Lythrum salicaria L. дәрілік өсімдігінің геоботаникалық және фитохимиялық ерекшеліктері



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#117752
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
статья
Кескін карта а Солт стік Америка, Орталы ж не Шы ыс Азия тарихи

Н.М.Хабитканова1 , М.С. Курманбаева1 .

1Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., e-mail: nkaznu@gmail.com


Lythrum salicaria L. дәрілік өсімдігінің геоботаникалық
және фитохимиялық ерекшеліктері.

Мақалада әр түрлі өсу жағдайынан алынған талжапырақ тергүл Lythrum salicaria L. дәрілік өсімдігінің тамыры, сабағы және жапырақтарының салыстырмалы анатомиялық құрылысы қарастырылды және жапырақ ұнтағынан фитохимиялық құрамы зерттелді.


Біріншіден, әр түрлі өсу жағдайындағы нүктелерде кездескен Lythrum salicaria L. өсімдігінің тамыры, сабағы және жапырақтарының анатомиялық құрылысы Страсбургер-Флемминг әдісімен фиксацияланып, зерттеу жалпы қабылданған әдіс бойынша жүргізілді. Екіншіден, осы нүктелерден жиналған Lythrum salicaria L. өсімдіктері жапырақтарының үгіндісі масс-спектрометрикалық детекторлаушы газды хромотография (Agilent 6890N/5973N) арқылы анықтау әдісімен жоғары дәлділікпен анықталды.


Анатомиялық құрылысын зерттеу барысында, Лакин Г.Ф. мен Удольская Н.Л. әдістемелері арқылы, сонымен қатар, Microsoft Office Excel 2013 бағдарламасы көмегімен далалы аймақ пен орманды аймақта өсетін өсімдіктердің морфометриялық көрсеткіштері сабақ пен тамырда ауытқыса, жапырақта айтарлықтай өзгешелік байқалмағаны анықталды. Ал, фитохимиялық құрамын анықтау барысында, Lythrum salicaria L. жапырақтары құрамында 13 түрлі қосылыстар кездесетіндігі айқындалды, көп мөлшерде қышқылдар, нақтылай келе стеарин қышқылының пайыздық мөлшері ең жоғары (43%), сондай-ақ лупеол (10%), пальмит қышқылы (10%) болатындығы анықталды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет