Хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар:
... туралы сізді хабардар етеміз.
... ұйым хабарлайды.
... сізге хабарлаймын.
... туралы сізге мәлімет жеткіземін.
... туралы баяндаймын.
... туралы мәлімдеймін.
Қалыптасқан құрылымдар:
көмек көрсету.
тексеріс жүргізу.
тез арада хабарлаңыз.
қажетті жағдай жасаңыз.
ұсыныс қабылданды.
жөнелтуге дайындаңыз.
шешім қабылдаңыз
ақпарат беріңіз.
қоғамдық пікір.
Іс қағаздарының түрлері
Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарын толтыру жаттығыңыз.
өмірбаян
түйіндеме
жеке іс парағы
визит-кард
өтініш
арыз
Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздарымен танысыңыз.
үкім
өкім
Жарғы, жарлық
Ереже
хабарлама * бұйрық
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс-қағаздарын толтырып жаттығыңыз.
мінездеме
нұсқау
кепілдеме
ресми хаттар
кеден мағлұмдамасы
жеделхат
жарнама
қолхат
хабарландыру
сенімхат
кепілхат
өтініш
тапсырыс
келісімшарт
еңбек шарты
шарт
еңбек келісімі
Іс-қағаздарының қызметтерін анықтаңыз.
- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші; - жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші; - әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші; - мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші; - жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы; - мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші; - тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі; - мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші; - мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: |