Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла



бет1/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
диалект сөздік


Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла- нысты атаулар. Жеркепе//жертөле. Жер үй, жерді қазып жасаған үй. Бұрын əр шопан жеркепеде отырушы еді (Қ. орда, Жаңақорғ.). Жер қазылып, үстіне ағаш, чырпы, топырақ салынады (Шымк., Арыс). Дəліз. Ауыз үй, сенек. Аяғыңдағы галошыңды дəлізге қой (Қ.Орда, Сыр.). Екінші бөлмеде ауылдық советтің кеңсесі. Оның дəлізінде 500 семьяны сауаттандыратын 5000 əдеби кітап жатыр («Мəд. жəне тұрмыс», 1964, №4). Семей облысы Мақаншы ауданының тұрғын- дары ауыз үйді бодам дейді. Мысалы: Көркемөнерпаздар концерті колхоз конторында өтті. Колхозшылар көп жиналып, төргі үйінен бо- дам үйіне дейін толып отырды («Қызыл жұлдыз», 24. 06. 56). Үйдің бодамы кішкене екен (Сем., Үрж.). Күн батар алдында Ефросинья Ни-
ловна пешке от жақпақ болып, ауыздағы бодамға шықты (К.Оразалин).
Əулі. Есік алдындағы қоршалған алаң, ашық қора. Əулінің ішінде мал да тұрады (Шымк., Арыс). Жетісуда – аула.
Шошала. Ас пісіретін үй. Бұл шошаладан келген түтін ғой (Көкш., Щуч.). Ауыл үйлер шошалада, күн суық. Жел де азынап, аш қасқырдай ұлып тұр (С.Мұқанов). Шымкент облысы (Сарыағаш т. б. ауд.) қазақтарының тілінде мұны асхана, шығыс қазақтарының тілінде мұны тошала дейді: Тошалаға сойған малдың етін қойып, кептіреді. Анау тошала іргесінде жатқан дөңбекті жаңқала, самауырын жылдам қайнайды («Қаз. əдеб.», 28.11.58).
Жозы//жуазы. Аласа дөңгелек стол. Қонақтар жозының айнала- сында отырды (Алм., Нар.). Ертеңгі шайға бəріміз бір қора болып, жозыны айнала келіп отырамыз (Б.Соқпақбаев). Кейде жуазы деп те атайды.
Отырғыш. Орындық. Ана үйден отырғыш алып келші (Орал, Чап.). Еңбекшілердің өскен талабына сай стол, отырғыш т. б. мебель- дер шығарылды («Коммунист», 1. 01. 1959).
Жар. Үйдің қабырғасы. Бұл сөз шамамен алғанда Ақтөбе, Орал, Атырау облыстарын мекендеген қазақтардың тілінде кездеседі. Су- рет жарда ілулі тұр (Ақт., Қараб.). Қазір сағат не, жардағы сағатқа қарап жіберші (Ə.Нұрпейісов). «Большевик» колхозында екі сиыр қо- расының жары тұрғызылып, бұзау үйі салынып болды («Колх. жолы», 21.08.1954). Қыз білегіне маңдайын сүйеп, еңкейіп қалған. Басы жар- ға тіреліп, жүзі көрінбейді (X.Есенжанов). Жар газеті мен жауын- герлік листок оқта-текте бір шығады («Колх. жолы», 25.11.1953).
Ашық-машық. Есіктің топсасы. Есіктің ашық-машығының шегесі босап тұр (Шымк., Арыс).
Сақа. Үйдегі тіреу, бағана. Ана сақаны сүртші (Орал, Жəн.). Қартаң надзирательге қараңғыда сарт еткізіп маңдайын сақаға соғып алған- дай əсер етті (Х.Есенжанов). Солтүстікте бұны аша дейді: Біздің үйдің ашасы ескіріп қалыпты (Көкш., Еңб.). Сасқан Асқар жүгіріп келе жатыр еді, маңдайы ашаға тарс ете түсті, есі ауып қала жазда- ды, көзінің оты жарқ ете түсті (С.Мұқанов). Семей, Шығыс Қазақстан- ның кейбір аудандарында аша деп айырды айтады.
Забел. Үйдің сырт қабырғасына тақай өрілген кірпіш орындық.
Балалар забелге шығып, терезеден қарап тұр (Орал, Чап.).
Сəндіре. Лапас, бастырма. Күн ыссы болса, сəндіре жасап ала- мыз (Орын., Ад.).
Кеңдік. Қамбаның ішіне балшықтан қорап сияқты қуыс жасап, би- дай төгетін жер. Кеңдіктің аузын біз кейде сылап тастаймыз (Шымк., Сарыағ.).
Шырыш. Арқалықтың, мəткенің үстіне салатын жіңішке ағаш. Алматыда шанжа//чанжа, Шу бойында шабақ, Семей облысында сырғауыл дейді.
Қақыра. Уақытша салынған баспана. Қақыраны қамыстан істеп, жаз отырады (Қ. орда, Тер.).
Дуал//дауал. 1. Үйдің қабырғасы, 2. Қораның қоршауы. Дуалдағы суретіміз түсіп кетіп, сынып қалды (Шымк., Арыс). Дуал газеті – қабырға газеті. Қызылша қазатын жерде қызыл, қара тақта, дуал газеттерін ұйымдастырады (Жамб., Мер.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет