Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
бет 108/220 Дата 27.01.2022 өлшемі 296,97 Kb. #115097
Байланысты:
алгоритм Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады , оны пайдалану төмендегідей даярланады.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты , бір рет қолданылатын шприцті , 70% спиртті, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.
Іс-әрекет алгоритмі:
Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып , спиртке ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен тазартыңыз.
Қолынызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып , оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.
Поршень жағынан орауды ашыңыз.
Ораудағы шприцті шығарып , иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.
Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын саусақпен үйкенкіреп бекітіңіз.
Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып , поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып , шприцтен ауаны шығарыңыз , иненің өткізгіштігін тексеріңіз.
Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: