Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла



бет11/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус
Мақта шаруашылығына байланысты кəсіби сөздер. Шымкент облысының тұрғындары тілінде мынандай сөздер кездеседі:
Бур. Қозаның ең алғашқы түйінінде қоза көсегін орап тұратын жа- пырақтар.
Гүлше. Гүл шығара бастаған шанақ.
Шанақ. Мақта талшығы жетіліп ашылғанға дейін ыстықтан қор- ғап тұратын қалқан.
Бұл сөзбен байланысты шанақ байлау (шанақ салу), шанақ төгу (шанағы түсу) деген тіркестер қолданылады. Бұл сөз шанақтау бо- лып етістік тұлғасында да қолданылады. Мысалы: Қазір барлық жер- де жаппай шанақтап, гүлдей бастады («Оңтүстік Қаз.», 7.07.59).
Қоза. Мақта өсімдігі. Қоза баптау – мақта өсімдігін күту. Қоза көшеті мақта өсімдігінің түбі.
Терім. Мақта теру. Ұстаздар басшылық етіп, терімде ұйымшыл- дық көрсетуде («Қызыл ту», 13.10.66).
Шиіт. Мақта өсімдігінің тұқымы, дəні. Осы сөзбен байланысты төмендегі тіркестер қолданылады: тұқым шиіті (келесі жылы себі- лу үшін, суық түскенге дейін теріп алған мақта дəні). Қабықты шиіт (қабығы алынбаған мақта өсімдігінің тұқымы), ақ шиіт (түгі алын- баған түбітті шиіт).
Бидай, жүгері, тары дақылдарымен байланысты кəсіби атау- лар. Боз тұмсық//боз мұрт. Тарының шала піскен кезі. Тарының жары пісіп, жары піспей тұрған кезін боз тұмсық дейміз (Орын., Ад.). Мəдек. Жүгерінің жеміс беретін сабағын біз мөдек дейміз (Сем.,
Үрж.).
Ақпорми (Сем., Үрж.). Үлкен, толық болып шыққан жүгері.
Борми (Сем., Үрж.). Нашар шыққан жүгері. «Коминтерн» колхозы бидайдың əрбір гектарынан 4, 64 центнер, бормидан 7, 56 центнерден
артық өнім алды («Қызыл жұлдыз», 24. 06. 56).
Қобан бидай. Қатты бидай. Бұл күнде қобан бидайға қатты бидай деп есім берді (Орын., Ад.).
Оп айдау. Егін бастыру.
Бəһөрі бидай (Шымк., Ленг.). Көктемде егілетін бидайдың бір түрі.
Қырқын. Бидайдың келтегі, шар басы. Қырқынды бұрышқа жи
(Қарағ., Шет).
Көк найза (Сем., Мақ.). Қара бидай.
Ақ көйлек. Бидайдың ішкі жұқа қабығы. Бидайдың ішінде ақ көй- лек деген жұқа қабығы болады (Сем., Мақ.).
Дүмбе (Сем., Мақ.). Күздік бидай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет