Зерттеу нәтижелері және оларды талдау
Морфологиялық құрылысы:
Өсімдіктің ғылыми атауы - Lythrum латын тілінен аударғанда "төгілген қан" дегенді білдіреді, бұл қан кеткенде тоқтату қасиетіне байланысты. Salicaria - деген түрдің атауы тал жапырағына ұқсас өсімдіктің шығыңқы, жіңішке жапырақтарына ұқсас болуынан шыққан. Дербенник деген орысша атауы - батпақты жерлерді белгілейтін "дерба" ескі сөзімен байланысты, ол батпақты, ылғалды жерлерді ұнататынына байланысты берілсе керек. Халықтық атауы – жылаңқышөп (плакун-трава) - тергүлдің қызықты ерекшелігіне байланысты. Ылғалды, сондай-ақ жылы және құрғақ ауа-райында оның жапырақтарынан көз жасына ұқсас су тамшылары ағып тұрады. Өйткені, тергүлдің жапырағының төменгі бетінде артық ылғалды шығарып отыратын устьица саңылаулары орналасқан. Бұл "жас" өсімдіктің ертеде Құдай ананың көз жасы тамған жерде өскен деген аңызбен байланысты. Сондай-ақ жылаңқышөптің шоғын жылаңқы, мазасыз баланың жастығының астына қойса тыныштандырады деген.
Талжапырақ тергүл халық нанымы бойынша көптеген сиқырлы қасиеттерге ие. Иван Купала түнінде қазылған өсімдіктің тамырын Құдай Анаға, емші Пантелеймонға және ғажайып шебер Николайға дұға жасай отырып шіркеуде тазартқан (аластаған). Аласталған тамырдан жасалған кресті өзімен бірге алып жүру аурулардан сақтаған.
Талжапырақ тергүлдің пайдалы қасиеттері әртүрлі халықтардың дәстүрлі медицинасында қолданылған. Ресейде өсімдіктің жас жапырақтарын қан кетуді жеңілдету үшін қанды жарақаттар мен кесілген жерлерге басқан. Тергүлден жасалған шайды бас ауырғанда ішкен. Жылаңқышөп "әйел ауруларынан", соның ішінде жатырдан қан кету және венерологиялық аурулардан емдеген. Тамыры жуан, сүректі. Төменгі жапырақтары әдетте қарама-қарсы (супротивті), сирек шоқты; жоғарғы жапырақтары кезекті, созылыңқы, ұзындығы 10 см дейін. Гүлдері көп, жұлдызша тәрізді, кішкентай, диаметрі 1 см-ге дейін, гүл жапырақтардың қолтығында орналасқан, тығыз масақ гүлшоғырына жиналған. Күлте жапырақшалары күлгін түсті, ұзындығы 14 мм дейін. Жемісінің ұзындығы 3-4 мм, созылыңқы-сопақ қорапша, тұқымдары ұсақ. Шілде-тамыз айларында гүлдейді, тамыз айынан бастап жеміс береді. Бөліну арқылы және тұқымдарымен көбейеді.
Анатомиялық бағалау:
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 2-нүктеде, яғни далалы және таулы аймақта өскен талжапырақ тергүл өсімдігінің анатомиялық құрылысын салыстырмалы зерттеу барысында ерекшеліктер айқындалды. Тамырының анатомиялық құрылысы: Lythrum salicaria L. тамырының анатомиялық құрылысын зерттеу барысында, тамырын 1 қатар ризодерма клеткалары қоршаған. Ризодерма астында склеренхима қалың қабатты сақина түзген. Механикалық ұлпаға жатады, қаттылық, беріктік береді. Алғашқы қабықты толығымен склеренхима толтырған, паренхима көлемі аз мөлшерде. Орталық шеңбер кеңейген. Флоэма, камбий және ортасында ксилема түтіктері қалыптасқан. Орталық шеңберде ксилема түтіктері ірі болып келген 68-71мкм. Морфометриялық көрсеткіштерін салыстырып көргенімізде, дала жағдайында тамырдың диаметрі кеңейген 2197,5-2668,9 мкм, бірақ орманды жағдайда ксилема көлемі артқан. Басты ерекшелік дала жағдайында склеренхима қалың сақина түзген, суретте және Lythrum salicaria L. тамырының анатомиялық құрылысының салыстырмалы морфометриялық мәліметтері 1-кестеде берілген.
А Б
Сурет 1- Lythrum salicaria L. тамырының көлденең кесіндісі: үлкейтілуі. 100. А-1нүкте, Б-2 нүкте
Кесте 1- Lythrum salicaria L. тамырының анатомиялық құрылысының салыстырмалы морфометриялық мәліметтері
Вариант
|
Ризодерма қалыңдығы
мкм
|
Алғашқы қабық
қалыңдығы
мкм
|
Орталық шеңбер диаметрі
|
Ксилема аймағы
|
1-нүкте
(жазық дала)
|
29,1±0,015
|
698,6±0,09
|
2668, 9±0,5
|
68, 8±0,09
|
2-нүкте
(орманды аймақ)
|
25,2±0,015
|
578,7±0,09
|
2197,5±0,5
|
71, 8±0,09
|
Сабақтың анатомиялық құрылысы: Lythrum salicaria L. сабағының көлденең кесіндісінен зерттеу барысында, сабақтың 4 қырынан өсінділер байқаймыз. Өсінділерде шырышты бездер болуы ықтимал. Эпидермис клеткалары сабақтың сыртын қоршай орналасқан, алғашқы қабықта склеренхима клеткалары сақина түзе орналасқан, арасында бір қатар паренхима сақина түзген, сосын тағы бір қатар склеренхима орналасқан. Флоэма да шеңбер құраған, камбий қабаты да қалың болып келген. Өткізгіш ұлпа біртұтас шоқсыз құрылысты, өзек кеңейген ромб тәрізді, 2-сурет, 2-кесте. Морфометриялық көрсеткіштер әртүрлі белгіге байланысты ауытқыған, далалы аймақта эпидермис қалыңырақ болса, орманда ксилема түтіктері жақсы дамыған, өзек орманды аймақта кішірейген.
А Б
Сурет 2- Lythrum salicaria L. сабағының көлденең кесіндісі: үлкейтілуі. 100. А-1нүкте, Б-2 нүкте
Кесте 2- Lythrum salicaria L. сабағының анатомиялық құрылысының морфометриялық мәліметтері, мкм
Вариант
|
Эпидер-ма қалыңдығы
|
Алғашқы қабық қалыңдығы
|
Флоэма
|
Камбий
|
Ксилема
|
Өзек паренхимасы
диаметрі
|
1-нүкте
|
29,2±0,8
|
330,7±2,1
|
15,4±0,1
|
65,1±3,1
|
350,4±7,1
|
2500±6,2
|
2-нүкте
|
26,8±0,9
|
337,3±3,1
|
17,6±0,2
|
52,9±7,3
|
364,7±6,1
|
2304±8,4
|
Достарыңызбен бөлісу: |