Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев


Әдеттегі шпионаж бен диверсия



Pdf көрінісі
бет34/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

 
4.1. Әдеттегі шпионаж бен диверсия 
 
Ақпараттық ресурстарға зиянды әрекеттер жасау кӛздері ретінде әлі кҥнге 
дейін шпионаж бен диверсияның әдістері мен қҧралдары КЖ-де жинақталған 
объектілердің ақпараттарын қолға тҥсіру немесе жою ҥшін қолданылады және 
әлі кҥнге дейін қолданылуда. Бҧл әдістер компьютерлік жҥйелердегі пайдалану 
жағдайларында да әсерлі және тиімді болып отыр. 
Олар кӛпшілік жағдайда КЖ-ге кіру мақсатындағы қорғаныс жҥйесі туралы 
мәліметтерді алуға қолданылады. 
Шпионаж бе.н диверсия әдістеріне мыналар жатады: 

тың тыңдау; 

кӛріп бақылау; 

қҧжаттар мен машиналық тасымалдаушыларды ҧрлау; 

қорғау жҥйесіндегі программалар мен атрибуттарды ҧрлау; 


44 

қызметшілерді сатып алу және шантаж жасау;

ақпараттың машиналық тасымалдаушыларының қалдықтарын жинау 
және талдау жасау; 

ӛртеу; 

жару; 
Тың тыңдау ҥшін қаскҥнемнің объектіге кіруі міндетті емес. Қазіргі заманғы 
техникалқ қҧралдар әңгімелерді бірнеше жҥздеген метр қашықтықтан тыңдауға 
мҥмкіндік береді. Мысал ҥшін жабық терезелері бар бӛлмелердегі әңгімені 1 км 
қашықтықтан тыңдауға мҥмкіндік беретін тың тыңдау жҥйесі сынақтан 
ӛткізілді.[23] 
Қала жағдайларында фондық шудың деңгейіне байланысты тың тыңдау 
қҧрылғысының әрекеті жҥздеген және ондаған метрге дейін қысқарады. 
Мҧндай қҧрылғылардың жҧмыс істеу принципі дыбыс толқындарының 
әсерінен тербелетін бӛлмелердің терезелерінен шағылған лазер сәулелерін 
талдауға негізделген. Бӛлмедегі акустикалық толқындардан терезе әйнек-
терінің тербелісін терезе әйнектеріне бекітілген қҧрылғылар арқылы ҧстауға 
және беруге болады. Мҧндай қҧрылғылар әйнектердің механикалық тербе-
лістерін электр сигналдарына айналдырады және оларды радиоканалдар 
арқылы тың тыңдауды ӛте сезімтал бағытталған микрофондар кӛмегімен іске 
асырады. 
Бағытталғын микрофондар кӛмегімен тың тыңдау қашықтығы 50-100 метр 
болады [48]. 
Кӛрші бӛлмелердегі әңгімелерді ғимараттардың қабырғаларының сыртынан 
стетоскоптық микрофондар кӛмегімен бақылауға болады. Стетоскоптар 
акустикалық тербелістерді электрлік тербелістерге айналдырады. Мҧндай 
микрафондар әңгімелерді қалыңдағы 50-100 см болатын қабырғалардың 
сыртынан да тыңдай алады. Ақпаратты алу терезе әйнектерінен, ғимараттардың 
металл конструкцияларынан, су және жылу беретін трубаларынан да жҥргі-
зіледі. 
Аудиоақпарат жоғары жиілікті жапсырмалар арқылы алынуы да мҥмкін. 
Бҧл әдістің мәні жоғары жиілікті электромагниттік ӛріспен немесе электр 
сигнал-дарынымен сӛздік ақпаратты осы ӛрістер мен сигналдарды ӛзгерте 
алатындай элементтерге әсер ету негізінде алынуында. Осындай элементтер 
ретінде электр ӛткізгіш беттері бар акустикалық толқындар әсерінен ӛзгеріп 
отыратын тара-лымды параметрлері бар контур болатын қуыстарды алуға 
болады. Осындай контурдың жиілігі жоғарғы жиілікті жапсырманың 
жиілігімен дәл келгенде және қуыстың бетіне акустикалық толқындар әсер 
еткенде контур сыртқы ӛрісті жоғарғы жиілікті электр сигналы тҥрінде 
қайтадан шығарады және модульдейді. 
Тың тыңдаудың бҧл әдісі кӛбінесе телефон сымдарының кӛмегімен іске асады. 
Бҧл жағдайда модульдеуші элемент ретінде телефон сымдары арқылы арқылы 
жоғары жиілікті электр сигналы берілетін телефон аппараты алынады. Телефон 
аппаратының сызықты емес элементтері дыбыстық сигнал әсерінен жоғары 
жиілікті сигнал модульдейді. Модульденген жоғарғы жиілікті сигнал 
қаскҥнемнің қабылдағышында қайта модульденуі мҥмкін. 


45 
Дыбыстық ақпараттың қаскҥнемге жету каналдарының бірі байланыс қҧрал-
дары арқылы жҥргізілетін әңгімелерді тыңдау болып табылады. Мҧндай 
байланыстың сымдық каналдары, сол сияқты радиоканалдар бақылануы 
мҥмкін. Сымдық және радиоканалдардан тың тыңдау қаскҥнем ҥшін қымбыт 
қҧрал жабдықтарды қажет етпейді және оның жоғарғы квалификациялы 
болуының да қажеті шамалы. 
КЖ-дегі ақпаратты дистанциялық видеобарлау арқылы алу тиімсіз және 
қосалқы сипатта болады. Видеобарлау негізінен жҧмыс режимдерін және 
ақпаратты қорғау механизмдерінің орналасуын анықтауға қажет. КЖ-дегі 
ақпарат объектілерде мӛлдір
терезелер болып, онда экрандар, жобалар, пла-
каттар пайдаланылған кҥнде және айтылған қҧралдар осындай қасиеттерге 
қарсы шараларсыз орналастырылған жағдайда қаскҥнемнің қолына тиюі 
мҥмкін. 
Видеобарлау оптикалық приборлар, фото- кино- және телеаппаратураларды 
қолдану арқылы жҥргізілуі мҥмкін. Осындай қҧралдардың кӛпшілігі 
видеоаппаратты консервациялайды (еске сақтайды) және оны белгілі бір 
қашықтыққа бере алады. 
Прессада 
АҚШ-та 
қашықтықтан 
барлау 
жасайтын 
модельдік 
микророботтың жасалғаны туралы хабар тараған. Ҥлкендігі 7см және массасы 
60г болатын пьезокерамикалық робот ӛз бетімен 30 см/с жылдамдықпен 45 
минут бойы қозғала алады. Осы уақыт ішінде микробарлаушы 810 метр 
қашықтықты жҥріп ӛтіп, ӛзімен бірге 28г қажетті жҥкті алып жҥре алады 
(салыстыру ҥшін – коммерциялық микровидиокамераның салмағы 15г 
болатынын еске салайық) (68). 
Қызметшілерді жалдау және КЖ- дегі объектілерді жою ҥшін объектіге тікелей 
кіру міндетті емес. Объектіге кірген қаскҥнем әдеттегі шпионаждың кез келген 
әдісін қолдануы мҥмкін. Объектіге кіре алатын қаскҥнемдер суретке тҥсірудің 
миниатюрлік қҧралдарын, видео- және аудиожабдықтарды қолдануы мҥмкін. 
Бӛлімшелерде қаскҥнемдер болмаған кҥнде бӛлімшелерді аудио және 
видеобақылауға алу ҥшін бетбелгілік қҧралдар немесе «қоңыздар» қолданылуы 
мҥмкін. КЖ-дің объектілері ҥшін бӛлме ішінде тың тыңдауға қажетті 
бетбелгілерді қолданудың ықтималдығы ҥлкен. Бетбелгілік қҧралдар 
сымдық 
және 
таратушы 
болып болып екіге бӛлінеді. Сымдық бетбелгі қҧралдарды 
орнатуға кӛп уақыт кетеді және білініп қалатын еелеулі белгі сым болады. 
Таратушы бетбелгілер тез қойылады, бірақ білініп қалатын белгісі – радиоға, 
оптикалық диапазонда таратуы болады. «Радио-бетбелгілер» ҥшін сигнал 
кӛздері электр сигналдары және акустикалық сигналдар болады. Электр 
сигналдарын хабар кӛздері ретінде алудың мысалы ҥшін ішкі телефон 
желілерін, қатты сӛйлеу байланыстарын алуға болады. Бетбелгілердің ең кӛп 
тараған тҥрі – «радиобетбелгілер». Олар акустикалық сигналдарды 
қабылдайды, оларды электр сигналдарына айналдырады және оларды 
радиосигнал ретінде 8 км-ге дейінгі қашықтыққа тарата алады. Практикада 
пайдаланылатын радиобетбелгілердің кӛпшілігі (90 пайызы) 50-850 метр 
қашықтықта жҧмыс істеуге арналған. 


46 
КЖ- дің кейбір объктілеріне террористік және диверсиалық топтардың 
қарумен шабуыл жасау қаупі тӛнуі мҥмкін. Бҧл жағдайда тікелей атыс 
қҧралдары пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет