2. Тұқым ылғалдылығын анықтау. Тұқым ылғалдылығы деп тұқым құрамындағы ылғалдың бастапқы өлшемедегі проценттік қатынасын айтады. Тұқымдардың ылғалдылығы жоғары болған жағдайда, олардың дем алу процесі тез жүріп, түрлі ауру туғызатын микроорганизмдердің дамуына жақсы жағдай туындайды.Сондықтан тұқым шығымдылығы төмендейді.
Тұқымдар қоймада сақтау кезінде кептірілген, құрғақ болуы керек. Мысалға, қарағай, балқарағай, шырша тұқымдарының сақтау кезіндегі ең қолайлы ылғалдылығы 6,5-7,4%, кәдімгі шаған, сүйіржапырақты үйеңкі, жөке ағашы тұқымдары -10-12 %, ал емен жаңғағының ылғалдылығы -70-90% болуға тиіс.
Тұқым ылғалдылығын арнайы кептіргіштерде немесе электрылғалөлшегіштер көмегімен анықталады.
Орман тұқымдары бақылау станциясына түскеннен кейін ылғалдылығы 2 күннің ішінде анықталуы қажет. Қыс кезінде өте қатты тоңзыған тұқым үлгілерін зертханаларға түскен соң 2 сағаттан кейін ғана тексеруге болады.
Тұқым ылғалдылығын анықтауға арналған үлгіні тек тексеру басталар алдында ғана алады.Одан оймалар немесе крес тәсілімен керекті өлшемдегі тұқым сынамасы алынады.Керек болған жағдайда тұқымдарды ұнтақтайды, жаңғақтарды жарып дәндерін кеседі немесе үгеді (4 кесте).
Тұқым ылғалдылығы кептіру арқылы анықтауы келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
а) орташа үлгі тұқымдары құрама тақтасына төгіледі, сосын барлық ірі коспалар – топырақ түйірлері, бұтақ сынықтары, бүрлері тағы басқалары бөлек алынады;
б) оймалар алу немесе крест тәсілімен тұқым сынамасы алынады, одан 2 өлшемежасалынады, қалған артық тұқымдарды ыдысқа салып, аузын мықтап тығындайды.Бұл тұқым 1 тәулік сақталуға тиісті, керек болған жағдайда пайдалануға;
в) алынған өлшемелер алдын – ала таразыланған және нөмірлері қойылған бюкстерге салынады;
г) алдын – ала температурасы 130 жеткізілген кептіргіш шкафына тұқым салынған бюкстердің ауыздарын ашып саламыз. Бюкстерді қойған кезде шкафтағы қызу төмендейді, сондықтан кептіргіштегі температура 130 градусқа жеткен кезден бастап кептіру уақыты есепке алынады. Кептіру уақыты тұқым түріне байланысты 1 -3 сағатқа созылады (4-кесте).