– мәндері «мән» данасынбірмәнді анықтайтын
атрибуттар жиынтығы.
Сыртқы кілт – мән арасындағы байланыстарды көрсету үшін
қолданылатын атрибуттар жиынтығы.
Байланыс – қарастырылып отырған пән саласы үшін маңызды екі мән
арасындағы аталған қауымдастық.
Байланыс - бұл пәндік салада орын алатын
мәндер арасындағы қарым - қатынас болатын құрал. Байланыс етістіктің
грамматикалық айналымымен сипатталатын атау берілуі мүмкін. Осы екі нысан
арасындағы әрбір байланыс аты бірегей болуы керек, бірақ модельдегі
байланыс аттары бірегей болуы міндетті емес.
Байланыс –
мәндер арасындағы ассоциациясы (байланысы), көрінісі 10-
шы суретте көрсетілген.
10 сурет – Екі мән арасындағы байланыстың графикалық көрсетілімі
Байланыс екі (бинарлық), үш (тернарлы) және одан да көп мәндер
арасында болуы мүмкін. Жиі бинарлық пайдаланылады. Байланыстар келесідей
жіктеледі:
" Бірге - бір" байланысы (1:1): А мәнінің әрбір данасына В мәнінің бір ғана
данасы сәйкес келеді және керісінше. Екі бағытты байланыс.
" Біреуі - көпке" байланысы (1:N): Бұл А мәнінің әр данасына В мәнінің бір
немесе бірнеше данасына сәйкес келетін байланыс түрі, бірақ В
мәнінің әр данасына А мәнінің тек бір ғана данасына сәйкес келеді.
"Көпке – біреу " байланысы (N:1): Бұл алдыңғы байланыстың кері байлансы.
"Көпке - көп" байланысы (N:M): Бұл А мәнінің әр данасына В мәнінің бірде -
бір, бір немесе бірнеше данасына сәйкес келуі мүмкін, және
керісінше де В мәнінің әр данасына А мәнінің бірде - бір, бір немесе
бірнеше данасына сәйкес келуі мүмкін.
32
11
сурет – Байланыстардың графикалық түрдегі көрсетілімі
Жоба туралы ақпаратты графикалық диаграммаларды пайдалана отырып,
мәні, атрибуттары және қатынастары бойынша ерекшеліктерді құрастырумен
ресімдейді. Диаграммада:
-