:
Ал,балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға бір қарайық,
Солға бір қарайық,
Алақанды соғайық.
Топқа бөлу: Қорапшадан таңдалған сағат түрлері бойынша топтарға бөліну, топ басшысын сайлау.
Тапсырма:
1 топ: Суреттерді ретімен орналастыру (таңертең және күндіз)
ІІ топ: суреттерді ретімен орналастыру (Кеш және түн)
ІІІ топ: «Адасқан әріптер» (таң,күн,кеш,түн)
ІҮ топ: «Адасқан әріптер» (минут, уақыт, сағат)
|
Ақыл тақтасы
Қорапша. Түрлі-түсті сағат үрлері.
Түрлі-түсті суреттер, желім, А3 парақтары
Бағалау бағдаршамдары.
|
Ортасы
|
Ой шақыру: «Жұмбақ»
Сыртылдайды күнімен
Сыртылдайды түнімен
Білгің келсе уақытты
Көрсетеді тілімен (сағат)
Ақпарат беру: бейнерорлик көрсету.
Суреттермен жұмыс.
Уақыт туралы түсінік
Уақыттың өлшем бірлігі-сағат
1 сағат-60 минут
1 минут-60 секунд
Тапсырма:
Сағат аралығын көрсету:
І.ІІ,ІІІ,ІҮ топтарға тапсырма.
Қосымша сұрақ:
Оқушыларға «1 минут күте тұршы»-деп айтамыз?
Бұл көп пе? Аз ба?
1 минутта не жасай аламыз?
Сен білесің бе?
Дені сау адамның жүрегі 1 минутта 60-65 рет соғады екен.
Сергіту сәті.
ҚБ
1.Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр?
2.Өз пікіріңді білдір.
|
Видео. Дидактикалық суреттер
Сағат модельдері
Жұмыс дәптерлер
|
Соңы
|
«Дұрыс,бұрыс»
Пікірлер/иә/жоқ/білмеймін
Сағат-уақыттың өлшем бірлігі.
Минут-уақыттың ең үлкен өлшем бірлігі
Минут сөзін қысқартып жазуға болмайды.
Бір минутта үлкен кітапты оқуға болады.
«Телефон» әдісі
Жұппен жұмыс
Оқушылар бір-біріне жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды.
|
Қима қағаздарға жазылған тапсырмалар
Әр оқушыға арналған шағын телефондар
|
Саралау – оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайасыз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
|
Сағат уақыт аралығы екендігі;
1 сағат ішінде қандай іс-әрекеттерді орындауға ;
Сағаттың уақыт өлшемі екенін түсінетін болады.
|
ҚБ бағалау жүргізу
«Бас бармақ» әдісі
«Бағдаршам» әдісі
«шапалақ» әдістері арқылы
Ынталандыру, мадақтау мақсатында жұлдызшалар тарату.
|
Сабақ барысында: (құндылықтарды дарыту):
Ұжымшылддыққа тәрбиелеу;
Жауапкершілік,сыйластық;
Өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.
|