Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев



Pdf көрінісі
бет66/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

ЭМCТ мен ЖС-дің
пассивті әдістері 
Сигналдардың ақпарат-
тылығын кеміту 
Толқын таратулар мен жол
сілтеушілікті азайту 
Экрандау 


82 
• электр ӛрісін экрандау; 
• магнит ӛрісін экрандау; 
• электромагниттік ӛрісті экрандау. 
Электр ӛрісін жерге қосылған металл экранмен экрандау жерге қосылатын 
контурмен ӛтетін электр зарядтарын бейтарап қалдырады. Жерге қосу конту-
рының кедергісі 4 омнан артық болмауы тиіс. Электр ӛрісі салыстырмалы 
диэлектрлік экрандар арқылы экрандалуы да мҥмкін, сонда ӛріс бірнеше есе 
азайтылады. 
Магнит ӛрістерін экрандағанда оларды тӛменгі жиілікті (10 кГц-ке дейін) 
және жоғары жиілікті деп бӛлеміз. 
Тӛменгі жиілікті магнит ӛрістері экранның кҥш сызықтарының қабырғалар 
бойымен бағытталуына байланысты шунтталады. Ондай эффект экран матер-
иалының ауаға қарағанда магниттік ӛтімділігінің жоғары болуы нәтижесінде 
пайда болады. 
Жоғары жиілікті магниттік ӛріс жанама магнит ӛрісінің пайда болуына 
экранда айнымалы индукция тудыратын қҧйынды токтардың әсері арқылы 
кедергі жасайды. 
Жерге қосу магнит ӛрістерін экрандауға кедергі болмайды. Экранның жҧту 
қабілеті экран жасайтын материалдан және жанама толқын шығарудың 
жиілігіне байланысты.
Толқынның жиілігі тӛмен болған сайын экранның қалыңдығы да кӛбірек 
болуы тиіс. Орта толқынды таратулар мен одан жоғары толқындар ҥшін қалың-
дығы 0,5 – 1,5 мм экран жеткілікті. 10 МГц –тен жоғары жиіліктегі толқын 
таратқыштар ҥшін 0,1 мм қалыңдықтағы мыстан немесе кҥмістен жасалған 
экран жеткілікті. 
Электромагниттік таратылымдар жоғары жиілікті электрлік және магниттік 
тҥрде экрандау әдістерімен орындалады.
Экрандау тӛмендегідей 5 деңгейде орындалады:
• схемалардың элементтері деңгейі;
блоктар деңгейі
• қҧрылғылар деңгейі; 
• кабельді желілер деңгейі; 
• ғимараттар деңгейі.
Жоғары деңгейлі жанама толқындар шығаратын схемалардың элементтері 
металдан жасалған бҥрку арқылы металданған жерге қосылған корпустарға 
орналастырылуы керек. Блоктар деңгейінен бастап экрандау болат қаңылтыр-
лармен, металл торлармен және бҥрку арқылы металданған заттар кӛмегімен 
істеледі. Кабельдерді экрандау металл ӛрімдерімен, болат қораптар немесе 
трубалармен орындалады. 
Ғимараттарды экрандағанда: қалыңдығы 2мм болатын болат қаңылтыр, 
ҧяшықтардың ені 2,5мм болатын болат (мыс және латунь) торлар 
пайдаланылады. Қорғалатын ғимараттардың есіктері мен терезелері 
экрандалады. Терезелерді экрандау тормен, металданған перделермен, 
терезелерді металдау арқылы және оларды ток ӛткізетін пленкалармен қаптау 
арқылы орындалады. Есіктер болаттан жасалады немесе ток ӛткізетін 


83 
материалдармен (болат қаңылтыр, металл торлар) қапталады. Есіктердің ток 
ӛткізетін қабаттары мен қабырғаның есік ойығы периметрі бойынша электрлі 
болуына ерекше кӛңіл бӛлу керек.
Ӛрістерді экрандағанда экранда тесіктер, саңылаулар болмауы тиіс. Тордың 
кӛздерінің t ӛлшемі толқын ҧзындығынан 0,1 мм-ден артық болмағаны жӛн.
Деңгейлер саны мен экрандар материалдарын таңдау тӛмендегілерді кӛрсете 
ала отырып іске асуы тиіс: 
• толқын таратудын сипаттамалары (типі, жиілігі, қуаты);
• ЭМСТ – дан қорғаудың басқа әдістерінің бар, жоғын; 
• экрандауға шығатын шығынды азайтуға. 
Қорғалған ДЭЕМ - де электронды сәулелік трубкалардың басқару блоктары 
экрандалады, оның корпусы болаттан жасалған болуы тиіс немесе ішінен 
металданады, монитордын экраны тоқ ӛткізетін жерге қосылған пленкамен 
жабылады немесе металдан жасалған тормен қорғалады.
Экрандау, ЭМСТ қорғау функциясынан бӛлек, электромагниттік толқын-
дардың адам ағзасына әсерін азайтады. Экрандау сол сияқты электромагниттік 
шудың қҧрылғыларға әсерін кемітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет