30
қатар мұғалімнің бір мезгілде мәтін
бойынша меңзеп отыруы – сұқ сау-
сақпен жолды жүргізіп отыру – өз
бетінше көзбен жүргізіп оқу – «орта-
лық» көруін жолдан ажырату және
үдерісті ерікті деңгейге дейін авто-
маттандыру. Мәтіннің айтылу жыл-
дамдығы күнделікті минутына бір
сөзге артып отырады және бұл ке-
зеңнің аяғында минутына 50-ден 70
сөзге дейін құрайды.
Енді оқушыға диктормен қосылып,
сыбырлап оқуды ұсынамыз. Бірақ
абай болу қажет! Мұндай тапсырма-
ны дәйекті түрде жекелеген оқушы-
ларға ұсынуға болады, ерікті – кітап-
тағы мәтінді қиындықсыз жүргізіп
оқи алатын. Мұғалім осы жаттығу-
ды орындауға дайын әрбір білім
алушының қасына кезегімен барады,
оларды бір-екі минуттың көлемінде
тыңдайды. Мысалы, мұғалім оқушы-
ның қасына жақындап, қолын иығы-
на қояды, бұл дикторға қосылып да-
уысын шығарып оқуға болатынын
білдіреді. Неғұрлым баяу болса, жақ-
сырақ болады – оқып отырып басқа-
ларға кедергі келтірмейді.
Басында оқушы диктормен бір-
ге тек жекелеген сөздерді ғана қо-
сылып айта алады. Сөзді диктормен
бірге айту үшін, графикалық және
айтылып жатқан мәтінді теңдестіріп
қана қоймай, сонымен бірге, диктор
айтқанға дейін, өз бетінше сөздің ар-
тикуляциялық моделін қалыптасты-
ра алуы керек, бұл жағдай, айтылып
жатқан мәтіннен көзбен жүргізіп оқу
озып отырғанда ғана мүмкін болады.
Басқаша айтқанда, қарапайым фор-
мадағы өз бетінше оқу пайда бола-
ды – графикалық бейненің негізінде
сөздің артикуляциялық моделін қай-
та қалпына келтіру.
Бұл тәсілді қолдану өте нақты
және шектеулі функцияны жүзеге
асырады – хабарламаның артикуля-
циялық формасын қалпына келтіру
қабілетін көрсетеді және соған ынта-
ландырады. Оқушы өзінің қабілет-
тілігін көрсеткеннен кейін, жұмыстың
бұл түрі тез арада тоқтатылады.
Жұмыстың бұл түрі мен бұл
кезеңдерінің мерзімі, әрбір бала
үшін жеке, әрі қатаң сақталады,
жаттықтыру түрінде болмауы қажет.
Бұл қатаң талап. Бұл жаттығумен
әуестену артикуляциялық автома-
тизмнің бекуіне алып келеді, оқуды
дамытуды ақпараттық үдеріс ретінде
қабылдауға
барынша
кедергі
келтіреді.
Мына нәрсеге назар аудару қажет,
үлгерімі нашар білім алушылар
күштілердің алға жылжуына кедергі
келтірмейді, ал күштілер қалыс келе
жатқандардың сәтсіздігін көрсететін
жағдай туғызбайды – барлығы
өте қауырт: қызықты оқиға желісі,
магнитофон үнемі жұмыс ритмін
ұстап тұрады, қалыс келе жатқандар
мазмұнды жеткілікті жақсы түсінеді,
бұл оларға оны белсенді зерделеуге,
түсінуін бағалауда табысты болуға,
бағамдауға
мүмкіндік
береді,
мұғалімнің әрқайсына көңіл бөлуге
уақыты болады.
Достарыңызбен бөлісу: