38
бір-бір баладан ш..ы..ды. сөйлемдегі
соңғы сөздің басты және соңғы
әріпіне қарап оқушы қандай әріптер
түсіріліп қалғанын, қандай сөз екенін
айтып беруі керек (шығарады,
шынығады, шақырады).
Жаттығулардағы ұсынылып отыр-
ған әдіс-тәсілдер оқу дағдысы төмен
оқушылардың оқу жылдамдығын
жетілдіреді, оқыған мәтіндерінің маз-
мұнын дұрыс түсініп, қабылдауына
көмегін тигізеді.
Әр оқу сабағында қолданылатын
алуан түрлі жаттығулар мен тапсыр-
малар оқушылардың техникалық
дайындығын ұйымдастыруға ғана
емес, оқу дағдысын мақсатты және
тиімді қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Әрбір сабақ жаңа шығар-
малардың әртүрлілігімен, жаңалығы-
мен, кейіпкерімен және мұғалімімен
қарым-қатынас жасаумен, еркін пікір
алмасуымен қызықты.
Оқу дағдысын қалыптастыру,
сондай-ақ әр оқушының ой-өрісін
кеңейту, білуге құштарлығын дамыту,
оқушылардың
қызығушылығын
тәрбиелеу, білімге деген оң көзқарас-
тарын қалыптастыру жолдарының
тағы бірі – оқушыларды өз бетінше
кітаппен жұмыс жасауға баулу болып
табылады. 2-сыныпта сыныптан тыс
оқу сабақтарында оқушылар жеке
кітаппен жұмыс жасауға, сондай-
ақ кітаптар әлемінде де жөн таба
білуді үйренеді. Әрбір сабаққа
оқушылар тақырып пен тапсырмаға
сәйкес таңдалған кітаптар әкеледі.
Бірте-бірте
осындай
жұмыстар
жүргізу арқылы кітаптар көрмесін
ұйымдастыру, оқыған кітапқа анно-
тация жасау, әдеби газеттер шығару,
өздерінің кітапшаларын құрастыру
дәстүрге айналады.
1-сыныптың 4-тоқсанынан бастап
(балалар оқып үйренген соң) әрбір
оқушы «Оқу күнделігін» арнайды. Бұл
күнделік мынадай бөлімдерден тұра-
ды: күні, шығарманың атауы және ав-
торы, оқылған жолдар (беттер) саны,
ата-анасының
қолы,
мұғалімнің
бағасы. Күн сайын балалар алғашқы
кезде ата-аналарымен, кейіннен өз
бетінше немесе мұғалім тапсырмасы
бойынша кітапты таңдап, оқиды,
ата-аналар тиісті жазбалар жасайды,
мұғалім оқушының жұмысын баға-
лайды (қолы қойылады, сыйлықтар
желімденеді).
2-сыныптың екінші жартыжылды-
ғынан бастап оқушылар күнделігіне
жазбаларды өз бетімен жасайды,
өзінің оқуын суреттермен толықты-
рады, кейіпкерлерді және олар-
дың
сипаттамасын
көрсетеді.
Бұл жұмыс бастауыш мектепте
оқыту бойы жалғасады. Мұғалім
оқушыларды
күнделікті
оқуға
деген қызығушылығын осындай
жұмыстарды жүргізу арқылы сақтап
отырады: оқылғанды талқылайды,
викториналар өткізіледі, аптасына
бір рет қорытынды жасалады және
бағаланады, әр тоқсанда жетістік-
терімен ерекше көзге түскен оқушы
марапатталады. Оқу күнделігімен
жұмыс кітаптармен жұмысты кеңей-
туге және тереңдетуге, сондай-ақ
мұғалімдер, оқушылар мен ата-
аналарды жақындастыруға мүмкіндік
береді.
Оқу дағдыларының қалыптасуы
оқушылардың жалпы сөйлеуінің
дамуына айтарлықтай әсер етеді,
жоғары сыныптарда ақпарат ағынын
табысты игеруге және үлгерімінің
жақсы болуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте тоқсандар
бойынша оқу техникасының нор-
масы
Достарыңызбен бөлісу: