Ж. К. Сүйінжанова 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы


Ғылыми стильдің лексикалық белгілері



бет41/48
Дата28.01.2022
өлшемі428 Kb.
#115353
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
стилистика лекция

Ғылыми стильдің лексикалық белгілері:

- лексикалық құрамы кітаби-жазба стиль негізінде қалыптасады;

- сөз тікелей нақты өз мағынасында қолданылады;

-сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер аз кездеседі;

-ғылым саласының ерекшелігіне байланысты термин сөздер, интернациональдық терминдер мол қолданылады;

-нақты зат есімдер жалпылама мағынада қолданылады;

-күрделі сөздер, қысқарған сөздер және символ-белгілер кездеседі;

-неологизм сөздер жиі кездеседі.



Ғылыми стильдің синтаксистік белгілері:

- күрделі ой логикалық жүйелі баяндалады;

-ой анықтама, формула, дәлелдемеге негізделеді;

-ғылым саласының өзгешілігіне байланысты баяндау тәсілі де әр түрлі болады.

Ғылыми стильдің мазмұны мен мағынасы, жазылу үлгісі, құрылымы әртүрлі ғылыми еңбектер қарастырылады. Олар: ғылыми-оқулық әдебиеттер, ғылыми-техникалық ақпаратты әдебиеттер, өндірістік-техникалық әдебиеттер, монографиялар т.б. Сондай-ақ ғылыми стильдің шағын жанрларын да шартты түрде былай жіктеуге болады: мақала, баяндама, конспект, пікір, дәріс, реферат т.б. Ғылыми стильге тән қасиет-нақтылық, обьективтік және қисындылық.

Терминдер-ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атау білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Қазіргі кезде нақты ғылым саласының іштей саралануына байланысты терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады.



салалық терминдер белгілі бір ғылым саласының іштей сараланған түрінің бірінде ғана қолданылады;

сала аралық терминдер-белгілі бір ғылым саласының сараланған ішкі түрлерінің бәріне ортақ терминдер;

жалпы ғылыми терминдер-көптеген ғылым салаларына ортақ терминдер. Заттың, құбылыстың, ұғымның атауын білдіретін терминдер жеке сөздердің бірігуі және тіркесуі арқылы жасалып, қолданылады.

Терминдерді нақты ғылым саласында қолданылуына қарай шартты түрде жаратылыстану ғылымдарының термині, техникалық терминдер, гуманитарлық ғылымдар термині, саяси-әлеуметтік терминдер және ғылыми-көпшілік терминдер деп бөлуге болады.

Ақпаратты жеткізудің бірнеше жолы бар. Олар: баяндау, хабарлау, сипаттау, пайымдау.

Баяндауда оқиғаның іс-әрекеттің жайы, оның дамуын, оқиғаның ары қарай өрбуі туралы айтылады. Басты белгісі оқиға, іс-әрекеттің даму, өрбу, шегіне жету қарқынын қадағалау болады. Хабарлаудың мақсаты-неғұрлым жаңа оқиға, іс-әрекет, жағдай туралы нақты фактілер негізінде уақыты мен оқиға болған жерге шынайы сілтеме жасай отырып ақпарат беру.

Пайымдау-автордың құбылыс, процесс, ғылыми түсінік, белгілі бір ғылым саласындағы заңдылықтар мен категорияларды ой елегінен өткізіп, тұжырым жасауы, жаңа қорытындыға келу.

Ғылыми мәселеге байланысты пайда болған жаңа ойды негіздеу, қорыту. Әрбір ғылыми мәтін пайымдау мен сипаттаудан түрады, кейде бір мәтінде екеуі кезектесіп келуі де мүмкін.

Ғылыми стильде деректі зат есімдер қолданылады. Зат есімдер құрамына қарай жалаң және қүрделі болып бөлінеді. Жалаң зат есімдер бір ғана сөзден түрса мысалы бейімделу (адаптация), белдеу (ярус) т.б, күрделі зат есімдер біріккен, тіркескен зат есімдерден тұрады.

Зат пен құбылыстың әр түрлі белгілері мен қасиеттерін сипатау арқылы беруге болады. Сипаттау үшін ғылыми стильде сын есімдер мен қолданылады. Себебі, күрделі терминдер қатыстың сын есімдер арқылы жасалады. Мысалы орманды дала т.б. Күрделі термин жасауда жиі қолданылатын ең өнімді жұрнақтар: -лы, -лі; -ды, -ді; -ты, -ті; -лық, -лік; -дық, -дік ; -тың, -тін;

Сын есім ғылыми стильде заттың, құбылыстың белгілерін, қасиеттерін білдіріп, анықтауыш болыды.

Заттың қасиеттін, белгілерін салыстыра сипаттау сын есімнің шырай формасы (-рақ, -рек, -ірақ, -ірек; -лау, -леу; -тау, -теу; -дау, -деу;) арқылы жүзеге асады.

Ғылыми мәтінде сан есімдер көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалады, цифр арқылы жазылатын саннан кейін ешқандай белгі қойылмайды.

Мысалы: 15 студент, 5 адам, 30 кітап.

Реттік сан есімнен кейін қосымша жалғану керек болса, дефис арқылы жасалады.

Мысалы: 10 сынып, 5-қатар т.б.

Жыл, ай, күнді білдіретін сан есімдерге дефис қойылмайды.

Мысалы: 2005 жыл, 21 ақпан.

Рим цифрынан кейін ешнәрсе қойылмайды.

XXI ғасыр Студенттердің XIII конференциясы т.б.

Ғылыми мәтіндер көбінесе ауыспалы осы шақта жазылады, III жақта баяндалады.

Ғылыми мәтінде етістіктің ашық және шартты рай түрлері жиі қолданылады.

Ғылыми мәтінде ырықсыз етіс (-ыл, -іл, -л) және ортақ етіс (-ыс, -іс, -с) жиі қолданылады. Мысалы; зерттелді, жинақталды, табылды, ғылыми негізделді, ғылыми дәлелді түсіндірілді т.б.

Ғылыми стильдің жанрлары.

Ғылыми мәтіндегі мәліметтердің берілу жүйесі мен оның ішкі бөліктерінің орналасу ретін, ерекшеліктерін білу ғылыми мәтін мен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Яғни ізденуші реферат, түсініктеме, конспект немесе аудармамен айналысып жұмыс жасағанда уақыт үнемдей отырып, қажетті материалды тез, дәл таба алады. Ғылыми мәтіннің құрылымы ішкі және сыртқы элементтерден тұрады. Ғылыми мәтіннің ішкі құрылымы элементтеріне-экскурс, тақырыптық шегініс, авторлық бағалау жатса, сыртқы құрылымы элементтеріне-атау, түйін, кіріспе, бап, тарау, қорытынды жатады. Мәтіннің құрылымы-мәлімет беру мақсатында өзара күрделі байланысқа түскен тілдік элементтердің жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет