Ж кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной ұмыс Бағдарламасы


-кесте.Тұқымдардың тазалығын анықтау үшін өлшемелердің салмағы



бет20/33
Дата14.10.2022
өлшемі1,2 Mb.
#153058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
2-кесте.Тұқымдардың тазалығын анықтау үшін өлшемелердің салмағы.


Тұқым түрінің атауы Өлшеме салмағы, г

Кәдімгі пісте, тармақты қараөрік 500


Шие (кәдімгі және барлық мәдени сорттары),
кәдімгі гледичия 200
Жиде (боз,тікенді),кәдімгі мойыл,кәдімгі шаған 100
Алма (мәдени сорттары),үйеңкі (Семянов,татар, 50
шағанжапырақты),ұсақ жапырақты жөке ағашы
Итмұрын, кәдімгі арша 25
Бөріқарақат, шырғанақ 20
Балқарағай (сібір, Сукачев),қарағай (шайырлы,
тау) 15
Шегіршін (кәдімгі,бұтақты),шырша (сібір,
кәдімгі,шығыс,Шренк) 10
Сексеуіл (ақ,қара),кәдімгі шетен,үшқат(кәдімгі,
татар) 5
Қарақат (қара,сары),тұт (ақ,қара) 3
Тобылғы (сұр, талжапырақты) 2
Қайың (қотыр,үлпек,Шмидт),тал, терек 1


Тұқым тазалығы деп, зерттелетін тұқым түрі партиясының тек таза тұқымдар құрамын айтамыз.Оны таза тұқымдар салмағының өлшеме салмағына қатынасы арқылы анықтаймыз.
Стратификациядан өткізілген және сыртқы қоршаған орта жағдайында сақталған, сондай-ақ кептірілген шырынды және құрғақ көптұқымды жемістердің тұқымдарының тазалығы анықталмайды.
Тұқым тазалығы МСТ 13056.2-67 бойынша тексеріледі.Тексеру мынадай жолмен іске асырылады. Қарастырылатын өлшеме тұқымдарын сұрыптау тақтаға төгеміз де, шпатель қалақша көмегімен 3 топқа: таза тұқымдар, тұқым қалдықтары және қоспаларға бөлеміз.

  1. Таза тұқымдарға жататындар:

а) бүтін, жақсы дамығандары, өң-түстері ескерілмейді;
б) өне бастамағандары, бірақ мұрттары қабығын тескенмен әлі өсіп үлгермеген;
в) қабығы шытынаған сау тұқымдар;
г) үйеңкі, шаған, қараған тұқымдарының қанат сынықтары, сол сияқты қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдары қанат қалдықтарымен бірге.
2. Тұқым қалдықтары фракциясына жататындар:
а) мұрт жарып, өніп кеткен тұқымдар (тек емен жаңғағы емес);
б) өте ұсақ тұқымдар,ұзындығы мен көлденеңі орташалардың жартысына да жетпейді;
в) дәні жоқ бос және қабысып қалған тұқымдар;
г) езіліп, кесіліп, немесе дән ұрықтары жартылай ашылып кеткендері және мүлдем қабықсыз қалғандары;
д) анық шіріген тұқымдар;
е) ауруға шалдыққандары;
ж) энтомозиянкестермен бүлінгендер;
з) кеміргіштерден бүлінген тұқымдар.
3.Қоспаларға келесі фракциялар жатады:
а) арамшөп өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары;
б) басқа ағаш пен бұта түрлерінің тұқымдары;
в) тұқым зиянкестері және олардың личинкалары мен қуыршақтары;
е) топырақ түйірлері, ұсақ тастар, құм, жәндіктер менкеміргіштердің нәжістері, тұқым сынықтары, жапырақтар, қабық сынықтары, қабыршықтар, өлген зиянкестер, тағы басқа да қосындылар
Өлшемені жоғары келтірілгендегідей ажыратып алғаннан кейін таза тұқымдары таразыланып өлшенеді, содан кейін тұқым қалдықтары мен қоспалар әрқайсысы көрсетілген фракциялары бойынша жеке-жеке өлшенеді.Қорытындылары тұқым тексеру құжатына жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет