Ж. Т. Сарбалаев филология ғылымының докторы, профессор



бет2/11
Дата02.02.2017
өлшемі1,04 Mb.
#8484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тапсырмалар



1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

3. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз, қазақ тіліне тән дыбыстарға назар аударыңыз:

өнер, бояу, мөлдір, құнды, туынды, көрме, хат, тұрмыс, құттықтау, алабажақ, мұқаба.



4. Көп нүктенің орнына «о» немесе «ө» әрпін қойып жазыңыз:

м...лдірлік, б...яу, к...рініп, к...п, ...те, к...птеген, ...нер, к...рме, қ...салқы, қ...лданбалы, б...ліну.



5. Берілген сөздерді жуан, жіңішкелігіне қарай топтап жазыңыз:

Атау, шығарма, көрме, керек, жігін, жұмсақ, қолдану, каталог, жазылады, қосалқы, суретшілер, бояу, түс, тұстар, мөлдір, қағаз.



6. Көп нүктенің орнына «қ» немесе «к» әрпін қойып жазыңыз:

гре...тің, ...үнделікті, ...ітап, ...осалқы, ...елсе, ...олданбалы, мұ...аба, ...өрме, ...ораптар.



7. Көп нүктенің орнына «н» мен «ң» әрпін қойып көшіріңіз:

іші...е, о...ың, ә...гіме, ө...ер, салы..ған, мәселе..., қолы...ан, шы...ы, туы...ды.



8. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: өнер, суретші, қосалқы.

9. Қазақ тіліне аударыңыз:

Графика – искусство изображения предметов линиями и штрихами одного цвета. Основа графики – линия. пятно, контраст. Графика — вид изобразительного искусства, использующий в качестве основных изобразительных средств линии, штрихи, пятна и точки. При рисовании графикой обычно используют не больше одного цвета, в редких случаях — два.



10. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз:

– 1980 жылдары танылған график суретшілер кімдер?

– Олар Василий Тимофеев пен Қайырбай Зәкіровтің туындылары. Осы туындылар 1980-1990 жылдары жоғарғы бағаға ие болды. Еңбектері: «Қазақтың белгілі қайраткерлері» атты сериясында Әль-Фараби, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ж.Жабаев портреттерін өте нанымды бейнелеген. Аман Батығалиев, Қадырбек Каметовтардың еңбектері: «Менің өлкем», «Дала әуендері» т.б.

11. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.


2-тәжірибелік сабақ
Әдебиет, музыка, живопись – барлық ұлы да тамаша нәрселерді нақты бейнелейді, ол ата-бабаларымыздың даналық сөздері мен олардың еңбектері – өмірді танудағы нақты, күшті, мықты құрал, күрестің күшті қаруы болып табылады.

Бауыржан Момышұлы

Живопись өнері

Живопись - ең бір ежелгі өнер. Ол көне дәуір мен Қайта өрлеу дәуірінде де Ежелгі Египет пен Грецияда да өмір сүрген.

Живопись шеберлері әр заманда әр түрлі әдіс қолданған. Ол көбіне - көп қандай тәсіл, қандай бояудың пайдалануына тікелей байланысты. Мәселен, Қайта өрлеу дәуірінің шеберлері салған суретте қай бояудың қалай жағылғаны, қыл қаламның кенеп бетіне қалай тигені байқалмайды. Ол үшін олар негізгі бояу кепкеннен кейін үстіне жұқалап, үстеме түссіз бояу жағатын болған. Мұндай әдісті "лессировка" дейді.

Кейін суретшілер қылқаламның ізін жасырмауды әдетке айналдырды. Біреу кенепке бояуды қыл қаламның ұшын тиер- тигізбес қып жұқалап жағады. Екіншілері бояуды баттитып - баттитып батыл жағады да, өзіне керек реңкті бірте - бірте сатылап емес, бірден табады. Мұндай әдіс бейнелеп отырған нәрсенің түрі мен көлемін дәл жеткізуге көп септік жасайды.

Живопись станоктік және монументтік деп екіге бөлінеді. Суретші әдетте суретін, мольберт немесе станок деп аталатын тиянақ тағанға қондырылып, жақтауға керілген кенепке салады. Мұндай шығармалар станоктік живопись деп аталады. Ал «монументтік» деген сөздің өзі - ақ бір ересен үлкендіктің мағынасын береді. Монументтік живопиське үйлердің немесе сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығармалар жатады.

Сөздік

Шеберлер мастера

Әр заманда в разные эпохи

Әдіс способ

Тәсіл метод

Тікелей байланысты непосредственно связано

Қайта өрлеу дәуірі эпоха возраждения

Қыл қалам кисточка

Кенеп холст

Байқалмайды не замечается

Жұқалап тонко

Ізі след


Тиер - тигізбес не значительно

Бірте - бірте постепенно

Бейнелеу изобразить

Тиянақ таған мольберт

Сыртқы қабырғалар наружные стены
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

1) Живопись қай дәуірдегі өнер?

2) «Лессировка»-әдісі дегеніміз не?

3) Живопись қандай түрлерге бөлінеді?

4) Станоктік живопись дегеніміз не?

5) Монументтік живопись дегеніміз не?


Назар аударыңыз!


Үндестік заңы
Қазақ тілінде сөздің жасалуы мен өзгеруі үндестік заңына бағынады.

Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір - біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы дейміз.

Үндестік заңы 2 түрлі болады:

1) Буын үндестігі;

2) Дыбыс үндестігі

Сөздің соңғы буынының жуан немесе жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да жуан немесе жіңішке болып жалғану заңдылығын буын үндестігі (сингорманизм) деп атаймыз. Мысалы: өнер - де, көрме-сі.

Бұл заңдылыққа бағынбайтындар:

а) Көмектес септігінің - мен, - бен, - пен жалғаулары; Мысалы: қыл қалам - мен, реңк- пен.

ә) Меншіктілікті білдіретін - нікі, -дікі, - тікі қосымшалары;

Мысалы; көрме -нікі, маман - дікі.

б) - паз, - қор, - қой, - гөй, - хана, - ист, - изм қосымшалары;

Мысалы: сән – қой ,өнер - паз, шебер - хана.

Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі екі сөздің жігінде дауыссыз дыбыстардың бір - біріне әсер ету нәтижесінде өзгеруін дыбыс үндестігі немесе ассимиляция деп атайды.

Дыбыс үндестігінің 2 түрі бар:

Ілгерінді ықпал

Кейінді ықпал



Ілгерінді ықпал

1. Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі сөздер аралығында алғашқы дауыссыз дыбыстың кейінгі дауыссыз дыбысқа әсерін ілгерінді ықпал деп атайды:

2. Қатаң дауыссыздар мен б, в, г, д дыбыстарына аяқталған сөзге қатаң дауыссыздан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: Сурет -тер, кәсіп – кер;

3. Ұяң дауыссызға аяқталған сөзге жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысы ұяң болып келеді. Мысалы: Негіз - дері, күмбез - дер.

4. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді дауыссыз болғанда қосымшаның бастапқы дыбысы ұяң немесе үнді дауыссыз болады. Мысалы: Жұмысшы - лар, жасанды - лар.

5. Түбірдің соңғы дыбысы үнді дауыссыз болса, қосымша үнді немесе ұяң даыссыздан басталады. Мысалы: Қор - дың, материал - дың.

6. Түбірдің соңғы дыбысы ш болып, қосымшаның бастапқы дыбысы с болса, айтылуда с - ш дыбысына айналады. Бірақ жазуда қосымшаның алғашқы түрі сақталады. Мысалы : Аш-са (ашша).
Кейінді ықпал
Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі сөздер аралығында кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсерін кейінді ықпал дейді.

1. Қ, к, п қатаң дауыссыздарына аяқталған сөзге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, бұл қатаң дауыссыздар ұяңға айналады. Мысалы: Тірек - тірегі, сұйық - сұйығы.

2. Түбірдің соңындағы н дыбысы одан кейінгі б, п дыбыстарының әсерінен айтылуда м дыбысына айналады. Мысалы:

Сәрсенбі - сәрсембі.




Тапсырмалар
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

3. Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемді толықтырыңыз:

а) (Некоторые работы художника ) топтасып, жинақталып, жалпы және арнайыға бөлінеді.

б) (Қыл қалам, жақтау, тиянақ таған) сурет салуға қажетті құралдар.

4. Сөйлемдерді аяқтаңыз, орыс тіліне аударыңыз :

а) Живопись станоктік және монументтік деп ... ...

б) Мұндай әдісті ... ... ....

в) Қайта өрлеу дәуірінің ....

г) Живопись - ең бір ... ...



5. Берілген сөздерге тиісті жалғауларды жалғаңыз:

Сұрақ(і, ы)өнім (дар, дер.), өмір (ды, ді.), бұйым (дар, дер.), сурет (тар, тер.), көрме (сы, сі.), бояу (ы і.), жүрек(і, ы), шебер (лар, лер.), қонақ (ы, і), кенеп (ы,і.), кескін (ды, ді.), кеңістік (та, те.), әдістер (ды, ді.), кешен (нан, нен.), монумент (тық, тік.).



6. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Живопись – вид изобразительного искусства, воспроизводящий предметы и явления реального мира с помощью красок. Основа живописи – цвет.

По назначению живопись бывает:

Монументальная живопись - всегда соединена с архитектурой.

Станковая живопись – картины очень многообразные, могут быть написаны маслом, акварелью, гуашью.

7. Сөйлемдерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Затқа қарап сурет салғанда қағаз бетіне нәрсенің жоғарғы және төменгі шекараларын белгілеп алу керек. Суреттің шекараларын белгілегенде нәрсенің негізгі пропорциялары белгіленеді. Егер осы кезде қателіктер кетіп, ол дер мезгілінде түзелмесе, онда нәрсенің формасы дұрыс шықпайды, сурет мүлдем жарамсыз болуы мүмкін.



8. Көп нүктенің орнына «ы» немесе «і» әрпін қойып жазыңыз:

Көлеңкеге тығ...лып,

Көс ...леді күш...гім.

Күн көзіне бұйығ...п,

Маужырайды мыс...ғым.

(М. Хакимжанов)



9.Эпиграфта берілген Бауыржан Момышұлының сөздерін түсіндіріңіз.
3-тәжірибелік сабақ.
Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек.

Біз баға жетпес білім қорын арттырып,

Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек.

Н.Ә. Назарбаев

Мүсін өнері
Мүсін - ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның "Sculpere" - қашау деген сөзінен шыққан. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі - бояулар; суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады.

Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған мінез - құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет - әлпетінен, қимыл - қозғалыстарынан аңғарамыз; тіпті мүсінделген адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр танытып тұрады.

Металдан мүсін жасау үшін оның моделі жасалады, сосын сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнері шығармаларындай мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын станокты және монументтік түрге бөлінеді.Статуя - адам бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет