Ж кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной ұмыс Бағдарламасы


Тұқым бақылау станциясының орташа үлгілерді қабылдау



бет19/33
Дата14.10.2022
өлшемі1,2 Mb.
#153058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Тұқым бақылау станциясының орташа үлгілерді қабылдау

Тұқым бақылау станциясының мамандары тексеруге келіп түскен орташа үлгілердің алдымен құжат қағаздарын тексеріп көреді.


Сонымен қатар ыдыстардың бүтіндігіне, пломбы не мөрдің бұзылмағандығына көз жеткізеді.Содан кейін орташа үлгілердің өзара және тұқым партиясының салмақтарына сәйкестігін, олардың дер кезінде зертханалық зерттеуге түсуін қадағалайды.
Жоғарыда келтірілген талаптардың біреуі сақталмаған жағдайда орташа үлгілер тексеруге қабылданбайды. Ол тұқым кері қайтарылады, ал ол жөнінде 3 күн ішінде тұқым жіберушіге үлгілердің қабылданбаған себеп-салдарын көрсетіп, хабарланады.
Тексеруге қабылданған тұқым үлгілері таразыда өлшеніп, арнайы журналға тіркеледі. Тіркеу нөмірі үлгі салынған қапшықтарға немесе ыдыстарға және осы үлгіге қатысы ьар құжаттардың барлығына қойылады.
Орташа тұқым үлгілерінің белгіленген салмақтан (1 кесте) ауытқуы +5 проценттен аспауы керек.
Әр звеноға (3-4 студент) қажетті құралдар мен материалдар тізімі:
1.Бастапқы тұқым үлгісі
2.Тұқым-бөлгіш
3.Сызғыш
4.Матадан тігілген қалта, байлау жібімен
5.Тұқым паспорты
6.Тұқым этикеткасы
7.Орташа үлгі сұрыптау актісі
8.Таразы
9.Тегіс тақта
10.Ожауша
11.Қармауыш


N 3 – зертханалық жұмыс
ӨЛШЕМЕ БӨЛІП АЛУ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ТАЗАЛЫҒЫН АНЫҚТАУ


Өлшеме дегеніміз орташа үлгіден тұқым сапасының жеке көрсеткіштерін анықтау үшін алынатын тұқымдардың белгіленген бір бөлігі.
Өлшемені төменгі келтірілген тәсілдердің бірін қолданып дәл мөлшерде тұқым түріне байланысты (2 кесте) бөліп, өлшеп алады.
1.Оймалар тәсілі. Орташа үлгіні араластырып, тегіс үстелге немесе тақтайға тұқым дәндерінің өлшемдеріне қарай қалыңдығы 0,5 см-ден 5,0 см-ге дейін тегістеп төгеді. Содан кейін бір-біріне қарсы қаратылған екі қалақшаны түйістіріп, орташа үлгі тұқымдарының 10-20 жерінен оймалар алынады.
2.Кресттеп бөлу тәсілі бұрын айтылып кеткен бастапқы үлгіден орташа үлгі алуындағыдай жасалынады, тек шаршыдағы тұқымдардың қабат қалыңдығы 5 см-ден аспауы керек.
3.Өлшемені тұқым-бөлгіш құралы арқылы алу орташа үлгі алған сияқты істелінеді.
Өлшеме алудың барлық тәсілдерін оқытушы түсіндірген соң, әрбір студенттер звеносы орташа тұқым үлгісінен оймалар тәсілімен өлшеме бөліп алуға кіріседі.Өлшеменің нақты мөлшері тұқым түріне байланысты тұқымдардың тазалығын анықтау үшін 2-кестеде көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет