Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла



бет15/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
диалект сөздік

Қатыстық сын есімдер. Сын есімнің бұл тобынан əсіресе атап өтетін тұлғалар -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғанып айты- латын сын есім тұлғалары. Олардың бірқатары сөйленістерде түбір күйінде қолданылады да, бірқатары түбір күйінде қолданылмай, тек
-дай, -дей жұрнақтары тұлғасында ғана қолданылады. Сөйленістерде кішкентай мағынасында төмендегі сөздер жұмсалады: зəрекендей, шікідей, құртақандай, құйтақандай, құртапаштай, битақандай, құйттай, титімдей, шинамдай, тұянамдай, шитақандай, шүкімет- тей, мүштай, минаттай. Мысалдар: Мынау бір шікідей бала екен (Гур., Маңғ.). Бойы минаттай болғанмен, пəле көрінеді (Гур., Маңғ.). Балалар болса, əлі шүкіметтей жас (Қ. орда, Сыр.).
Шитақандай болып саған мұның не керегі болды (Түрікм., Тащ.), Мына қауын мүштай екен (Шымк., Шард.).
Сөйленістерде -дай, -дей жұрнағы арқылы жасалып, үлкен, зор мағынасында жұмсалатын сөздер аз емес: сəліңгірдей, дəңгілдей, əй- діңгірдей, кекірдей, дүмдей, дырдай, батпанақтай, мауыздай.
Мысалдар. Сақалы дəңгілдей екен (Гур., Маңғ.). Ол дəңгілдей адамды да жыққан болатын (Түрікм., Таш.). Е-е, астындағы кекірдей ат қой, баратын жерге жеткізбей не қыпты (Шығ. Қаз., Зайс.). Есіктің алдында тұрған сəліңгірдей жігіт кім? (Гур., Маңғ.). Ол мауыздай жігітті жыға алмады (Қ.орда, Арал). Əйдіңгірдей жұмыскерлер болса, жұмыс қалай бітпесін (Қ.орда, Арал).
Қатыстық сын есімдерге төмендегі туынды сөздерді де жатқызуға болады:
Əлменді. Күшті, қуатты. Бұл колхоздың аттары əлменді келеді
(Ақт., Ырғ.).
Сүдінді. Ажарлы, əдемі. Оның апасы сүдінді дейді ғой (Орал, Чап.).
Мелжемді. Зор, қарулы. Абайдың інісі Оспан мелжемді адам бо- латын (Сем., Абай).
Ызбайлы. Сыпайы, əдепті. Сағит деген ызбайлы адам ғой (Орал, Жəн.). Ызбайлы жас доктор кемпірге əдептілігімен ғана ұнаған жоқ, мырзалығымен де ұнады (X. Есенжанов).
Пісентті. Сенімді, жинақты. Бұлпісентті адам ғой (Гур., Маңғ.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет