11
емес,
үйреніп
үлгермегендіктен
басқалардан артта қала бастайды,
нашар оқитын топтағы балалардың
қатарына қосылады.
Психологтердің зерттеулері көр-
сеткендей, көбінесе тежелу буын-
дардан сөз құрау мен сөздердің
мағынасын түсіну кезеңінде болады
екен. Сонымен бірге бұл кезең
маңызды болып табылады, себебі
мағыналық түсініп оқу үшін негіз
болады. Бала нысаналы және
дұрыс оқуға қалай үйретуге болады,
мәтіндер түрлерімен жұмыс істеу
дағдысын қалай қалыптастыруға
болады.
Бірінші кезеңде оқытуды тыныс
алу гимнастикасынан бастау керек.
А.Н. Корневтің әдістемесін зерделеп,
оны өз тәжірибесінде қолдануға
болады.
Тыныс алу гимнастикасы және
дауысты
дайындау
Сөйлеу тыныс алумен тығыз
байланысты. Сөз дем шығару фа-
засында құрылады. Адам үнсіз
тұрғанда және сөйлеу кезінде тыныс
алу айтарлықтай ерекшеленеді.
Дем шығару демді ішке тартудан
әлдеқайда ұзағырақ.
Сонымен қатар, сөйлемей ты-
ныс алу кезіндегіге қарағанда
сөйлеп
тұрғанда
тыныс
алу
қозғалыстарының саны екі есе кем.
Ұзақ дем шығару үшін үлкен ауа қоры
қажет. Сондықтан сөйлеу кезінде
жұтылатын және сыртқа шығатын
ауа көлемі айтарлықтай ұлғаяды.
Сөйлеу кезінде дем алу анағұрлым
қысқа және терең. Сөйлеуде тыныс
алудың тағы бір ерекшелігі –
сөйлеу кезінде дем шығару кезінде
дем шығаратын бұлшық еттердің
(құрсақ қабырғасының және ішкі
қабырға аралық бұлшық еттердің)
белсенді
қатысуымен
жүзеге
асырылады. Бұл оның анағұрлым
жоғары ұзақтығы мен тереңдігін
қамтамасыз етеді, сонымен қатар
ауа ағынының қысымын ұлғайтады.
Онсыз дауыстап сөйлеу мүмкін емес.
Кейбір балаларда оқу кезінде дұрыс
тыныс алмауы байқалады, олар дем
шығару кезінде емес, дем алу кезінде
оқиды. Оқу қарқыны бұзылады,
сондықтан әріптерді өту кезінде,
әдебиеттік оқу сабақтарында тыныс
алу гимнастикасын жасап тұру
керек. Тыныс алу гимнастикасын әр
сабақтың басында жасату қажет.
Әріптермен таныстыру
Сауат ашудың бірінші кезеңінде
өзінің ашықтығымен, өзгешелігімен
баланы қызықтыратын әріптермен
таныстыру жүргізіледі. Әрбір әріпке
жаңылтпаштар және жұмбақтар,
тақпақтар таңдап алынады. Оқушы-
ларға кез келген әріптердің тір-
кесіне өздері жаңылтпаш, мысал
ойлап табуды да ұсынуға болады.
Жаңылтпаштарды айтуды уақытты
бақылау арқылы жүргізуге болады.
Алдымен бала жаңылтпашты баяу,
ақырын айтады, содан кейін қалыпты
қарқынмен, содан кейін ғана жылдам
қарқынмен айтады. Оқытудың бұл
кезеңінде әріптермен таныстырып,
сабақтың басында оқу кезінде
шапшаң оқуды дамыту үшін әртүрлі
кестелер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: