17
Орташа әр топтамаға 3 күн, 18
топтамаға 54 күн, екі ай көлеміндегі
уақыткетеді. Екі ай ішінде жедел
жадты дамытуға мүмкіндік бар. Бұл
шартты міндетті түрде сақтау керек.
Көру диктанты күнде жазылуы қажет.
Егер күн ара жазылса, онда мұндай
жаттығу жедел жадты дамытпайды.
Егер екі күн не болмаса үш күннен
кейін жазылса, ол ешқандай нәтиже
бермейді.
Әлбетте, жаттығу жұмыстары бір
айдан кейін оқылымға үйретуде
алғашқы нәтижелерін береді: оқушы-
лар сөйлемнің мағынасын жылда-
мырақ ұғынады, ынталана оқиды.
Зайцев Всеволод Николаевичтің
кітабында кез келген жағдайда
шапшаң оқу дағдысын қалыптастыру
ұсынымдары берілген:
1. Ұзақтығы емес, жаттығу жұ-
мыстарының жиілігі маңызды.
Адамның есінде үнемі көз алдын-
дағы емес, әлсін-әлсін көрінетін:
біресе бар, біресе жоқ болып
тұратын нәрсе қалады. Дәл соның
өзі қоздырады және есте қалдырады.
Егер біз оқушылардың оқу дағдысын
қалыптастыруға
көмектескіміз
және оларды автоматты түрге
жеткізгіміз келсе, онда күнде бір
нақты белгіленген уақытта шағын
мөлшерде (оқу ынтасын кідіртетін
1-1,5 сағаттық қажетсіз жұмыстан
гөрі күніне үш рет шағын мөлшерде)
жаттығулар жасау қажет.
2. Ызыңдап оқу.
Ызыңдап оқу деген не? Мұндай
оқуда барлық оқушылар бір мезетте
дауыстап, сыбырлап, біреуі жылдам,
екіншісі ақырынырақ әрқайсысы өз
оқу жылдамдығымен оқиды. Егер
сабақтың бес минутын осындай оқуға
жіберсек, нақты нәтижеге жетуге
болады (оқылым сабақтарында).
3. Әр сабақ сайын бес минуттық
оқу.
Сабақ сайын балалар кітапты
ашып, бес минут ызыңдап оқиды.
4. Ұйықтар алдындағы оқу.
Бұл
жақсы нәтиже береді. Өйткені соңғы
оқиғалар эмоционалды есте сақта-
лып қалады, яғни адам ұйықтағанда,
8 сағат бойы сол әсерде болады.
5. Аялауыш тәртіптегі оқу (егер
бала оқуды ұнатпаса).
Жеткіншек бір-екі жолды оқиды
және содан кейін қысқа мерзімге
демалады.
6. Көп дүркіндік оқу.
1 минут ішінде оқушылар мәтін-
ді сыбырлап оқиды және тоқтаған
жерін белгілейді. Содан кейін мәтінді
тағы оқып, тоқтаған жерін белгілеп,
алдыңғы нәтижемен салыстырады.
Әрине, ол екінші рет бірнеше сөз-
ге көбірек оқиды. Оқу жылдамдығы
шапшаңырақ болғандықтан, жағым-
ды эмоция тудырады, оқушыларда
оқу ынтасы пайда болады. Бірақ бір
үзіндіні үш реттен артық оқытуға
болмайды. Одан да тапсырманы
өзгертіп, осы үзіндіде артикуляция
аппаратын жаттықтыру, яғни И.Т.
Федоренко мен И.Г. Пальченко жүйе-
сінің жаттығуларын (жаңылтпашты
оқығандай оқу) қолданған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: