Стилистикалық парадигматика мен синтагматика
Парадигматика (грек. paradeigma-мысал, үлгі)-1. Адам санасында немесе жадында олардың формаларының немесе мазмұнының ортақтығына байланысты немесе бір мезгілде сол екеуінің ұқсастығы негізіндегі әлде бір әсерлер арқылы жинақталған және салыстыру қатынасына байланысты тіл жүйесінің элементтері ретіндегі лингвистикалық бірліктерді зерттеу аспектісі. 2. Лингвистикалық топтардың-парадигмалардың жиынтығын құрайтын тілдік жүйе.
Синтагматика-тіл жүйесін зерттеудің парадигматика сияқты бір аспектісі. Онда тілдік тұлғалардың арасындағы бір-бірімен ізбе-із байланыс кезінде туындайтын синтагматикалық қатынасы зерттеледі. Синтагматика синтагма туралы ілім деп те түсініледі.
Достарыңызбен бөлісу: |