Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
stud.kz-30550
Қателер: 
– көп оқылатын сөздерді (ауысты-
ру, орнын ауыстыру, рұқсатнамалар 
немесе әріптерді, буындарды, сөз-
дерді қосу) бұрмалау; 
– барлық мәтінді мағыналық үзіліс-
сіз оқу, сөздерді дауыстап оқығанда 
қарқынының, нақтылығын және ай-
тылуын бұзу; 
– оқуға берілген уақытта оқылған 
мәтіннің жалпы мағынасын түсініс- 
пеушілік;
– оқу мәнерлілігінің болмауы, оқу 
бірсарынды естілуі. 
Кемшіліктер

– жекелеген мағыналық үзілістің,
қарқыны және айтылу анықтығының 
бұзылуы; 
– берілген уақыттан сәл асырып
оқылған мәтінді ұғынуы;
– кейіпкердің мінезін сипаттау ба-
рысында айқындықтың, бейнелілік-
тің жеткіліксіздігі. 
Оқу жылдамдығына шамадан тыс 
назар аудару дұрыс емес оқуға жиі 
итермелейді. Дұрыс оқу дегеніміз 
- бұрмалаусыз, әріптерді немесе 
буындарды 
ауыстырмау 
болып 
саналады. Оқудың дұрыстығы тиімді 
болу үшін мұғалім арнайы оқу 
режимін анықтауы тиіс: 1) күнделікті 
жаттығулар 
(арнайы 
мәтіндер, 
жаңылтпаштар, жаттау, өлеңдер мен 
прозаны жатқа айту); 2) қате оқудың 
алдын алу; оқуға дайындалу, кіріспе 
әңгіме құру, кеспе әріппен жұмыс 
(1-сынып) жасау, қиын сөздерді 
құрамы бойынша талдау, қиын 
сөздерді хормен дауыстап (буындап, 
бөліп-бөліп, толығымен) оқу. 
Сондай-ақ, оқудың дұрыстығына 
мыналар да әсер етеді: оқу кезіндегі 
дененің қалпы, көз бен мәтін ара-
сындағы қалыпты ара қашықтық, 
алдын-ала ішінен оқу, мұғалімнің үлгі 
ретінде оқуы. 
Л.К. Назарованың пікірі бойынша 
– оқырманның мәтіннің мазмұнын 
айқын, терең түсініп, ұғынып оқуы. 
Ол жекелеген сөздердің мағына-
сынан, сөйлемдердің мәнінен, мәтін 
бөлімдерінің мазмұнынан құралады.
Оқудың саналылығын тексеру 
әдетте оқылған бойынша әңгіме 
барысында жүргізіледі. Бұл ретте 
сұрақтар қабылдаудың үш деңгейіне 
қатысты болуы тиіс: 


42
1-деңгей–нақты мазмұны;
2-деңгей – себеп-салдарлық бай-
ланыстарды түсіну, кейіпкерлердің 
қылықтарының уәждемелерін ұғыну;
3-деңгей – әрекет етуші тұлға-
ларды, кейіпкерлерді және олардың
іс-әрекеттерін өзіндік бағалауы.
Оқу жылдамдығы мен икемділігін 
(мазмұнына байланысты оқу жыл-
дамдығы өзгертуге) дамыту үшін И. Т. 
Федоренко мен И. Г. Пальченконың 
жаттығулар жүйесінқолдану ұсыны-
лады.
Оқу техникасын жеделдетуге Фе-
доренко мен Пальченко мынандай 
жаттығуларды ұсынады: 
1) қайталай бірнеше рет оқу; 
2) жаңылтпаш қарқынмен оқу;
3) оқып келе жатып оқымаған 
бөлімге ауысып мәнерлеп оқу;
4) қиын сөздер мен сөз тірке-
стерімен жұмыс;
5) суреті көп кітаптарды көрсету, 
балалар оқығысы келеді;
6) кластан тыс оқуды ұйымдасты-
ру; 
7) слайдтарды пайдалану;
8) ойын ойнату – сөйлемде қойыл-
май қалған сөздерді табу;
9) жұптасып оқу. (2 адам оқу);
10) сабақта үйге берілген текстен 
үзінді оқу;
11) мәтінді түгел оқу;
12) мәтінді оқу, бөлімдерге бөлу, 
жоспар құру;
13) белгіленген жоспар бойынша 
оқу;
14) мысалдардан мақал-мәтел, 
нақыл сөзге айналған жолды тауып 
оқу;
15) мәтіннен лепті, сұраулы, ха-
барлы сөйлемдерді табу;
16) мәтінді іріктеп көркем сөз,-
теңеулерді тауып оқу;
17) мәтін ішіндегі ең ұзын сөзді 
оқу;
18) мәтіннен 2,3,4 буынды сөз-
дерді табу;
19) мәтіннен сұраққа жауапты із-
деу, үзіндіні табу;
20) мәтінді оқу, әңгіме несімен 
ұнағанын, ұнамағанын айту;
21) мәтінді оқу,оқығанын қи-
мыл-қозғалыс арқылы әңгімелеу; 
22) мәтінді рөлге бөліп оқу; 
23) мәтіннен жылдам, жай, кө-
теріңкі дауыспен оқылатын сөйлем-
дерді табу; 
24) мәтінді оқу, шағын мазмұнда-
ма жазу; 
25) мәтінді оқу, шағын шығарма 
жазу; 
26) мәтінді оқу, жай, күрделі 
жоспар оқу; 
27) мәтінді оқу, мағынасы түсініксіз 
сөздерді белгілеу; 
28) мәтіннен өкінішті, аянышты,-
мысқылмен, қуаныш, ренжіп, т.б. 
эмоциалды кейіппен оқылатын сөй-
лем, үзіндіні тауып оқу; 
29) мәтіннен іріктеп көркем сөз,-
теңеулерді тауып оқу; 
30) оқу арқылы көру диктантын 
жаздыру. 
Оқу дағдысының дамуын қамта- 
масыз ететін негізгі әдіс әр кезде 
жаңа тапсырмамен оқи отырып, 
мәтінге бірнеше рет қайта оралу бо-
лып табылады. 
Оқушылардың сүйікті оқу түрі – 
рөлмен оқу, көптеген сезімдер мен 
эмоциялар тудырады. Педагогика-
да оқу дағдысын және мәтіндерді 
түсінуін қалыптастыру үшін жаттығу-
лар кешені әзірленген. Бұл әзірлеме-
лердің авторлары мына педагогтар 
мен психологтардың тобы болды: 
Заика Е.В., Нечаева Н.В., Кудина Г.Н., 
Новлянская З.Н., Ладыженская Т.А., 
Симановский А.Э. 
Бастауыш мектептің өзінде бала-
ларды түсіндірме сөздікпен жұмыс 
жасаумен таныстыру керек.
Балаларды оқытуда ата-аналар-
дың көмегі өте маңызды. Сондықтан 
ата-аналар жиналыстарында оқу 


43
оқушының күнделікті әдетіне айна-
луы керек екеніне әрбір ата-ананы 
сендіруге тырысу керек. Бұл ретте, 
әсіресесауатты оқудың бірінші саты-
сында баланың айналасында оның 
оқуын тыңдап отырғандардың қы-
зығушылығын көрсететін жағдай 
жасау қажет. Ата-аналар әңгіменің, 
үзіндінің және т. б. мазмұнына қы-
зығушылық танытқаны жөн, балаға 
мүмкіндігінше ұстамды, сабырлы, 
шыдамды, төзімді және мейірімді 
болу маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет