Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары
Тілдің стилистикалық құрылымы
Тіл ғылымының басқа салалары сияқты стилистика ғылымының да өзіне тән категориялары бар. Стилистикалық категориялар стильдік белгілерден шығады. Функциональдық стильдердің өздеріне лайық стильдік ерекшеліктері болады. Публицистикалық стильге тән образдылық, ғылыми стильде жалпы қорытындылар мен дерексіздік, ресми стильге тән нақтылық, міндеттілік болу т.б. Осы стильдік белгілеріне қарай әр стиль туралы толық мәлімет алуға болады. Ол туралы мәтін құрастырылып, осының бәрі функциональдық семантикалық-стилистикалық категорияның моделі әр мәтіннің өрістік жүйесінен көріне алады, әр түрлі дәрежедегі тілдік және мәтіндік тәсілдер орталық және шеткі болып бөлінеді, олар жиынтығы арқылы ажыратылады.
Стилистикалық категориялардың қатарына бағалау категориясы, акценттік категориясы, гипотезиялық категория, диалогтық категория, «автор бейнесі» категориясы, мәтін категориясы жатады.
Акценттік категория-мәтіндік категориялардың бірі. Акценттік категория концептуалды тілдік бірліктердің мағыналық жақтан көңіл аударуын қажет етеді, адресат автордың көзқарасына көз жеткізу сенімділігін көрсетеді, сол арқылы қабылдаушы мен тыңдаушының ортақ түсінікке ие болуын қамтамасыз етеді.
Ғылыми стильде кездесетін стилистикалық категориялардың бірі-гипотезиялық категория. Гипотезиялық категория әр түрлі тілдік тәсілдерді оның ішінде белгілі болжамға негізделген жүйелілікті көрсетеді, мәтіннің белгіленген жазықтығындағы жалпы функциясы және семантикасының қалыптасқан сөз гипотездері немесе гипотезиялық құбылыс болып саналады.
Стилистикалық категорияның тағы бір саласы-бағалалау категориясы.
Кез-келген ғылыми мәтін оқырманның атынан бағалау тұрғысынан қаралмаса, оның мамандықты керек ететін ғылыми білімі негізделмейді. Оқырманның объектіге қарым-қатынасы белгілі бағалау тұрғысынан айқындалады. Егер ғылыми стильде автор өзінің зерттеуіне сенімді болса, онда тыңдаушы тұрғысынан толық баға алады.
Стилистикалық категориялардың қатарына автор бейнесі категориясы жатады. «Автор бейнесі» категориясы жазушының өз дәуірінің әдеби тіліне, оны түсініп сезінуіне, поэтикалық сөз өрнектеріне деген қарым-қатынасына тікелей қатысты. Қазіргі қазақ стилистикасында автор бейнесі категориясын келешекте жаһандану үрдісімен жан-жақты талдап оқытуды талап етеді..
Достарыңызбен бөлісу: |