Білім беру саласы: «Қатынас».
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Үй жануарлары және жабайы аңдардың ерекшеліктері туралы түсінік беру; Үй жануарларына қамқорлық жасау; Табиғатқа, ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу; Танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.
Шаттық шеңбері: Қимылды ойын: «Журекше»
Балалар бірінен кейін бірі тұрып кішкентай жүрекшелерді алып әр қайсысы өзінің жүрегінен шыққан тілек айтап кішкене қорапшаға салады
Тәрбеші: Бұл қорапша жай қорапша емес сиқырлы қорапша сабақтың аяғында қандай сиқыры болатынын көретіндерін айтады
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
Миға шабуыл әдісі:
Жабайы аңдарға нелер жатады?
Оларды неге жабайы деп атаймыз?
Жабайы аңдар қалай тіршілік етеді?
Көптілділік: қасқыр – волк – wolf, қоян – заяц – hare, арыстан – лев – lion Балаларға жабайы аң қолға үйренбеген түз жануары,
олар өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік етеді.
1.Тақта жұмыс: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мына жануарлар қайда өмір сүреді? Суретке қарап, жануарларды атау. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың тіршілігін салыстырып түсіндіру
Төрт түлік мал туралы түсінік беру.
Үй жануарларының пайдасы туралы түсінік беру
Жабайы жануарлар туралы түсінік беру,олардың жыртқыш аңдарға бөлінетіндігі туралы айту.
2.Жұмбақ шешейік.
Өзі ірі жануар,
Үстінде екі тауы бар. ( Түйе )
Балпаң-балпаң басады,
Қыр-жотадан асады.
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. ( Аю )
Өзінше ноян
Қорқақ ... . ( қоян ) Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ... . ( арыстан )үш тілде жауаптарын айтады 3-тапсырма.Жабайы жануарлардың,үй жануарларының төлдері,балалары қалай аталады?
Қасқырдың – бөлтірік.
Аюдың – қонжық.
Қоянның – көжек.
Түлкінің – жаутаң, мыршай.
Жолбарыстың – шөнжік.
Еліктің – құралай.
Сиырдың –бұзау
Жылқы-құлын
Қой-қозы
Ешкі-лақ
Мысық- марғау
Үш тілде жауаптарын айтады
Сергіту сәті: «Қарлығаш»
Дидактикалық ойын: «Сөз ойла» Ойынды педагог бастайды
– Мен бір сөз ойладым.
– Қандай? - деп қызығады балалар. – Оны маған түрлі сұрақтар қою арқылы айтқызуларың керек. (Балаларды тыңдайды және оларға сөзбен көмектеседі, қандай жағдайда қалай сауал қоюдың жөн екендігін көрсетіп бағыттайды).
Балалар сұрайды:
– Бұл жанды нәрсе ме, жансыз нәрсе ме?
– Жанды.
– Ол мал ма?
– Жоқ, мал емес.
– Жануар ма? Құс па?
– Жабайы жануар.
– Үлкен бе, кіші ме?
– Итке ұқсаған.
– Ол – қасқыр.
– Дұрыс.
4- Үш топқа үш түрлі тапсырма
I-топқа Жануарлардың нешеу екенін санап сандарға сызық арқылы сәйкестір
II-топқа
Құрастыру арқылы қандай жануар шыққанын табу
III- топқа
Жануарлардың өнімін тауып сызық арқылы қосу