Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла


Мал шаруашылығына, жан-жануарлар дүниесіне байланысты



бет12/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус
Мал шаруашылығына, жан-жануарлар дүниесіне байланысты атаулар. Тайөгіз. Тана. Тайынша. Бізде екі тайөгіз бар (Орал, Чап.). Биыл жайып семіртуге 118 бас сиыр бөлдік, олардың көпшілік тай- өгіздер («Екп. жол», 18.05.58). Мешіттен шетірек өзге ауылға шықса, тайөгіз бұқадай сүймендеп жүр (X.Есенжанов).
Сиыр-сыбыр. Сиыр-миыр. Көзіңе жайылып жүрген сиыр-сыбыр
көрінген жоқ па? (Гур., Маңғ.).
Бірқырқар. (Орал, Жөн.). Күзге таман кеш туған кенже қозы.
Тұқай. Тұяқ. Кейбіреуін тұқайымен қақты, енді біреуін жүнінен тартты («Еңбек туы», 25. 12. 57).
Мойнақ. Адай жылқысының бір тұқымы. Əнеки, өңшең асыл көз
мойнағы (X. Ерғалиев).
Жандық//жəндік. Ұсақ мал. Біздің үйде жандық бар (Орал, Жымп.). Үйдің сəні сандық болар, қораның сəні жандық болар (Мақал, Қара- қалпақ қаз.).
Шəңгер. Ерте туған лақ. Шəңгерді кейде қодыраң лақ деп те атай- ды (Орын., Ад.).
Мада (Шымк., Сарыағ.). Есектің ұрғашысы. Кейбір жерде мəш// маш есек дейді.
Əңгі. Есектің еркегі. Жалғыз əңгі есегіммен осы үйдің қыруар жұ- мысын тындырдым (Қ. орда, Шиелі).
Қодық. Есектің бір жасқа дейінгі баласы. Есек қодығымен, шеңгел собығымен (Мақал, Шымк., Сарыағ.).
Ашық-жабық. Семіз де емес, арық та емес, күйі орташа мал. Ашық- жабық малымыз бар (Көкш., Щуч.).
Көпек. Төбет ит.
Сен ауылда жүрген көпек ит,
Мен қара кеуде қашаннан (Қашаған ақын. Гурьев).
Дағалай. Бір жылда екі лақтаған ешкінің екінші лағы. Ешкім екін- ші лақтап, міне дағалайы да өсіп қалды (Сем., Мақ.).
Дүбəрəндік//декабріс (Қарағ., Шет). Күзде не қыста туған төл.
Жожын. Шошқаның торайы. Доңыз жожынды көп табады (Тү-
рікм., Таш.).
Түйе шаруашылығымен көбірек айналысатын аудандарда түйе- мен байланысты көптеген сөздер бар.
Көрт. Лөк пен кердеріден туған түйенің тұқымы. Түйе жаманы
көрт, шөп жаманы – керт (Мақал, Гур., Маңғ.).
Кердері (Гур., Маңғ.). Айыр түйе мен нар түйенің арасынан туған будан. Түйенің тəуір түрі.
Жанпоз//жанбозы (Орал, Орда). Кердері түйенің бір түрі. Арғымақтан туған қазан ат,
Шабуыл салса нанғысыз. Айырдан туған жанпоз бар,
Нарға жүгін салғысыз (Махамбет).
Жарбай (Түрікм., Таш.). Нардың нашар түрі. Көбінесе нар мен бу- раның араласынан туады.
Тас түйе (Түрікм., Таш.). Нар мен аруананың арасынан шыққан асыл тұқымды түйе.
Қаймал (Гур., Маңғ.). Үш жастағы ұрғашы түйе.
Жөгі//Жоң. Түйенің жаманы. Жоң түйе адамды тістеп алады
(Шымк., Сарыағ.).
Өндіріс, шаруашылықтың əр саласындағы кəсіби сөздер қазақ тілі лексикасының толығу, баю жолдары арқылы қалыптасқан.
Кəсіби сөздердің көпшілігі тілдің сөздік қоры негізінде сөз туды- ру тəсілдері арқылы байырғы сөздерден қалыптасқан. Мысалы, сөз тудыратын жұрнақтардың көмегімен жүйек (мақта, темекі, қызыл- ша т. б. егіндердің қатары, егілген жолы), ауыздама (суды шамалы жерге жайып тұратын шолақ арық), көтерме (ой жерде екі жақ то- пырағын көтеріп жасаған арық).
Жалтырауық (шортан, жайын қабу үшін ақ қаңылтырдан балық тəрізді етіп жасаған құрал), жетек (сырыққа байланатын кендір ар- қан), жұтпа (үлкен қармақ), тоспай (иірімге құрылатын сүзекі ау), шөктірме (ауыр зат байланатын жіп) т. б. сөздер пайда болған.
Бірігу тəсілі арқылы: нарқызыл (қызыл бидайдың тез пісетін түрі), қоянаяқ (тарының сорты), əбеқоңыр (бидайдың орташа шығымды- лығы), тұлықтас (астық бастыратын тас), қарашағырмақ (бекіре, шоқыр балықтарын аулаудың тəсілі), иінағаш (ау тоқитын ағаш ине), қаракөз, айнакөз, қызылкөз, қарабүрге, қызылқанат, қылышбалық (ба- лық атаулары) т. б. сөздер пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет