Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев



Pdf көрінісі
бет18/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

Қорғау обьектісі
» немесе «
обьект
» тҥсінігі әркезде кең мағынада тҥсін-
діріледі. Біріктірілген КЖ-лер немесе таралымды жҥйелердің элементтері ҥшін 
«обьект» тҥсінігі тек қана ақпараттық ресурстарды, программалық қҧралдарды, 
қызметші персоналды, пайдаланушыларды ғана емес, сонымен бірге 
бӛлмелерді, ғимараттарды, тіпті ғимараттарға тиісті территорияны да қамтиды. 
Ақпаратты қорғау теориясының негізгі тҥсініктерінің бір тобы 
«ақпараттық кауіпсіздік» пен «қорғалған КЖ» тҥсініктері болып табылады. КЖ 
- дегі ақпараттың қауіпсіздігі – ақпаратты әртҥрлі қауіптерден қажетті 
деңгейде қорғауды қамтамасыз ететін компьютерлік жҥйенің барлық 
компоненттерінің жағдайы. Ақпараттың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген 
компьютерлік жҥйелер 
қорғалған
деп аталады. 
КЖ - дегі ақпараттың қауіпсіздігі мемлекеттің, саланың, ведомствоның, 
мемлекеттік ҧйымның немесе жеке меншік фирманың қауіпсіздігін қамтамасыз 
етудің негізгі бағыттарының бірі болып саналады.
Ақпараттық қауіпсіздікке басшылықтың ақпараттық қауіпсіздік саясатын 
сәйкес деңгейге жҥргізуі арқылы жетуге болады. Ақпараттық қауіпсіздік 
саясатын жҥргізуге негіз болатын негізгі қҧжат – ақпараттық қауіпсіздік 
бағдарламасы болып табылады. Бҧл қҧжат мемлекеттің, ведомствоның, 
ҧйымның жоғарғы басқару органдары мен ресми мекемелердің жетекші қҧжаты 
ретінде жасалады және қабылданады. Қҧжатта ақпараттық қауіпсіздіктің 
мақсаттары және КЖ-дегі ақпаратты қорғау мәселелерін шешудің негізгі 
бағыттары кӛрсетіледі. Ақпараттық қауіпсіздік бағдарламаларында жалпы 
талаптар мен КЖ-дегі ақпараттық қорғау жҥйесін қҧру принциптері 
қамтылады.
КЖ-дегі 
ақпаратты қорғау жүйесі
деп қабылданған қауіпсіздік саясатына 
сай КЖ-дегі ақпараттың қорғалғандығын қамтамасыз ететін қҧқықтық 
нормалардың, ҧйымдастыру шараларының, техникалық, программалық және 
криптографиялық қҧралдардың бірегей кешенін тҥсінеміз. 
Бақылау сұрақтары

1. Ақпарат мӛлшерін есептеудің әдістерін атаңдар.

1. Ақпаратты қорғаудың объектілеріне нелер
 
жатады?
2. Ақпараттық кауіпсіздікті қалай тҥсінеміз? 
3. Компьютерлік жҥйедегі ақпаратты қорғау жҥйесі деген не? 
4. Қорғалған деп қандай компьютерлік жҥйелер айтамыз? 


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет