Құрылымның сыртқы элементтері:
А талуы-көбіне хабарлы сөйлем арқылы беріледі, алайда сұраулы сөйлем арқылы да мәтін атауын беруге болады. Мәтін атау бірнеше қызмет атқарады:
нормативті(қалыпты үлгі)
мәліметтік
жарнамалық
саралау.
Ғылыми-көпшілік мәтіндердің атауы, экспрессивтік-эмотционалды болып, көп жағдайдан, хабар беруі керек.
Түйін- оқырманның қажетті мәліметті тез тауып , уақыт үнемдеуіне мүмкіндік жасайды. Түйіннің негізінде мәтінге арқау болған негізгі ой жатады.Түйін ғылыми-көпшілік мәтінде де,таза ғылыми мәтінде де кездеседі.Ғылыми-көпшілік мәтінде зерттеудің болашағын, мақсатын, көтерілген, не қозғалған мәселенің тиімділігін, ғылым саласында алатын орнын құсқайды, зерттеудің нақты қысқаша мазмұнын баяндайды.Зерттеу әдісі мен оның нәтижесін көрсетеді.
Кіріспе – ғылыми- көпшілік мәтіндерде мәселенің таихын баяндай келіп, оқырманды сол мәселеге байланысты ,соңғы ғылыми жаңалықтармен таныстырады.Жеке ғылыми мәтіндерде зерттеудің мақсатына,зерттеу нысанына, мәселенің тарихына қысқаша шолу жасалады.
Бапта жалпы қарастыратын мәселенің бір ғана сұрағы төңірегінде сөз болады.Көтерілген мәселе туралы айтылған ой нақты, жинақы, бірізді берілуі тиіс.Әр баптың өз атауы болып, ол сонымен белгіленеді.Бап таза ғылыми-зерттеу еңбектерінде қолданылады.
Тарау-логикалық жағынан аяқталған біртұтас мәтіннің бөлігі болып табылады.Тараудың құрамына бірнеше бап кіруі мүмкін, сондықтан ол таза ғылыми-зерттеу еңбектерінде кездеседі. Тарауда көтерілген мәселе топық тұжырымдалған болуы тиіс.
Қорытынды-мәтін құрылымының соңғы бөлігі. Мұнда зерттеудің болашағы , оның ғылым саласындағы алатын орны, маңыздылығы сөз болады. Оқырман үшін қорытынды бөлім аса маңызды,себебі онда зерттеу нысаны болып алынған мәселе туралы нақты ғылыми тұжырым, ғылыми ұсыныс жасау арқылы, зерттеу нәтижесінде қорытынды жасалады. Ғылыми- ба ғалау мәтіндерін түсініктеме(аннотация),пікір(отзыв),сыни-пікір(рецензия) жатады. Бұл мәтіндердің барлығы да жазылып біткен белгілі бір ғылыми еңбекке арналып жазылады, бірақ олардың жазылу мақсаты әр түрлі. Мысалы, сын-пікір жазылып біткен, бірақ әлі жарыққа шықпаған, басылуға жолдама алған еңбекке жазылса, пікір жазылып біткен және баспадан шыққан немесе баспасөз бетінде жарияланған еңбекке жазылады. Түсініктеме басылып шығатын еңбекке арналып жазылатын қысқаша мәлімет.
Ғылыми-бағалау мәтіндерін жазу барысында мынадай библиографиялық мәліметтер міндетті түрде жазылуы тиіс: еңбектің атауы, авторы,қашан, қайдан шыққаны, қысқаша мазмұны, кімдеге арналғаны т.б.
Түсініктеме-тұпнұсқаға(кітап, оқулық, монография, мақала)жазылған қысқаша сипаттама.
Мұнда түсініктеме жазылып отырған еңбектегі негізгі тақырыптық мәселелер қамтылады.Түсініктемеде сол еңбектің мақсаты, қысқаша мазмұны, кімдерге арналғаны, ғылымның қай саласын қамтитыны көрсетіледі. Түсініктеменің оқырман үшін маңызы зор. Дұрыс, сауатты жазылған түсініктеме қажетті еңбектерді тез тауып, уақыт үнемдеуге септігін тигізеді. Түсініктеме көпшілікке түсінікті, қарапайым тілмен жазылуы тиіс.Сыни- пікір- белгілі бір еңбекке (монография, диссертация, ғылыми мақала) сыни бағытта жазылады. Сыни-пікір (рецензия) жарыққа шығатын еңбектің кемшіліктерін болдырмау мақсатында кемшін жетімсіз, қате пікір айтылған тұстары көрсетіле жазылады. Еңбекте көрсетілген мәселеге байланысты әділ сын айтылады. Мұнда зерттеу нысанының дәлдігі, зерттеу әдісі, фактілердің топтастырылуы, мәліметтердің дәлдігі мен сәйкестілігі, зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы баса көрсетіледі. Сыни-пікір ғылыми негізде, түсінікті тілде, салалық және сала аралық терминдерді негізді қолдана отырып жазылады.
Сыни-пікір соңында автор нақты тұжырымдар негізінде ғылыми-сауатты қорытынды жасайды. Ғылыми еңбекке жазылған сыни-пікір объективті болу керек, себебі ғылым жолы аса жауапкершілікті қажет етеді. Мұның өзі ғылым саласының дағдарысына ұшырамай, тұйықталмай еркін дамуына септігін тигізеді.
Пікір әдетте аяқталған еңбекке(монография, диссертация, ғылым мақала)жолдама баға ретінде жазылады. Пікірде еңбектің жазылу мақсаты, ғылым саласында алатын орны, қолданыс қажеттілігі түсіндіре пайымдау арқылы баяндалады. Зерттеу еңбегінің нәтижесі бойынша автордың жетістігі нақты негізделіп түсіндіріледі. Қорытынды бөлімінде еңбектің кімге арналғандығы, қолдану аясы ескертіледі.
Пікір жазушы сол саланың білікті маманы болуы тиіс. Ол пікірді жазу барысында ғылым саласына байланысты терминдерді жеткізе білуі тиіс. Сөйлем шұбалаңқылығына, ой көмескілігіне жол бермей, оң бағасын берген жөн.
Ғылыми стильде белгілі бір ғылыми мәтінге(түпнұсқаға) жазылатын талдау, сипаттау мәтіндері: жоспар, тезис, конспект, пайымдау болады.
Жоспар-ғылыми мәселеде қаралатын басты мәселелердің белгілі бір тәртіппен жүйелі түрде берілуі.
Жоспар құру үшін –мәтінді мұқият оқу, оны бөліктерге бөлу, әрбір бөлікте қаралатын мәселені мазмұнына қарай атау. Қысқа, жүйелі, тұжырымды, дұрыс құрылған жоспар ғылыми еңбекті жеңіл қабылдауға негіз болады. Жоспарға қойылатын талаптар негізгі тақырыптан ауытқымауы, тақырыпты терең, берілген ойды жүйелі, түсінікті өрбіте алуы қажет. Құрылымына қарай – жай, күрделі жоспар болып бөлінеді.Жай жоспарда еңбектегі көтерілген негізгі мәселелер қарастырылады. Күрделі жоспарда негізгі мәселелермен қоса, оған қатысты қосалқы, жанама мәселелер де, қарастырылады. Осыған байланысты жоспардағы сөйлем құрылымы да әртүрлі болады.Ғылыми еңбекті жоспарлауда атаулы сөйлем, жалақ, жайылма сөйлемдер, жай және күрделі сөйлемдер қолданылады.
Тезис жоспардың негізінде жасалады. Тезисті жазбас бұрын еңбекті оқып қажетті жерін бөліп, белгілеп алу керек. Мәселені қысқа, нақты тұжырымдау үшін жоспар жасап, сол жоспарда көрсетілген мәселенің қысқаша тұжырымы беріледі. Тезис дегеніміз-ғылыми еңбектегі айтылмақ, дәлелденбек негізгі мәселені бөліп алып, қысқаша, нақты тұжырымдау.
Тезис бөліктері еңбектің құрылымын бұзбайтын өзара логикалық байланыста болу керек, бұл жүйелі болуға шашыраңқылыққа бой алдырмауға ықпал етеді.
Конспект-ақпараттың қысқартылып берілуі. Ол да жоспарға негізделіп жасалады. Жүйелі, сауатты жазылған конспект автордың «жеке еңбегі»сияқты болады.
Дәйексөз-ғылыми еңбектен сөзбе-сөз алынған үзінді. Дәйексөзді қолдану барысында оның қайдан алынғанын (еңбектің авторын, атын, алынған бетін, жылын т. б.) көрсету ғылыми еңбектің басты шарты. Мәтін ішінде дәйексөз тырнақшаға алынып жазылады.
Ғылыми пайымдау-ғылыми түсінік, ғылыми категорияларды, әр түрлі құбылыстарды ой елегінен өткізу арқылы тұжырым жасау, қорытындыға келу. Пайымдау жан-жақты білімділікті қажет ететін, аса терең ойлауды, өзіндік ой қорытуды қажет ететін ғылыми жанр түрі. Пайымдаудың құрылымы күрделі:
1.Автордың қаралатын мәселе жайлы жан-жақты түсінігі болу керек;
2.Автор сол мәселенің проблемалық жағын тани білу керек;
3.Көтерілген проблеманың тезисін жасап, соны ғылыми дәлелдей алу керек;
4.Көтерілген проблемаға байланысты ой қорытындысын жасап, ғылыми тұжырым жасау керек;
Пайымдаудың үш түрі бар: түсіндіре пайымдау, дәлелдей пайымдау, ойландыра пайымдау.
Түсіндіре пайымдауда автор тезистің шындық екенін дәлелдемейді, тек оның көпшілікке белгілі мазмұнын ғана ашып көрсетеді.
Дәлелдей пайымдауда автор тезистің ақиқат, шындық екенін дәлелдейді. Мәселенің мәнін түсіндіріп дәлелдейді.
Ойландыра пайымдауда-өзара байланысты бірнеше пікірді қатар беру арқылы автор ойландыруды мақсат тұтады.
Сипаттау-сөйлеу тілінің функциональды-мағыналық қызмет атқаратын ерекше түрі. Ол заттардың, құбылыстардың құрамын, бөліктерін, түрлерін, олардың әртүрлі белгілеріне нұсқау арқылы сипатталатын нысанның (объектінің) бүтін көрінісін береді. Сипаттаудың бірнеше түрі бар: ғылыми сипаттау, іскерлік сипаттау және әдеби-көркемдік сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |