Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла


Бау-бақша егісімен байланысты сөздер



бет10/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
диалект сөздік

Бау-бақша егісімен байланысты сөздер. Пашақ//башақ. Қауын- қарбыздың дəні. Аскелдінің пашағы ірі болады (Гур., Маңғ.).
Кешір (Түрікм., Ашх.). Сəбіз. Орынбор қазақтары сəбізді ешкіқұй- рық дейді.
Пісте. Күнбағыс, семішке. Биыл пістені көп ектік (Шымк., Са- рыағ.). Қызылорданың кейбір аудандарында айғабақ//айғабағар дейді. Шалғам. Редиска. Біраз жерге шалғам септім (Жамб., Шу). Парняк-
терде шалғам егу аяқталды («ЛЖ», 1. 03. 64).
Бəдірен. Қияр. Осы колхозда биыл бəдірен аз егілді (Шымк., Мақт.). Оңтүстік сөйленістерде қауын-қарбызға байланысты көптеген кə- сіби сөздер бар. Мысалы, қарбыз сөзі оңтүстік аймақтарда дарбыз түрінде айтылады. Семей облысы Мақаншы, Үржар аудандарының тұрғындары қарбызды қауын дейді де, қауынды діңке дейді. Қауын-
ның мынандай түрлері бар:
Күлəсəн//патсайы қауын. Сары ала, үсті тор-тор болады.
Торлама. Тəтті қауынның бір түрі.
Əміре//шартылдақ əміре. Іші қызыл, қабығы жұқа тəтті қауын.
Қауыншек. Қақтаған қауын. Бұны қақ деп те атайды. Жеп көрдің бе алтындай қауыншекті, Жер шарына оның да даңқы жетті (Н. Беке- жанов).
Əңгелек. Ерте пісетін қауынның кішкентай түрі. Дəукен атайдың
əңгелегі шығыпты деген сөз тарап кетті (Н. Серəлиев).
Дəмбілше. Ертерек пісетін қауынның бір түрі. Аспай-саспай қи- мылдап, əлгі əкелген дəмбілшесін жарды (Қ. орда, Жал.).
Қазақы//кемпір қауын. Түсі сары, кейде көкшіл, жұмсақ қауынның бір түрі.
Бұлардан басқа қауынның басыбалды, күлəбі, ақ набат, ақ ұрық, қызыл ұрық сияқты түрлері кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет