Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев


Қҧрылғыларды санкциясыз ӛзгерту



Pdf көрінісі
бет37/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

4.4 Қҧрылғыларды санкциясыз ӛзгерту

Жҥйенің алгоритмдік, программалық және техникалық қҧрылымдарын 
санкциясыз ӛзгерту КЖ-дегі ақпаратқа тӛнетін ҥлкен қауіп болады. 
Қҧрылымдарды санкциясыз ӛзгерту КЖ-нің кез келген ӛмірлік циклында 
мҥмкін болатын нәрсе. КЖ-нің қҧрылымын оны жасау мен жетілдіру 
кезеңдерінде санкциясыз ӛзгерту «бетбелгі» деп аталады. КЖ-ді жасау кезінде 
әдетте қандай да бір фирманың немесе мемлекеттік мекеменің пайдалануына 
арналған арнаулы жҥйелерге енгізіледі. Әмбебап КЖ-ге «бетбелгілер» сирек 
енгізіледі, олар негізінен КЖ-ді дҧшпан мемлекетттерге беру кезінде 
конкуренттік немесе мемлекетің деңгейінде осындай жҥйелердің беделін тҥсіру 
ҥшін енгізіледі. КЖ –ді жасау кезінде енгізілген «бет-белгілерді» табу олардың 
авторларының жоғары біліктілігіне және қазіргі заманның КЖ-нің кҥрделігіне 
байланысты ӛте қиынға соғады. Алгоритмдік, программалық және аппараттық 
«бетбелгілер» КЖ-ге тікелей қастандық жасау ҥшін, немесе жҥйеге бақылаусыз 
енуді қамтамасыз ету ҥшін енгізіледі. «Бетбелгілер» қастандық әрекеттері 


48 
сырттан сәйкес тҥрдегі команда алынған кезде (негізінен аппараттық 
«бетбелгілерге» қатысты) және жҥйеде белгілі бір оқиға орын алған кезде іске 
қосылады. Мҧндай оқиғалар тӛмендегідейлер болуы мҥмкін: 

жҧмыстың белгілі бір режиміне ауысу (мысалы, қаруды басқару 
жҥйесінің 
соғыс 
режимінде 
ауысуы 
немесе 
атом 
электр 
станциясындағы апатты жағдайды жою т.с.с.);

белгіленген уақыттың келуі;

белгілі бір жағдай орын алуы т.с.с. 
Бағдарламаларға бақылаусыз енуді қамтамасыз ететін бағдарламалық және 
аппараттық «бетбелгілер», артықшылықты жҧмыс режимдерін пайдалану 
(мысалы, операциялық жҥйелердің режимдері), ақпараттық қорғау қҧралдарын 
айналып ӛтуге арналған бетбелгілер «люктер» деген атқа ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет