Ж. К. Сүйінжанова 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы


Практикалық сабақ тақырыбы: Ғылыми стиль, қолданыс аймағы



бет40/48
Дата28.01.2022
өлшемі428 Kb.
#115353
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
стилистика лекция

Практикалық сабақ тақырыбы: Ғылыми стиль, қолданыс аймағы.

Публицистикалық стиль, қолданыс аймағы

Көркем әдеби стиль,қөсемсөз стиліндегі шешендік шеберлік.

Практикалық сабақ жоспары:

1.Публицистикалық стиль, қолданыс аймағы

2.Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, стильдік белгілері

3.Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі өндірістік-техникалық стильдің қалыптасуы, ондағы қиындықтар

4.Ғылыми стильдің лексика-грамматикалық белгілері

5.Публицистикалық стиль, қолданыс аймағы


Сабақтың мақсаты: Студенттерге ғылыми стиль, публицистикалық стиль, көркем әдеби стиль жайында түсінік беру.

Сабақтың мазмұны:

Функционалдық стильдің бір түрі-ғылыми стиль. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Белгілі бір ғылыми еңбектің зерттеу нысаны болған зат немесе құбылысы ғылыми негізделіп, сипаттауды, ойлау арқылы жүзеге асады. Дұрыс ойлап, пікір дұрыстығын дәлелдеу, логикаға (қисынға) тікелей байланысты. Логикалық жүйелі ой қорытындысы-ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми еңбек сол ғылым саласының белгілі бір заңдарына, қағидаларына бағынады, оған негізделген ой қорытындысы нақты, жүйелі,әрі қисынды болады.

Жазба стильдің басқа түрлері сияқты ғылыми стильде жалпыхалықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда өзіндік ерекшеліктері бар.

Ғылыми стиль өз ішінде шағын стильдерге бөлінеді. Бұл мәселе орыс тіл білімінде былай қарастырылады: «К научному стилю можно отнести следующие типы текстов: 1 Академические(собственно-научные) тексты представленные следующими жанрами: монография, статья, тезисы, диссертация, научно-технические отчеты, доклады,научные собщения выступление.

2.Информационо-реферативные(жанры, реферат, аннотация).

3.Справочно-инциклопедические(жанры, словарь, справочник

и т.д).

4.Научно-оценочние жанры (рецензия, отзыв, экспертное заключение, полемическое выступление).

5.Научно-учебные жанры (учебник,учебное пособие, лекция).

6.Научно-инструктивные(инструкция, руководство, памятка, рекомендатцие).

7.Научно-делавые жанры (патент, авторское свидетельство, описание, изобретение, заявка, акт, постанавление, решение, отчет)».

Ал қазақ тілінде ғылыми стиль шартты түрде былай: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми-көпшілік шағын стиль.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет