Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары


БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУ ТІЛІНДЕГІ ОҚУ НОРМАТИВТЕРІ БОЙЫНША



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
stud.kz-30550
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУ ТІЛІНДЕГІ ОҚУ НОРМАТИВТЕРІ БОЙЫНША 
ҰСЫНЫМДАМАЛАР 
Сіз қандай пәнді бастауыш мектеп 
курсындағы басты пән деп атайтын 
едіңіз? Біздің ойымызша, бәрі бір 
ауыздан: «Олардың бәрі басты пән!» 
деп айтатын еді. Шынымен де дұрыс.
Математика қоршаған ортаны 
сандық тұрғыдан ойлауға үйретеді; 
қазақ тілінің міндеті оқушыға кез 
келген жазбаша ақпаратты ана 
тілінде орфографиялық және тілдік 
мәдениеттер тұрғысынан сауатты 
қолдануға үйрету; жаратылыстану 
сабағында оқушы өздерін үлкен 
және алуан түрлі табиғат әлемінің 
бір бөлшегі ретінде сезінуі, оны 
жақсы көруі және құрметтеуі қажет, 
ал бастауыш мектепте жүгіртіп 
оқуға үйренбеген оқушының орта 
мектепте үлкен жетістікке жетуі 
екіталай. Сонымен, барлық пәндер 
қажетті, барлық пәндер маңызды!
Бірақ оқу адамның мәдени 
өмірінде маңызды орын алады. За-
манауи оқырман теледидар, радио 
және кино үстемдігі жағдайында кітап 
оқуға қабілетті адамның ішкі жан 
дүниесін байытатын, қоршаған орта 
мен өмір туралы білім беретін, ойлау 
дербестігін дамытып, оқырманға 
көркемдік ләззат сыйлайтын кітап 
оқуға 
деген 
қызығушылығын 
жоғалтқан жоқ.
Мектепте 
ғана 
емес, 
үйде, 
отбасында да біз балаларды кітапты 
сүюге үйретеміз. Бәлкім, балаларын 
тез және мәнерлеп оқуға, олардың 
оқуға деген қызығушылықтарын 
арттыруға, қітаптың адам өмірінде 
атқаратын рөлінің зор екенін үйрет-
пейтін ата-аналар жоқ шығар.
Жақсы кітап – тәрбиеші, мұға-
лім, әрі дос бола алады. В.А. 
Сухомлинскийдің 
математиканы 
меңгермей өмір сүруге және бақытты 
болуға болады. Бірақ оқи алмасаң, 
бақытты болу мүмкін емес. Оқу 
өнеріне қол жеткізе алмаған адам 
рухани сауатсыз, тәрбиесіз адам 
деген сөзі еске түседі. «Оқи білу» 
сөзінің мәні кең көлемі ұғымдарды 
қамтиды: 
– буыннан сөз құрай білуден, 
мәтінді оқи білуге дейін ғана емес, 
сонымен қатар, кейіпкердің әр ісіне 
эмоционалды пікір білдіріп, ол үшін 
уайымдай білуі. В. А. Сухомлинский: 
«Оқи білу – бұл сөздің нәзіктігін, сұлу-
лығын сезіне білуді білдіреді» деп 
атап көрсеткен. 
Бірақ, математика және қазақ тілі 
бойынша оқушылардың білімі мен 
білігін бақылау ретінде үнемі өзіндік 
және бақылау жұмыстары өткізіледі, 
оқушылар диктанттар, мазмұнда-
ма, шығарма жазады. Ал оқу бір 
тоқсанда бір рет іске асырылатын 
оқу техникасын тексерумен ғана 
шектеледі. Бұл өлшемшарт сөзсіз оқу 
дағдысын қалыптастырудың басты 
көрсеткіші болып табылады, бірақ 
бізге осымен ғана шектелуге бола 
ма? 


26
Әдебиеттік оқу сабағын оқушылар 
өздері сабақ мақсатын айқын сезіне 
алатындай етіп құруға болмай ма: 
олар тексеру жұмысы барысында 
көрсете алатын белгілі білім қорын 
меңгеру (өзінің сөйлеу әрекетін 
дамыту, кітаптар әлеміне бағдарлана 
білу және т.б.). Ондай жағдайда 
мынадай сұрақ туындайды: баста-
уыш мектеп үшін әдебиеттік оқудағы 
білім деп нені атауға болады?
Оқу дағдысын қалыптастыру, 
мәтінді қабылдау мен түсінуге үйрету 
мәселесі, сонымен қатар, мектептік 
оқудағы бірден-бір ең өткір және 
тұрақты проблемалар және оны 
табысты шешу көп жағдайда оқуға 
машықтанған оқушының алғашқы 
қадамына байланысты болатын – 
төселіп оқуды қалыптастыру болып 
табылады.
Өзгеріп 
отырған 
әлеуметтік 
жағдайлар ақпаратты қабылдау 
көлемі мен тәсілдеріне қойылатын 
өзге де сандық және сапалық 
талаптарды 
көрсетеді. 
Нашар 
оқитын оқушы, мектептің орта одан 
жоғары буынына өткенде ақпараттар 
ағынына тап болады.
Жүгіртіп оқу өзі келеді деп 
«тәуекелге» үміт артады. 
Кіші мектеп жасындағыларға 
сол қолайлы жаста тиімді оқу 
жылдамдығына қол жеткізуге, оқу 
техникасын арттыруға мүмкіндік 
болады. 
Оқушыларды қалай тез, ұтымды, 
тиімді және саналы түрде оқуға 
үйретуге болады деген сұрақ әр 
мұғалімді қызықтырады.
Тәжірибе көрсеткендей, әдетте 
көп оқитын оқушылар тез оқиды.
Оқу барысында тез есте сақтау мен 
зейін тұрақтылығы қалыптасады. Өз 
кезегінде ақыл-ой қабілеттілігі осы 
екі көрсеткішке байланысты. 
Ұзақ уақыт дауыстап оқу мүмкін 
емес, себебі дауыстап оқу арқылы 
ақпарат алу тиімсіз. 
«Іштен оқу» барысында оқу 
жылдамдығы 
біршама 
артады. 
Сондықтан ғалымдар мен практик-
тердің 
көпшілік 
оқушыларға 
минутына 120 сөз оқу жылдамдығы 
қолжетімді деген пікірлері сәйкес 
келеді.
Оқушыны қалай саналы және 
дұрыс оқуға үйретуге, әртүрлі 
мәтінмен жұмыс істеу дағдысын 
қалыптастыруға, оқығанын түсіну 
деңгейін анықтауға болады? 
Жалпы оқушыларды мәтіннің 
мағынасын, арифметикалық есеп-
тердің шарттарын, грамматикалық 
ережелер мен тапсырмаларды бір 
реттік оқылымда түсінуге және есте 
сақтауға, оқу мәтіндегі ғылыми-
танымдық мақаладағы бастысын 
табуға қалай үйрету қажет? 
Оқу сабағын және оқу процесін 
оқушылар үшін қалай қызықты түрде 
өткізуге болады? 
Мүмкін, әр мұғалім осы мәселелер 
туралы ойланады және әрқайсысы 
оқу дағдысын жетілдіру мәселесін 
өзінше шешуге тырысады, оқу 
сабақтарының әр оқушының сана-
сында айтарлықтай із қалдыруына 
ұмтылады, оқушыларды олардың 
идеялық-адамгершілік, 
ақыл-ой, 
эмоционалдық, эстетикалық және 
сөйлеу дағдысын дамуда алға 
ұмтылуға, оқушылардың кітапқа 
деген сүйіспеншілігін, оқуға ынтасын, 
қызығушылығын дамыту, оларға 
өмірде және әрі қарайғы оқуы үшін 
пайдалы білігі мен дағдыларын 
дамытуға бағытталды. 
Соңғы уақытта, көпшілік оқушы-
лардың амалсыздан және аз оқитыны 
байқалуда. 
Оқу олар үшін қызықсыз сабаққа 
айналуда. Оның бірқатар себебі бар:
оқуға қызығушылықтың жалпы 
төмендеуі; 
– оқумен қатар мол ақпарат көз-


27
дерінің болуы;
– оқуға бөлінетін уақыт санының 
азаюы. 
Бірақ 
осындай 
құбылыстың 
басты себебі оқуға үйретудің жетіл-
дірілмегендігі, оқушының оқу әре-
кетін мақсатты түрде қалыптастыру 
жүйесінің жоқтығы болып табылады. 
Әртүрлі мәліметтер бойынша 
бастауыш мектепте оқушылардың 
5% аспайтын бөлігі жақсы оқи алады, 
нервтік-психикалық 
денсаулық 
бұзылысы бар және оқу дағдысын 
меңгеруге қабілетсіз оқушылар саны 
артуда. 
«Ең жақсы әдіс, ол сіз меңгерген 
әдіс, – деп жазды Л.Н. Толстой, бірақ 
өзінің жасы мен педагогикалық 
қызмет өтіліне қарамастан оқу 
техникасын жетілдіру әдісін әр 
мұғалім меңгеруі қажет». 
Оқу техникасын жетілдіру әдісі 
көптеген ғалымдар идеясына енген 
әдебиеттік оқуға үйретудің заманауи 
педагогикалық 
технологияларын 
қолданумен түсіндіріледі. 
Солардың бірнешеуін қарастыра-
мыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет