Ж. С. Нурпеисова аж – дегі мәліметтер базасы


–  өріс мазмұнын бейнелеу тәсілін береді.  Қолтаңба/Подпись –



Pdf көрінісі
бет50/106
Дата27.10.2023
өлшемі3,46 Mb.
#188624
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   106
Байланысты:
Нурпеисова-Ж.С.-АЖ-дегі-мәліметтер-базасы

 – 
өріс мазмұнын бейнелеу тәсілін береді. 
Қолтаңба/Подпись
– 
сәйкес өріс атына басқа атауын береді. Бұл 
пайдаланылатын өріс атына қарағанда ұзын және түсінікті атау болуы 
керек жағдайда пайдалы. 
Енгізу 
маскасы/Маска 
ввода
 
– 
енгізілген 
символдарды 
тексеруді 
автоматтандыруға мүмкіндік беретін формат береді. Енгізу маскасы 
деректердің позицияда қандай мөлшерде және қандай типте 
енгізілетінін көрсететін тұрақты символдардан (жақша, нүкте немесе 
дефистер) және арнайы символдардан тұрады. Енгізу маскасы 
деректердің анықталған форматқа және де әр позицияға енгізілген 
мәннің берілген типіне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Енгізу маскасын 
беру үшін пайдаланылатын символдар 1.2-кестеде көрсетілген. 
Үнсіздік бойынша қабылданған мән/Значение по умолчанию

өріс мәні ретінде 
автоматты түрде тағайындалатын мәнді береді. 
Мәнге қойылатын шарт/Условие на значение
-
өріске енгізілетін деректерге 
қойылатын шартты анықтайды. Енгізілетін деректер көрсетілген 
шартқа сәйкес емес болса қате туралы хабарлама шығады. 
Қате туралы хабарлама/Сообщение об ошибке
– 
деректерді енгізу кезінде 
Мәнге қойылатын шарт
қасиетінде көрсетілген шарт орындалмаған 
жағдайда шығатын хабарламаны анықтайды. 
Міндетті өріс/Обязательное поле

деректер қорын толтырғанда берілген 
өрісті міндетті түрде толтыруды қажеттігін анықтайтын қасиет. Егер 
бұл қасиет мәні «иә» болса, онда жаңа жазба енгізу кезінде осы өріске 
мән енгізу қажет. Бос (Null) мәндер бұл өрісте жіберілмейді. 
Индекстелген өріс/Индексированное поле
– е
гер өріс индекстелген болса, онда 
жүйеде ДҚБЖ құралдарымен деректерге енуді жылдамдатуды 
қамтамасыз ететін берілген өрістің мазмұнының реттелген тізімі 
құрылады. Индекстелген өрістің «Жоқ» қасиетінің: «жоқ» (мәні 


59 
бастапқы келісім бойынша) – индекс құрылмайды; «иә» (сәйкестіктер 
жіберіледі) – индексте қайталанатын мәндер жіберіледі; «иә» 
(сәйкестіктер жіберілмейді) – қайталанатын мәндер индексте 
жіберілмейді. 
1.2-кесте - Енгізу маскасын беру үшін пайдаланылатын символдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет